«Көгілдір ақымақ» және заманауи өнер туралы боқ сасыған пост
Скатол атты органикалық қосынды бар. Аз мөлшерде ол хош иісті гүлдің жұпарына ие. Сол себепті де, оны парфюмерия мен темекі өндірісінде, тіпті, азық-түлік өнеркәсібінде қолданады. Ал, сол қоспа көп болса, боқ иісі шығады. Кәдімгі боқ! Қазіргі, заманауи өнер де сол ма деген ойға келдім, бір апта турасында.
Ол ойға итермелеген — осыдан дәл бір апта бұрын Мәскеудегі «VLADEY» аукционындағы заманауи өнердің көктемгі сатылымындағы ең қымбат картина – Иван Чуйковтың 1971 жылы салынған атсыз туындысы — №16 ЛОТ – 85 мың еуроға сатылғандығы болды. Менің ойым: бұл сурет – таза хуйня!
Бірақ, бұл суретте әйтеуір, әлдебір еңбек бар ғой. Бұдан да мағынасыз дүниелердің бұдан да сорақы бағаға сатылып жатқаны бар.
Әлбетте, мәмбеттің (атам Мәмбетқұлды тап осылай һәм кіші әріппен атай береміз) ұрпағының ва үшінші сыныпта асфальтқа сурет салудан бірінші орын алып, соған масаттанып, қылқалам өнерінің теориясы мен тарихына аз-мұз қызығушылық танытып келе жатқан қарапайым өлімдінің пікірін 80x57 тақтайға эмальмен салынған суретті 16 жарым млн теңгеге сатып ала алатын адамның тіккені бар ма?!
Бірақ, мен бәрібір, мұны боқ деймін. Сатып жатқандары да, сатып алып жатқандары да – боқ! Өйткені, бұл қауым – көтентесті, тойыс, көкейкесті деп аталып жүрген заманауи өнерді бағалаушылар, шынында да кәдімгі боқты сатып алуға дайын. Кәдімгі боқ болғанда, консервіленген боқ. 30 грамм алтыннан 100 есе қымбатқа бағалайды, 30 грамм кәдімгі консервідегі боқты. Кәдімгі консервідегі боқ болғанда, осыдан жарты ғасырдай бұрын италян суретшісі Пьеро Мандозидің тышқан боғын. Тышып-тышып, тоқсан банкіге салып, әрқайсысына жеке нөмір беріп, сыртына төрт тілде (италян, ағылшын, неміс және француз) «Суретшінің боғы» («Merda d’Artista») деп жазып, Ұрымның Pescetto галереясында сол кез курсымен 1 троя унциясына пара-пар бағамен сатқан боғын.
Мұны – заманауи өнер деп атайды. Бұ қалпында аталған өнер өткен ғасырдың 60-70 жылдары қалыптасқан. Ол кездердегі шығармашылық ізденістерді модернизмге балама іздеу деп бағалауға болады. Кейде, бұл ізденістер – модернизм қағидаттарына түбегейлі қарама-қайшы шығу секілді қарабайырлыққа да әкеліп жатты дейді сол кездің жылнамашылары. Әлгі, біреудің есігінің алдына тышып, сосын, есігін соғып қашып кетсең, ол – есерлік, ал, алдымен есігін соғып, сосын, сол жерге тышып отырсаң, ол – перфоманс деп аталатын құбылыстың да кеңінен етек алуы сол кез.
Содан бертін әр суретшінің әр тыша салған еңбегіне ондаған рецензиялар жазылды. Өнердің осы саласында талай маман жүздеген кітап жазды. Заманауи өнердің мағынасын түсінуге, түсіндіруге тырысқан мыңдаған мақала жазылды. Қысқасы, теориялық тұрғыда ауқымы жөнінен практиканы он орайтындай еңбек атқарылды. Бірақ, бір қызығы сол – данагөйлер қарапайым суреттің басы мен көтін айыра алмайды. 1961 жылы Нью-Йорктегі Заманауи өнер мұражайында Анри Матисстің «Қайық» атты картинасы қойылады. Ай жарым уақыт өткеннен кейін ғана, біреу аталған суреттің көтінен кері ілініп тұрғанын байқаған екен. Ал, олар, бізге құдды кенептің қасында тұрып іші өтіп кеткен біреудің «тышындысын» – өнер деп бағалап, түсіндіріп бергісі келеді. Түсінбесек: әлбетте, генийлерді түсіну екінің бірінің маңдайына жазылмаған дейді. Оның үстіне, сурет секілді нәзікен өнерде.
Бірақ, бәрібір, басты сұраққа жауап жоқ – заманауи өнер деген не? Менің жауабым: боқ! Сіздің ше?

айтпақшы сол Моно еркек екен дейді, дәлелі бар көрінеді,
Ұқсамайтын ит мейлі көрініп тұр /2 200 000 $/, "Қан қызыл айна" дегенің полотнога құйылған тек бояу. 1000 000 $?
Бәлкім мен ештеңе түсінбеймін…
Негізі, бәрін бүлдірген авангардистер ғой. Өзгеше ойлау немесе өзгеше ойлауға тырысу осының бәрін тудырған. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары музыкалық авангардизм де белең алған. Консерві банкілерімен даңғырлату, виолончельді ойнап отырып, шешіну сияқты элементтерді Нью-Йорктегі Бродвей көрермендері де ду қол шапалақпен қарсы алған деседі. Ұятқа қалмау үшін шығар бәрі.
ПС: Маған Келін фильмі ұнайды.
p.s. біз салсақ осылай бәрібір ешкім алмас еді