Демалыс!

Еңбек демалысы!
Жыл бұрынғы жоспар бойынша Астанаға барамын деп жоспарлап едім. Ары Бурабай, тарихи орындар деп ойластырған тұғым. Бірақ, ол кезде келесі жылы қандай жағдайлар болып кететінін ескермеппін.
Ауылда боламын деп отырмын демалыста. Кітап оқуға уақыт таппай жүрген едім. Жиналып қалды кітаптар. Барлығын алып кетіп, біртіндеп қарап шығамын Алла бұйыртса.
Ауылда жүрген әр күнің демалыс қой. Шомылғың келеді ма, Сырдың суы ауылдың жанынан ағып жатыр. Ауылдағы ең көрікті жердің бірі осы Сырдан салынған көпір. Жаз кезіде алыстан қонақ келсе, осы көпірге апарып, Сырдың жағасына дастарқан жайып тастап күтесің. Күн ысығанда жағасынан адам үзілмейді. Ауылға ең жақын орналасқан халық тығыз орналасқан елдімекен Арыс қаласы. Осы Арыс қаласынан, әсіресе орыстар көп келеді демалуға. Негізі, орыс халқы қалай демалу керек екенін біледі. Тоғайдың арасында, дарияны жағалып, өздерінің барлық керек жарағына алаып келеді, түнемеге де қалады. Мектеп кезінде оқығаным бар еді, "қысыр әңгіме" деген газеттен, «бір жігіт бойында қуаты тасып тұрған, ауылында мал іздеп, тоғай аралап келе жатып бір адасып қалған орыс қызды көреді. Жылап жүрген қызға шала орысшасымен, менімен махаббатпен айналыссаң, күйеуіңді тауып беремін деп түсіндіреді. Сөйтіп, тірлігін бітіріп, күйеуіне апарса, күйеуі қуанып, ақша береді. Содан, мал іздеп шыққан жігіт, олжалы қайтады.» Бірақ, біздің ауыл жақта ондай оқиға болған емес.
Уақыт тығыз болып тұр. Ощм, ауылға барып, интернетсіз демалыс өткізіп қайтамын деп отырмын!
Бөлісу:

8 пікір

ken
Мектеп кезінде оқығаным бар еді, "қысыр әңгіме" деген газеттен

Бір жылдары ОҚО-да сондай қазақша секс газеттер қаптап кетіп еді. Әлі бар ма сондай газеттер?
zhanara2013
Арыстың арланы,,,
Сол орыс қыздың біреуі маған да кездессе деген арман арқалап кетіп бара жатқан сияқтысың гой…
zhanara2013
Мына көпір кай жақта?
Arys_arlany
Бұл көпір біздің ауыл жақта ғой
zhanara2013
Толып жатыр, ондай газеттер…
Бұрынғыдай ешкім оқымайтын да шығар…
Olzhass
өкінішке қарай дүңгіршектерде кездеседі…
temir1986
ООО шіркін жазғы демалыс. Мен үшін арман ғана. Күздің соңы қыстың басы. Не қар жоқ. Не көк жоқ. Нағыз оңбаған уақыт.
Arys_arlany
Жұмыста отырып жазған болмайды, үлгере алмай қалады екенсің