Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!

Ассалаумағалейкүм Қазақ елі!
Менің атым — Ернар. Қазақ елінің патриотымын. Ұланғайыр даланы ақ найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қорғап қалған Қазақ елінің ұланымын!
Арманым — Қазақ елінің гүлденгенін көру. Әлемнің 30 белді елдері арасынан көру.
Кумирім — Қазақ елінің Тұңғыш президенті — Нұрсұлтан аға! Оны әркім жамандайды, бірақ өзім ойлаймын — егер ол кісі болмаса Қазақстанның дамуы кешеуілдеуші еді, Өзбекстан сияқты дамымай қалушы едік деп.
Бөлісу:

68 пікір

PatriotKZ
Келіңіздер, танысайық
Maka
Арманым — Қазақ елінің гүлденгенін көру.

Гүлденгенін көріп қана қоймай, еліміздің гүлденуіне ат салысуыңызға тілектеспін!!!
satibaldi
PatriotKZ
Мен сізбен таныспаймын! Сіздей малғұндар онсыз да айналамда көп.
satibaldi
Не бопты сонша маған? Мен де танысқым келед ел қатарлы!
Tyulpan
Не бопты сонша маған? Мен де танысқым келед ел қатарлы!


zhanara2013
Менімен танысасыз ба?
PatriotKZ
Сәлеметсіз бе?  Ия Сізбен танысамын
PatriotKZ
атыңыз Жанар ма? Қай жерденсіз?
zhanara2013
Демек, малғұндар категориясына кірмегенім гой…
Қуанып калдым. рахмет.
sozak
Шамасы Шымкенттен боласыз ау деймін!
Daniar-Alan
бірақ өзім ойлаймын — егер ол кісі болмаса Қазақстанның дамуы кешеуілдеуші еді,
 көңіл-күй жақсарып қалды. Баззар жоқ бырат
zhanara2013
Туууу, кішкентай балаға шүйлігіп қоймадыңдар ғой…
Daniar-Alan
Шүйліккенім емес, рахмет жаудырып жатырмын ғой қайта
zhanara2013
Бір күліп алып па а?
Ех, Дони, Дони…
Жымиыпппппп отырғаның елестеп кетті.
Құралайға «апшеаааууууу» дейтін кезің
temir1986
Патриоттар көбейе беріңдер. Бірақ тауықсызда таң атады.
neoaskar
Елің үшін ерінбе, ерлігіңе сын.
Елің үшін отқа түс, күймейсің…
Ұлтжанды болу керек, өйткені, Аллаһ тағала бізді ұлт-ұлтқа бөліп жаратқан, танып білуіміз үшін.
ұлтшыл болма, өйткені, Аллаһ тағала бір қауымды, бір қауымнан артық етіп жаратқан жоқ, бәрін бірдей етіп жаратты.
Өзгені жамандама, өзің жақсылық жаса.
Жақсылық жасасаң да ең алдымен өзіңнен баста.
Sashok
Ұлтшыл деген сөзден неге қорқамыз осы? Мен ұлтшылмын, ал. Өткенде осы туралы біреудің жазғанын оқып едім. Ұлтжанды деген малжанды, қатынжанды деген сияқты. Дұрысы ұлтшыл болар. Тек әйтеуір басқа ұлттар ренжіп қалмасын, жаман ойлап қалмасын деп қорқамыз да отырамыз. Мен үшін қазақ әрқашан да бірінші орында. Қазақстанда бір ғана ұлт бар, қалғаны — диаспора.
neoaskar
Сәке,… жанды деген сөзден қатынжанды болмайды, алдындағы тіркеске байланысты. ұлтшыл деп отырғаным нацист, яғни өз ұлтын жоғары санап, өзге ұлтты менсінбей төмен санау, қорлау, т.б. Әрине мен үшін де, діннен кейін қазақ ұлты тұрады. бірақ ол басқа ұлттарды менсінбеу деген сөз емес. Басқа ұлттар диаспор мен үшін де, еліне қарап ұлып отырған басқа ұлттарды көріп жүрміз. ертең бірдеңе бола қалса, сол еліне тайып тұруға даяр. керек десең, оралман болып келген азаматтар да қайта кетіп қалды емес пе Қазақстан бізге жағдай жасамады деп, (Елім, жерім, қағазым деп келген жасап берген жағдайға қарамай өзі әрекеттену керек, тайып тұрмай) Қазақстан кімге жағдайын жақсы жасап жатыр екен, осыған да Құдайға шүкір. ешкімнен жаман етіп жатқан жоқ, еңбек еткен адам нанын тауып алатын жағдайда. Алма піс, аузыма түс деп қарап отырсаң, басқа мемлекет саған жағдай жасап бермейді ешқашан. Өзімізді өзіміз көтермесек, ешкім де бізді көтермейді. тек алға ұмытылу керек. Діні, ғылымы және ділі қатар тұрған ел ешқашан азбайды, тозбайды. Осыны ойлауымыз керек. Дінсіз саналы ұрпақ, ғылымсыз қоғамның өсуі мүмкін емес.
Serzha
нацист — национал социалист дегеннен
asaubota
менің түсінбегенім — неге патриотпын деп жаздың? сенің ойыңша патриот емес адамдар көп пе сонда?
PatriotKZ
ия. Мысалы Сатыпалды елімнің ұлы тұлғаларын қорлап отыр. Егер патриот болса сөйтер ма ед?
asaubota
сіздің патриотпын деген сөздеріңізге таң қалдым және осы сайттағылар олай айтпағанына қарағанда олар патриот емес ау деген ойға келіп отырмын. мына сайтты жабатын шығармын.
Maka
не үшін жабасыз?
edige
Көпшілік патриот еместіктен шығар
konvict
таң қалдым

*таңғалдым
Arys_arlany
Жақсылар жақсымын деп айталмайды, жамандар жақсымын деп айқайлайды!
Соңғы түзету:
Tyulpan
не ма, ПатриотКЗ, осы сіз Батыс Қазақстан жақтан емессіз ба? ))
PatriotKZ
жоқ. Қызылжардан түбім. Қазір Алматыда жұмыс істеп жатырмын.
Serzha
көтриоттар шабуылы
PatriotKZ
Сіз неге боқтық сөз жазып жатырсыз? Қыз басыңызбен? Ұялмайсыз ба?
edige
Өзбекстан туралы толығырақ жаза аласыз ба?
satibaldi
Арманым — Қазақ елінің гүлденгенін көру.
Менің арманым — жұрт осы моментті қалай елестететінін көру
satibaldi
Арманым — Қазақ елінің гүлденгенін көру.
«Файфти эйт, файфти найн, стартиң зе просперити!». Сол-ақ екен, орталық алаңдағы гладиолустың қауызы ашыла бастады. «Бақыттымын… Бақыттымын...» деген PatriotKZ сұлап бара жатты...
PatriotKZ
мен сізді жазалаймын, көр де тұрыңыз…
Sashok
Інішек, өзіңе көп алмашиш. Сатыбалды маған ешкім де емес, просто "Әсіре қызыл тез оңар" деуші ме ед, сен сияқты «патриоттардан» қорқу керек.
asaubota
жас бала сияқты, басылады әлі. кезінде бәріміз де бұл жолдан өттік.
PatriotKZ
мен ол кисиге тиискен жокпын гой неге кыр сонымнан калмай койды
Sashok
Ол — троль ғой, сол үшін ақша алып отқан шығар. Қалай болғанда да осы сайтта жүруі тегін емес.
PatriotKZ
троль деген не нарсе? бул сайтка жазсан акша бере ма сонда?
Sashok
Википедиядан оқып тауып алш, тролль дұрысы.
satibaldi
троль деген не нарсе? бул сайтка жазсан акша бере ма сонда?
Иә, 650 символ — 45 теңге. Тек копи-паст болмасын.
Соңғы түзету:
Sashok
Тролль — бүркеншек атпен әр түрлі сайт, форумдарда пікірталастың қозуына, ұрыс-керістің тууына себепші болып, өзі соған бітіріп отыратын рухани мүгедектер. Тролль — өмірге өкпелі. Теріс пікіріне сен сияқты біреу жаны шығып шырылдап қалса, от, сонда тролльдің жаны кіріп қалады. Өзінің ешкімге керексіз, шын мәнінде түкке тұрғысыз екенін ол біледі. Біздегі тролльдер — еліктеушілер, нағыз тролльдер орыс сайттарында өріп жүр. Білуімше, саяси тролльдер де бар. Бұлар биліктің не белгілі бір топтың мақсатында жұмыс істейді.
Sashok
Бүркеншік, дұрысы.
Sashok
Дегенмен Сатыбалдының бұрынғы арыны жоқ. "Өзіңнен зор шықса, екі көзің сонда шығар" деген, бір Жомарт деген баламен айтысам деп, Сатекең фиаско боп, содан жоғалып кетіпті дейд ел артындағы аңыз.
Daniar-Alan
Жомарт деген баламен айтысам деп, Сатекең фиаско боп, содан жоғалып кетіпті дейд
" — Мен сен туралы ең есалаң қарақшы деп естігем…
— Алайда Сіз мен туралы естідіңіз"… © Капитан Джек-Торғай// «Кәріб теңізі қарақшылары» фильмінен үзінді.
Sashok
Не ғо, Данияр Алан, естігем жоқ, оқығам. Жәй солай жазғам. Сатыбалды дегеннің бар екенін осы сайттан ғана білем негізі.
Arys_arlany
Сатыбалды десе Шымкент қаласының су жаңа әкіміне тиіп кетеді екен, осының бет пердесін сыпырып, Шымкенттік Сатыбалдының имиджін жақсартатын тұлға қыламыз ау деймін.
Daniar-Alan
өй, бұл сол Сатыпалды ғой… Басқарудан іші пысқанда тусить етеді
Arys_arlany
ааа, басе кеше мешіт жақтан көріп ем, фэисбушник сиякты мешітті суретке түсіріп жатыр еді қалтафонымен
Arys_arlany
өзі троль, эх, өмір көңілсіз өтіп жатқан екен
a63a1
Құрметті уазик тфу епті… Патриот мырза!
Патриот болу жолдарын атап өтесізбе? Қалай мен патриот бола аламын? Осы сұрағыма жауапты тез арада аламын деген үміттемін! Артынала Рахмет!
Daniar-Alan
мен айтайнш, мен айтайнш
a63a1
тыныш отыр, салиқалы әңгімеге араласпай тұра тұр. Мен Патриот мырзадан үйренгім келеді, менде білгім келеді патриоттыққа жету жолдарын
mercedes
міне патриот деп мыналарды айт астана арлансқа болеть етіп отқан
Daniar-Alan
оппана, сілтемесін берш ) Біз отырмыз ғо анда
Daniar-Alan
Папарацци барлық жерде
Adiletshu
Мұндайды жуу керек қой
mercedes
myrsatayev vs arkhypenko деп жазсайш ютубқа
konvict
Ілігіп қалыппыз видеоаға. Әнебір менің алдымда отырған екі қызды украинаға жанкүйер болып отырды
AknietTanirbergenkyzy
Негізі ауқымды тақырып!!! Патриот болуды әрбір қазақ өзінен бастаса, болашағымыз жарқын болатыны айқын!!! Патриот мырза, сізге ризашылығымды білдіремін!!!
Дүбәрәнің отауы болмау үшін,
Мәңгүрттердің отаны болмау үшін,
Аждаһаның отары болмау үшін,
Иманың мен ұжданыңды жоқта, Қазағым!

Ананың ақ сүтін ақтау үшін,
Бабаның аманатын жоқтау үшін,
Отанның асқақтығын сақтау үшін,
Намысың мен махаббатыңды сатпа, Қазағым!

Тарихыңа таңба салмау үшін,
Ұрпағың ұлылығынан азбау үшін,
Ел-жұртың қор болып – тозбау үшін,
Ата салтың мен бірлігіңді сақта, Қазағым!

Отауыңның шаңырағы биік болу үшін,
Тәуелсіздіктің тұғыры нық болу үшін,
Ұрпағыңның болашағы тұнық болуы үшін,
Қанағатсыздық пен нәпсіқорлыққа баспа, Қазағым!
(Т.Ақниет)