Батылсыздық

Бүгін сенің қасыңа бара алмадым,
Жаныңа барып «сәлем» деуге жарамадым.
Баралмадым, жағалап, сығаладым,
Ертең деумен өзімді жұбатамын.
Жүрегім сен екенін сезетіндей,
Өзіңді көрсем еліріп кететіндей.
Көрсем дағы өзіңді, сөз таба алмай,
Жер тепкілеп астына түсіп кететіндей.
Арпалыстым, алыстым, жеңе алмадым,
Жүрегімнің түбіне байландың ба мәңгі арманым.
Жаралы бұл жүрекке бар ма дауа?!
Дертін тапсаң берерсің ақмаралым.
Жаным-ау, бүл халге мені қалай душар еттің?
Жеткізбейтін бір сағымға ұқсап кеттің.
Ойымша мен сені бар жаманнан ақтап қойғам,
Маралдың киесіндей сақтап қойғам.
Бірақ болсам да қалай ғашық саған
Жүзіңе қарап «сүйем» деп айта алмағам…
Бөлісу:

2 пікір

007
тақырыпты 13 жастағы дебістібінниктің басынан өткергені деп қою керек еді