Талапқа талғам таразы

Үстіміздегі жылдың 23 сәуір күні Қызылорда политехникалық колледжінде облыстық білім беру басқармасы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы және «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Талапқа талғам таразы» атты техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында даярланатын мамандықтарды насихаттайтын ақпараттық насихаттық топ құрылып, бүгіннен бастап Қызылорда облысындағы Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарына аттанды. Топтың құрамы облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері, «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшелері және де Қызылорда қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында оқитын бір топ студент жастардан құрылды.



Ақпараттық насихаттық топтың жұмысы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқасандағы Қазақстан халқына Жолдауынан, Елбасының «Әлеуметтік жаңғырту Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласынан, «Қазақстанның үдемелі индустриялдық- инновациялық дамуы мемлекеттік бағдарламасынан», «Жастар саясаты туралы» ҚР Заңынан туындайтын білім беру саласын алдындағы міндеттерді жүзеге асыру. Оның ішінде өңіріміздің өндірістік аймаққа айналуына үлкен серпін беретін индустриялдық-инновациялық жобаларды іске асыратын ірі өндіріс орындарына қажетті кадрларды дайындау бүгінгі таңның басты мәселесі болғандықтан Қызылорда қаласы мен аудандар бойынша мектеп бітірушілерінің арасында даярланатын мамандықтарды насихаттау үшін аттанды.





Қазіргі экономикалық өсудің негізгі жолының бірі ол бәскеге қабілетті өнім өндіру. Бәсекеге қабілетті өнім дегеніміз сапасы жоғары, экологиялық стандарттарға сай, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктері нәтижесінде өндірілген өнім. Бұл дегеніміз қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жоғарлату үшін шикізат өндіруден оны сапалы өңдеуге көшу деген сөз. Ал бұндай өндірісті дамыту үшін елге кәсіби және техникалық, сондай ақ жоғары білімді эрудициясы жетік, өз-өзіне сенімді, көшбасшылық қасиеттерге ие мамандар қажет. Білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталын дамыту үшін білім мазмұнын түбегейлі жаңарта отырып, білім саласында кезек күттірмей тұрған мәселелерді шешуге оң ықпал ететіні сөзсіз
Бөлісу:

9 пікір

satibaldi
Қынжылтатыны, осындай жазатындар да «интеллектуалдық қызметкер» санатына енетіні, джейонтөртіншікатегориясынсстың
Aya
Үстіміздегі жылдың
дегеннен кейін-ақ оқығыыым кемей қалд
Соңғы түзету:
Adiletshu
Неге?
Aya
Үстіміздегісі несі енді?! Кімнің үстіне кім шығып алған деп айран-асыр болып отырғаным.
Adiletshu
Бұл тіркес көп қолданады ғой
Aya
көп қолданса да, нақтылыққа келгенде бұл сөзден мейілінше қашу керек.
temir1986
Ағымдағы жыл болмаса бәлен уақытта десеген қалай
ken
Осы «ағымдағы жыл» деп жүргендері дұрыс емес. Орысшадан тікелей аударылған. Қазақша емес. Сөздері қазақша, бірақ (мен білетін) қазақ тілінде бұлай айтылмайды. «Осы жыл» болады емес пе? Немесе «бұ йыл/жыл» дегеннен шыққан «биыл» деген сөзді қолдануға болады.
Әр тілдің өз ерекшелтері бар. Сондықтан әрбір орысша сөзге қазақша балама іздеу – қателік.
temir1986
Текущий год-тың аудармасыма?