Георгий лентасын ауыстыру қаншалықты қажет?



Соңғы 2-3 күнде «Георгий лентасы» туралы пікірлер көбейіп кетті. Біршама адамдар «Ол біздің лента емес, патшалық Ресейдің таңғаны т.б.» деген пікірлер білдіруде. Тіпті кейбіреулер Оны мемлекеттік тудағы оюды пайдалану арқылы "Қазақстандық нұсқасын" қабылдайық деп те "үндеу" тастап отыр…
ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ ҚАТЫСТЫ ЖЕКЕ ПІКІРІМ:
Біріншіден, ол жай ғана белгі. ІІ-дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан орден-медальдарды әсемдеу құралы ғана. Бітті. Басқа ештеңе де емес.
Екіншіден, айналайындар-ау, ол тарих қой. Кеңес үкіметі құрамында соғысқанымызды ешкім жасырмайды ғой?!.. Тарихтың өзі болмағанмен, тіпті тарихи маңызы болмағанмен де ол белгіні аталарымыз тақты. Тағады да, музейлерде олар тұрады да. Ал, тарихты қандай күйде болса да сыйлау қажет. 90-жылдардан бері Ленин ескерткіштерін құлатып жатыр. Ия, кеңес үкіметі Қазақ халқына жайсыз болды. Бірақ қандай болғанда да ол — ТАРИХ! Орын ауыстырумен (елеусіз жерлерге орын ауыстыруымен) келісем, ал түбімен жойып, талқандап тастауға қарсымын өз басым.
Үшіншіден, әр бұрынғы одақтас республика осындай белгілерді жойса, өз тарихын өздері бұрмалап қайта жазып шықса, тарихи шындық дегеніміз қайда қалады?!..
Төртіншіден, бұл шара да, барлығын қазақшалаймыз деп «гипер» сөзін — «ерен» сөзімен, «компьютер» сөзін — «белгісаяр» сөзімен, «балкон» сөзін — "қылтима" сөзімен алмастырмақшы болып жатқан айқайпатриоттардың ісі ғана деп білем.
Түсіндірме: мен кейбіреулеріңіз ойлап отырғандай кеңестік дәуірді аңсаушы т.б. емеспін. Тәуелсіз Қазақстанның патриотымын. Бірақ, өткен тарихты бұрмалауға қарсымын!
Бөлісу:

16 пікір

ken
Біріншіден, ол жай ғана белгі. ІІ-дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан орден-медальдарды әсемдеу құралы ғана. Бітті. Басқа ештеңе де емес.
СССР ыдыраған кезде жас бала болсам да уже есімді біліп қалған болатынмын. Оған дейін мектепте бізге соғыс, Совет армиясы, қызылдардың ерлігі және тсс туралы көп айтатын. Ал мына ленточка туралы бірдеңе айтқаны мүлдем есімде жоқ.
Сөйтсем бұл ленточка кейін шыққан екен. Жаңа Викиден қарадым. Мына жерден. Былай депті:
«Гео́ргиевская ле́нточка» — общественная акция по раздаче символических ленточек, посвящённая празднованию Дня Победы в Великой Отечественной войне, проходящая с 2005 года по инициативе «РИА Новости» и РООСПМ «Студенческая община»


Ал бұл символикалық летночка, өз кезегімен, дәстүрлі екі түсті Георгиевская лентаның көшірмесі екен. Ол лента патшалы Ресейде қолданылып келген. Революциядан кейін, 1917 жылдан бері ешбір советтік мемлекеттік наградада қолданылмаған. Тек 1992 жылы ғана Әулие Георгий ордені мен Георгий кресті қайта қалпына келтіліліпті.

Сондықтан сен қателесіп отырсың, оны Ұлы Отан Соғысынан бері келе жатыр деп.
omarbirat
Сәбеттің кезіндегі 9 мамыр мерекесіне арналған открыткаларда да бейнеленіп тұратын
ken
Иә-иә, открыткаларда болатын. Сосын анау жоғарыдағы секілді суреттерде, сол суреттегі бейненің цементтен құйылған алаңдардағы мүсіндерінде көретінмін. Бірақ ол кезде бүгінгідей жаппай «лентомания» болмайтын осы күні.
omarbirat
Адамдардың өз еріктеріне қалдырғанды жөн көремін. Ардагерлермен бірге бұл үрдіс те кетеді.
ken
Лентоманиялық үрдіс соңғы жылдары қалыптасты.
izbasar
Ардагерлердің рухтары, бессмертный войн дегендер шығып жатыр!
Соңғы түзету:
izbasar
Міне шулап жатқан Лента құрметі
Осындағы әр қазақтың бабасының жанын алғандардың құрметіне жасалған лента үшін қырық пышақ болып жатырсыңдар.
Serzha
Георгий лентасын тағу — ширк!
izbasar
Оны тағу ширк емес, жаман мен жақсыны айырмаған.
izbasar
Біз жеңіскер ұлттың ұрпағымыз дейді Путин. Әрі «жеңістің көрпесін» өзіне қарай тартады. Жеңістің 70 пайызы Ресейдікі дегенге келтіреді. Мыңь жерден бабаң өлсін ол сенің жеңісің емес, орыстыкі болып қала береді.
Соңғы түзету:
omarbirat
Орыстардан тәуелсіз болайық, оларда бар нәрселердің баламасын біз де жасайық деп жүріп, оларға одан бетер тәуелді боп кетпесек екен деген ой бар.
— Аяз атаның қазақша баламасы болу керек дегендер болды.
— Әулие Валентин күніне қарсы Қозы көрпеш-Баян сұлу күнін шығардық.
— Георгий таспасына қарсы бір таспалар шығарып жатырмыз.
— Орыстың «разрешение», «пропуск», «допуск» деген сияқты мағыналас сөздерінің бас-басына «рұқсат», «рұқсатнама», «рұқсаттама» деп шұбыртып түбірлес баламалар шығарып жүргеніміз тағы бар.
Осының бәрі наққа керек деймін де. Барды бар, жоқты жоқ деп неге жүре бермеске.
Соңғы түзету:
OmarbekovOlzhas
Жын ұрды ма мұнда көбісін?  Лента қалсын және өзгертілмесін! Бұл Ұлы Отан Соғыс ардагерлеріне деген құрмет. Олардың көзі тіріде, ондай әңгімені қозғаған мүлдем ұят! Мен достарыммен бірге тағып жүрдім. Ардагерлер көріп мәз болды, болашақ әлі құрметпен қарайды екен, ұмытпапты деп. Мұнда кейбіреулер ширк деп қуып кетті!
asaubota
осыны шығарып жүрген сол өзіміздің қазақтар. бұған дейін ешкім сол ленталардан дым мағына іздемеп еді, атын да білмейтінбіз. түк зияны да жоқ еді. қатқан боқты жібітуден басқа ештеңе емес.