Мюзикл көрінісі

би өнері
Мамыр айының алғашқы күндері. Таңертеңнен бері күн бір түйіліп, бір ашылды. Ұйтқып соққан жел, анда-санда себелеген жаңбыр ешқандай романтикалық көңіл-күйдің орнауына септігін тигізбейтіні анық еді.
Бірақ, табиғаттың ауыспалы мінезі, әуен ритмі және көпшілік ортасында орындалған би -мюзикл сюжетіне бергісіз көріністі күтпеген жерден көріп қуандым. Мұхит асып, Нью-Йорктегі Бродвей бойындағы мюзикл спектакліне барғандай әсер алдым.
Көрініс қалай пайда болғанын айта кетейін. Қаламыздың ең көне және қысқа көшесі. Бас жағында тарихи мұражай паркі, соңында «Эхо» кинотеатры, қарама-қарсысында «Донер» кафесі орналасқан. Көше бойында әр жерден шатыр тігіліпті. Жәрмеңке жүріп жатыр. Бірақ келушілер тез-тез қимылдап шолуда, өйткені күн салқын. Емін-еркін жүретін күн емес.
Кинотеатр және кафе арасына көз тастайық. Бетіне күліп тұрған адамды бейнелейтін ақ маска киген, үстіне кең ак көйлек, қара шалбар басында шляпасы бар бозжігітті көреміз. Қолында флаерлер топтамасы бар. Оның міндеті жәрмеңкеге келушілерге флаерлерді тарату (флаер-жарнама жазылған бет).
Костюмі тартымды көрінбеді ме, қолындағы флаерлерді алудан жәрмеңкеге келушілер бас тартып жатты. Аяқ астынан жел соғып, бұлттар лезде төніп, жауын жауатын шақта көше бойында ритмі жоғары музыка ойнай жөнелді. Бүкіл көше бойына анық естілді. Сол кезде флаер таратушымыз бишіге айналды. Брейк данц, сосын Майкл Джексонның атақты кері жүрісін көрсете бастады. Музыка биіне сәйкес өзгерді. Жауынның алғаш тамшылары. Жәрмеңкеге келушілер жан-жаққа жауыннан қалқан іздеп, тарай бергенде, күтпеген жерде би өнерінің тамаша көрінісін көріп, жүрістерін тоқтатып, жинала бастады. Жауын жауа жөнелгенде, биші қимылы жауын астында қалған робот қимылын көрсететін пантомима қимылын сәтті жасағанда, оны қоршап алған халықтың қошаметінде қалды. Қол шатырлар табылды. Оның үстіне жастар жауынға қарамастан бишінің соңына тізіліп үш-төрт қатар түзеп, биін қайталады. Би, би спекталі бейнелеген той-думан көрінісіне айналды. Өткінші жаңбыр да басылды. Күн көзі ашылып, айнала жаздың күніне сай мамыражай болды. Соңында маскасын шешіп тағзым етті. Флаер таратып шыққанды ұмытпапты. Үш-төрт минут ішінде неше флаер беттерін таратып шыққанын біліп алдым, төрт жүзден асыпты. Осылайша өнер, табыс бір жерден табылды.
Өскемен қаласындағы Киров көшесіндегі би
Қолымда 0.3 Мп камерасы бар ұялы телефон болды, соған бишіні түсіріп алдым. Бетіндегі маскасы анық көрінеді. Бейнекамераның болмай қалғаны…
Бөлісу:

5 пікір

bizbike
суретті өзіңіз түсірдіңіз бе? Немен өңдедіңіз? Күшті
bake
сурет интернеттен алынды. Суреттің алу жолы маған белгілі
bake
жазбада кеткен қателер бар екен (( Жеңіл оқылу үшін қысқартып тастадым. Атауын да өзгертім
bake
Жаазбадағы сипатталған күні көшеде билеген бишінің фотосуретін қосып қойдым, оның өнеріне тамсанып жазбаны жаздым