Джек Воробей, Алдар Көсе, Остап Бендер - трикстерлер

Трикстер (ағл. trickster — суайт, жылмаңдаған адам) — жақсы да болса жаман, жаман да болса жақсы адамдар, образдар, кейіпкерлер. Мысалы, Алдар Көсе, Джек Воробей, Остап Бендерлер 100% «положительный» адамдар емес.


Яғни олар Атымтай Жомарт, Уилл Тернер /«Кариб теңізінің пираттарындағы» басты идеал кейіпкер/ емес. Оларға тура қарама-қарсы деп те атауға болады. Алайда трикстерлер халықтың сүйіктілері болып келеді. Тіпті адал, батыр, моралі мықты кейіпкерлерден гөрі халық қу, ары алдында көп жауап бермейтін трикстерлердің фанаты болады. «Кариб теңізінің пираттары» фильмінің продюсерлері Джектің көрермен сүйіктісіне айналғанына қатты таңғалған. Яғни трикстер басты кейіпкерді ығыстырды деген сөз. Дәл солай Остап Бендер бүкіл кеңес халқының сүйіктісі.
Трикстерге «Мастер мен Маргаритадағы» сатана Воландты, «Маска» фильміндегі Джим Керридің кейіпкерін, «Бэтмендегі» Джокерді,«Желмен әкеткендердегі» Ретт Батлерді, Дәрігер Хаусты және т.б. жатқызуға болады.
Трикстерлер көбіне нағыз эгоисттар, қу /кейде аңқау, топас та болуы мүмкін, Иван-дурак сияқты/, өте ақылды, ерекше шармы мен харизмасы болады, олар адамға тән махаббат, достық деген сезімдерден тыс немесе тыс болуға тырысады. Алайда олар жасырын романтиктер, сезімдері жүректерінің ең ең ең түкпірінде, тіпті байқалмайды, олар «жалған адамгершіліктен» ада, өз-өздерін алдамайды, «остаются самим собой».
Керекинфодағы трикстер образы Сатыбалдыдан көрініс табады.
Негізі кинодағы трикстерлердің образы мифология мен діндегі трикстерлер архетипінен шыққан. Википедияны осы тақырыпта ақтарсаңыз, әр елдің аңыздары мен халық ауыз әдебиеттерінде трикстерлер болғанын байқайсыз.
Ал әдебиеттегі трикстерлер ол бөлек әңгіме. Әзірше Ретт Батлерден басқа ешкім есіме түспей отыр. Бейімбет Майлиннің кейбір әңгімелеріндегі кейіпкерлерді алуға болатын шығар.
Бөлісу:

9 пікір

bake
керек мәлімет…
Adiletshu
Тайлер Дерден
Nodar
«Трояда» Ахиллес. А негізі Гектор ғо басты батыр
asaubota
Қожаны да жатқызуға бола ма?
Nodar
Қожаны жатқызуға болады. Критерийлерге келеді ғо. Википедияда оны орта азия фольклорындағы трикстер деп көрсетіпті.
ken
Қожанасырды да жатқызуға болатын сияқты.
Nurshat
Алдар Көсе яһуди емес,
Nodar
не деген сөз ол сонда?
Nodar
Негізі трикстерлер образының сәтті шығуы актерге көп байланысты. Доктор Хаусты ойнаған актер, ең алғаш сценарийді оқығанда өзінің ролін басты емес деп түсінген, оған қоса жағымсыз кейіпкерді сомдайтын болдым ғо деп ойлаған.