"Домбыра Party" Қызылордада

Бүгін! Алғашқы рет! Кешкі сағат 19:00де Қызылорда қаласында «Домбыра Party»! Келіңіз, көріңіз, әдемі кештен қапы қалмаңыз! Өтетін орны: орталық алаңдағы ескі фонтан маңы, «Майя, майя» пиццериясының артында орналасқан. Байланыс телефондары: 8 701 317 16 15 Сабыржан және менің номеріме де хабарлассаңыздар болады
деп ақпараттандырып фейсбукқа жаздық. Бірінші мәрте өткізгелі отырғандықтан, қалай болар екен деп те ойластық. Арнайы ешкімді шақырмадық, бірақ жоспарда шақыру бар еді… Сабыржан екеуміз таныс домбырашы дос, құрбы-құрдастарды іздедік. Күнде хабарласа отырып, Сабыр 4-5 жігітті тапқанын айтты. Онда бастап кетейік, қалғандары қолдайды дедік те, 04.05.2013ж жоспарладық.
«Домбыра Party» өтетін орынға келіп, жинала бастадық. Домбырашылар келіп, дайындалып отыр екен.
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Жалпы, мақсатымыз не? не үшін? қалай? деген сынды сұрақтарына жауап беріп, түсіндірдік. Сөйтсем, олар да өздері осындай шараға ынталы екен. «Біз де кешкілік орталықта 4-5 жігітпен домбыра тартамыз. Бұрын білмедік мұндай шараны» десті. Ниетіміздің бір екеніне қуанып қалдық.
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Содан, біршама адам жиналған соң, орталық алаңға қарай орын ауыстырдық. Жігіттеріміз бірден «Балбырауын» күйінен бастап кетті. Одан кейін, «Адай», "Әлқисса", «Жұмыр қылыш» сынды бірнеше күйден тартты.
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Сәлден кейін арамызға Мейрамбек деген, өзі ақын, өзі әнші, өзі күйші, өзі асаба жігіт келді. Келді де ортаны жандырып жіберді. Әлқиссасын айтыстан бастап, кейін әндерден попурри жасады. Терме де, ән де шырқады. Ырза болдық!
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Менің атым — Мейрамбек,
Жаралғанмын сыйға тек.
Құдай мені жаратқан,
Бүкіл қызды қина деп. © Мейрамбектің «Домбыра Party»-дегі айтысынан.

Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Бұрылып жан-жағымызға қарайласақ, біраз адамдар жиналып қалыпты. Көбісі жұмыстан шығып, жарты сағаттай болса да тұрып, тыңдап, қолдап, мықты екен деп лебіздерін айтты.
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
1,5-2 сағат көлемінде жалғасып, «Домбыра Party» біз күткеннен жақсы өтті. Жігіттер алғыс айтып, келесі жолы да келеміз деді. Енді апта сайын ұйымдастырмақ ниеттеміз. Бұйыртса, келер аптада бұдан да кең көлемде болатын болды. Мұндай шараға қатысамын дейтіндер көп екен, соларды ерте келеміз деді жігіттер.
Блог - AKA: Домбыра Party Қызылордада
Әзірге Мейрамбектің орындауындағыларды тыңдай отырыңыздар.


П.С. Виделарды сәлден кейін қосып, толықтырамын. Ұйымдастыруда болған керекші достарыма — SaboniS , araika , mairosh және Сабыржанның достарына көп рахмет!
Бөлісу:

7 пікір

jako_83
жақсы өтіпті, жарайсыңдар
torgai
Істерің оңға бассын! Былтыр Астана — монополист сыңайлы еді. Бәсекелестеп көбейіп жақсы болды ғой. Енді aza vty Nurgisa , Daniar-Alan үшеуіне сын болды ғой.
AKA
Бүгін ФБ-да шетелдегі қандастарымыздың Қызылордада өткен патидің видеосымен бөлісіватқанын көріп, қуанеееп қалдым, мәзбін!
AKA
Қызылордалық керекшілерден кім бар, жамағат? Срошна жекеге хабарласыңыздар, бүгін бұйыртса «Домбыра Party» болады. Алмас Алтай қатысайын деп отырғанда келіп тыңдамау «күнә» ғой  Күтеміз! Орталық алаң, кешкі сағат 22:00 шамасы.