Сақтансаң сақтайды

Құрметті керекшілер! Балаларыңызға осыған ұқсас өндірушісі белгісіз кәмпитті сатып алудан аулақ болыңыздар. Жақында қызым қиылып сұраған соң, тіпті не зат екенін қарамастан алып бергенмін. Келесі күні бақшадан тәрбиешісі соғып, құсып, ауырып жатқанын хабарлады. Жаным шығып балалар емханасына соқтым, ондағылар көліктері сынып, шақыруларға дәрігерлер бара алмайтынын айтты. Сасқанымнан ең болмаса бала уланғанда не беру керекгін сұрап едім, жедел жәрдем шақыру керектігін меңзеді. Содан жүрегім аузыма тығылып, бақшадан қызымды алып кеттім, тым жақсы жүрді сол күні, бірақ келесі күннің таңынан бастап тағы құсты, содан күнұзақ ұйықтады да қойды. Айтайын дегенім, бізден ерекше жегені сол кәмпит қана болған. Сыртында ештеңе жазылмаған, кім, қайда шығарылғаны белгісіз тәттілерден сақтанғайсыздар. Менің қатемді қайталамаңыздар!
Бөлісу:

3 пікір

neoaskar
балаға жейтін бірдеме аларда оның құрамына міндетті түрде назар аударыңыз. көшеден алып бере салудан сақ болыңыз. ақша істеп қалу мүмкіндігі көп мына заманда кімнің не сатып отырғаны белгісіз. көптеген сатушылар адамның денсаулығын емес, өздерінің тауарының өтуін қалайды. пакеттегі, қораптағы сүттерді көп беруден аулақ болыңыз. тек қолдың сүтін беріп отырсаңыз жақсы болар еді. жазға қарай жеміс-жидекті базардан аларда оның түріне басты назарға ұстаңыз. бұзылып тұрып қалғандары болса одан аулақ болыңыз. тәуірін алған жағдайда да міндетті түрде жуып барып беріңіз. мұндай міндеттемелерді жазып отырған үш баланың әкесі.  өмірлік тәжірибеден.
bizbike
иә дұрыс қой, бірақ кейде бала тұрып алса дүкенде, алдыртпай қоймайды
neoaskar
ондай-ондай болып тұрады. бір күні базарда жүрсем (ол кезде бойдақ едім) бір баланың жылаған дауысы еріксіз қаратты. жылағаны сонша кейбір адамдар тоқтап қарауға мәжбүр болды. сөйтсек, машина алып бер деп жылап жатыр екен. шешесі ақшам жоқ деп айтса көнбейді. бір азамат ер екен жүр мен алып берейін деп, ертіп апарды да машинаны алып берді.  қуанып қалдым, енді сондай жағдайлар біздің басқа түсіп жатыр. үлкені кейде түсінеді, ақшам жоқ еді десем