Антижуристік өмір салты. 7. Тележурье түрлері
(Шап тұсы. Басы — мында
)
Кез келген бәле-жаланың жаман аты болады, ұсқынсыз кескіні болады әрі айтып келмейтін жаман қасиеті болады. Солардың бірі, тіпті бірегейі — журиктер. Олар жиылып — журье деп аталатын топ құрайды.
Дегенмен, түрменің быламығын да "ішінде ет бар ма екен?" деп, аударыстырып жейтіндер болады. Ендеше, «уа мұғжыза жан, сонша ғайбаттағаның не, бәлкім ішінде іліп аларлық бір ептібайымайд табылып қалар?» деп, өртеуге апара жатқан журиктердің вагонына жармаспағын. Тексерілген: жоқ! Ал егер қоймайтын болсаң, сипаттап беріп құтылайын шешесс.
1. «Болттар». Бұларда үнемі мақала бар. Бұларда үнемі дайын видесюжет бар. Бұларда үнемі телебағдарлама бар. Тіпті екеу-үшеуден. Берілген тақырыпқа алдын ала дайындалып қойған. Ол қалайша? Себебі сол тақырыпты ойлап тауып, бекіттіретін де өзі ғой! Ол тақырыпты өңменінен өткізбейді, тіпті оның не екенін де білмейді. Тележуригі басында қандай әлпет, аяғына дейін сондай кейіппен қуанышты да, қайғылы да хабарды түсіріп шығады. Олар мердігерлік жүйеге қажет таптырмайтын болттар. Қағазға мығым. Ондайларды тауып алу — кез келген ресми БАҚ-тың арманы. Конвейерлік өндіріс әдісін шығармашылыққа әкелген де осылар.
2. "Әпербақандар". Тұнған «креатив». «Түсірудің аяғында көрерменмен қош айтысып, балконнан секіріп кеткен болайын», немесе, «түсірудің басында студияға — қалмақ жауынгерінің алдында өңгеріліп келіп сөйлеп кетейін» деген «креативті» идеялар ұсынатын осылар. Әрі онысына дереу сыйақы талап етеді. Бірақ онысына қарап, ақымақ деп ойлауға әсте болмайды. Байқасаңыз: түсіруі қиын емес, өзінің де жанына жай идея ұсынады. Тақырыптың мазмұнын 1 пункттегі Болт жазып береді. Таптырмайтын типтер.
3. «Мұңайшылар». Мұнайшылардан айырмашылығы бір әріп қана емес. Бұлар мұң кенішіне түрен салған, кез келген оқиғадан ұлтқа қастандық көре алатын типтер. Сарымай сапасыз ба? Етіктің табаны түсіп қалды ма? Ол өндірушінің кесірі емес! Ол — өндірушілердің ар жағында отырған топтардың ұлтты түбірімен құрту мақсатында жасап жатқан әрекеті!
Мұндайларды көбіне саяси салмағы бар шығар деп алады жұмысқа. Қызық: тұрақты жұмыс тауып, көңілі жайланғасын, суала бастайды. Пендешілігі көріне бастайды. Кейін қараса — ешкімге беделі жоқ, тек ә-ге мә деген пікір жазатын біреу боп шығады. Жаңа қызметте өмір сүру периоды — 1 жыл 2 ай.
Қалай, бұларды пештен құтқаруға әлі ынталысың ба? Ом манэ падме хуум, бәлкім — сен де журик???

Осы бағдарламаның соңында көрерменмен қоштасып жатқан кезде шынымен күлкілерің кеп кетеді ме?