Антижуристік өмір салты. 2. Ақпаратты камералды тексеру

(Басы — өткен постта)



Негізі, журьеге табиғи иммунитет қалыптастыру редакциялардың ішкі асханасын бір рет көру жеткілікті. Атақ-даңқы мақаласынан ұзын шалдар басқаратын БАҚ-тарда күнұзақ рухани әңгіме айтылады. Жаңалық шығарумен ақпараттық негірлер айналысады. Бар бәле сол осырақтар ақпаратты интеллектуалды өңдеуді де зәңгі журьеге тапсырған кезде басталады. "Ұржіверу, соғжіверудің" небір құбыжық порымдарын көруге болады.

Ең қиыны мынау: кейбір маңызды шаралардан эксклюзивті жаңалық беруге хақысы бар тек осы журиктер. Қайтпек керек?

Бұл жерде пұшайман оқырманға салықшылардан алынған камералды тексеру әдісі біраз көмек болады. Осы жолдарды жазып отырған пяншік төлеңгіттеріңіз талай ақпараттың артын солай ашып, шын мәнінде жағдайдың басқа екеніне әлгі жерін жеткізіп жүрген жайы бар.

Бірде белсіз ақпарат көзі заңсыз ағаш кесумен күреске биыл 5 млрд теңге(!) бөлініп отыр деп соғып жіберді. «Лібә, тек қана бір пунктке 5 млрд бөле алатын министрліктің бюджеті тіпті айуан шығар!» деп ойлауға болады. Сен ойлама нақ, сен бар да — Интернеттен ҚР Бюджетін қара! Сосын, дәл осы жаңалықтың орысша нұсқасын ізде. 50 млн екенін көріп көңілің бір жайланады; және жалпы — ол ақшаның әлі бөлінбегенін, жай, ұсыныс ретінде қарауға жіберілгенін көріп, көңілің екі жайланады.

Есіңде болсын: мердігерлік БАҚ-та ақпараттың нақтылығына басымен жауап беру жүйесі сонау 90 жылдарда әдірем қалған. Сенбе! Қарама! Оқыма! Амалсыздан қарауға тура келсе — жаңалықты камералды тексеріп (көбіне Интернет арқылы) алып… бәрібір сенбе! Себебі мердігер БАҚ әр жаңалыққа идеологиялық бірлікті тез салып құтылайық деп, қасқитады да қояды.
Мердігер БАҚ-қа сенбеймін деп жүріп, «тәуелсіз» БАҚ-қа құлай сеніп кетіп жүрме! Олар тіпті айуандар. Себебі мердігер БАҚ-тарда көбіне дімкәс, аясы тар, қарабайыр, надан, әпербақан + Абайдың қашық бол деген бес нәрсесіне ие журье отырғандықтан, өтірікті де дұрыстап айта алмайды: ақпараттың бетіне асығыс жағылған сөзбұйдасын жеңіл айырып аласың. Ал «тәуелсіз» делінетіндер сенімге кіру жолында келтірмейтін дәлелі жоқ, сосын шетелде оқыған бәлелер көбіне.
Журик көрсең таспен ат, ит айтақта, саусағыңды шошайтып күл! Өміріңе еш формада жолатпа!
Келесі әңгіме — сұқбат беру.
Бөлісу:

9 пікір

Aya
не деген тіл мынау))Сатыбалды қандай керемет жазады  тәнтімін
Aya
Бір түрлі, екі сұмдық болып отырмын.
Мердігер БАҚ-қа сенбеймін деп жүріп, «тәуелсіз» БАҚ-қа құлай сеніп кетіп жүрме! Олар тіпті айуандар. Себебі мердігер БАҚ-тарда көбіне дімкәс, аясы тар, қарабайыр, надан, әпербақан + Абайдың қашық бол деген бес нәрсесіне ие журье отырғандықтан, өтірікті де дұрыстап айта алмайды: ақпараттың бетіне асығыс жағылған сөзбұйдасын жеңіл айырып аласың. Ал «тәуелсіз» делінетіндер сенімге кіру жолында келтірмейтін дәлелі жоқ, сосын шетелде оқыған бәлелер көбіне.
Журик көрсең таспен ат, ит айтақта, саусағыңды шошайтып күл! Өміріңе еш формада жолатпа!
тіпті жлЪяғыыыыым кевотыр((((((
asaubota
сонда да сенбейік пе тәуелсіздерге?
ademi_alem
Бірде белсіз ақпарат көзі заңсыз ағаш кесумен күреске биыл 5 млрд теңге(!) бөлініп отыр деп соғып жіберді. «Лібә, тек қана бір пунктке 5 млрд бөле алатын министрліктің бюджеті тіпті айуан шығар!» деп ойлауға болады. Сен ойлама нақ, сен бар да — Интернеттен ҚР Бюджетін қара! Сосын, дәл осы жаңалықтың орысша нұсқасын ізде. 50 млн екенін көріп көңілің бір жайланады; және жалпы — ол ақшаның әлі бөлінбегенін, жай, ұсыныс ретінде қарауға жіберілгенін көріп, көңілің екі жайланады.
)))))))))
asaubota
қазір Фейсбукте мынау хит болып тұр Ұлттық арнада ұлтқа қарсы науқан жүріп жатыр

Арна қызметкерлеріне өзара «Ассалаумағалейкум!» деп амандасуға, «Аллаға шүкір», «бұйыртса», «бата», «иман», «нәсіп болса» деген т.б. сөздерді айтуға, эфирде қонақтардың аузынан ондай сөздер шықса кесіп тастауға бұйрық берілген. Осындай «керемет» идеялары үшін әлгі Ирина Полей деген 30 мың доллар жалақы алады екен.

осындай ақпаратқа сіздер сенесіздер ме? бұйрық берілген болса скан көшірмесі қайда? және басқа біреудің қанша айлық алатынын қайдан білуге болады?
Aya
оқуға келмейтін қисынсыз затты ерінбей қалай жазады екен?! Олардың бір сөзіне де сенбеймін
asaubota
сол арнада істейтін таныстарымнан сұрадым. өтірік деді ана мақалада жазылғандар.
Adiletshu
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды
konvict
Менікі былай да қимылдай береді