Жыртылған ту...

ОҚО, Түркістан қаласындағы бұл нысанның орындаушысы «СЕБИЛ» ЖШС салып жатқан Қожа Ахмет Ясауи атындағы мешіттің жоғары жағындағы күмбезге орналасқан екі Мемлекеттік Тудың жыртылып, сол күйінде көк аспанымызда қанша уақытқа дейін желбірейтінін кім білсін. Қаламызға келетін туристерге Мемлекеттігіміздің аса құнды болған көк байрағының осылайша қасиетсіз күйде тұруына кім жауапты?.. Нысанда жұмыс қызу жүргізілуде, дегенмен тулардың осылай бей-берекетсіз күйде тұрғанына ешкім назар аударар емес…
Бөлісу:

12 пікір

Daniar-Alan
жыртылғанда да айыр-айыр боп кетіпті…
Daniar-Alan
«Себилдің» контактісі, фейсте бетшесі т.б. ақпараттары бар ма бро?
Marco
Мынау Түркістанның ішінде ме? Сұмдық екен. Қанша уақыттан бері тұр?
Abilakim
көзіміз неге ағып кетпейді
asaubota
осындай нәрселер көбейіп кетті. мәселе қылып көтеру керек. не туларды сапалы материалдан жасау керек, не ай сайын өзгертіп, жаңартып тұру керек.
omarbirat
Ешкімнің қарауға шамасы келмей тұрған сияқты ғой. Жөндеу жұмыстары біткенше туды тікпей тұра тұрса болмас па еді?
Abil-Mansur_KAZAK
Қазақ десе таяқтың бір ұшы өзіңе тиеді ғой…
Daniar-Alan


мынау соғушының жанында тұрған баннері кен.
ken
Қайсысы дұрыс?
1.Нысананың аты
2.Нысанның атауы
Соңғы түзету:
neoaskar
1. Нысана — көздеп атуға қойылған белгі.
2. Нысан — ғимарат сөзінің елемесі.
Мүмкін осылай дұрыс шығар. Қайран елім қазағым.
ruben
 көптеген оқиғалардағыдай мұнда да орыстардың (болмаса өзбектер) саусақ ізі болуы керек. түрік ағайындармен жүні түзу қатынастарымыз бір жерлеріне батып жатқан болар
Соңғы түзету: