Пайдалы сайттар

Негізі интернетте көптеген пайдалы сайттар бар. Мен аспаздық рецептілерге мол немесе программалауды үйрететін, тіпті тегін антивирус кілттерін алатын сайттар туралы айтып отырған жоқпын. Олар да пайдалы, қажетті сайттар ғо. Басқаша пайдалы сайттар да болады ғо, белгілі бір идеяға негізделген, бір кәдімгі анық мақсатты ма… Түсіндіре алмай отырмын.
Қысқасы, каучсерфингке арналған www.couchsurfing.org сайты. Толығырақ жазар едім, бірақ бәрібір қызығушылық танытпайтындарыңды сезем мұндай постқа. Бірақ сонда да жақсы сайт бұл. Оқуға түссем, тіркеліп белсенді каучсерфер болам мен алдағы уақытта.
Бөлісу:

12 пікір

Erasyl2
Маған қызық. Не туралы бұ сайт?
Nodar
Каучсерфинг — адамдардың дүние жүзінде саяхаттауын барынша жеңілдетуге, қолжетімді етуге арналған идея. Яғни мысалы, Қазақстанға, оның ішінде Ақтауға Испаниядан бір турист келгісі келсе, ол осы сайтқа тіркеліп, Ақтауда оны қабылдайтын адамдар бар ма екенін тексереді. Сайт кең дамып келе жатқандықтан, кішігірім Ақтаудың өзінде осылай шетелдіктерге 2-3 күнге баспана немесе тамақ немесе қаланы аралатып, таныстыруға ниеттерін білдірген адамдар көп. Кейбіреулер уже бірнеше солай шетелдіктерге көмектесіп, жақсы репутация жинайды. Дәл солай сен де егер бір елге бармақшы болсаң, осы сайт арқылы сол елде, сол қалада сені қонақ етуге дайын адамдарды тауып алуыңа болады. Бәрі тегін. Тіл дамытуға, шетелдік дсотар табуға жақсы. Каучсерфингтің көмегімен ақшаңды көп үнемдейсің әрі сол қаланы гидтан гөрі реалды бейнесін танытатын да каучсерферлер. Ерасыл, тіркеліп өзің байқап көр, ұнайды деп ойлаймын. Мұнда тек бастысы ниет.
Соңғы түзету:
Erasyl2
Қызық екен) Бірақ бізге қонақтар осы жолмен келсе қауіпті болу ықтималдылығы орташадан сәл асады
Соңғы түзету:
Nodar
excuse me, түсінбедім
Erasyl2
қабылдайтын адамдардың ниеті дейміз бе, пиғылы дейміз бе жақсы жаманын анықтау қиын
Соңғы түзету:
Nodar
түсіндім. Сол үшін сайтта бұрын сенде қонақта болып кеткендер, сенің стенаңа пікір жазады, жаман, жақсы деп. Неше адамды қонақ етсең, соның саны да көрініп тұрады. Сондықтан сен де қабылдаушының каучсерфингтік тарихымен толық танысып барып шешім қабылдайсың.
satibaldi
Негізі интернетте көптеген пайдалы сайттар бар
Ты гений черт побери!!!
Nodar
Мен дұрыс жазбадым басын, ия. Айтқым келгені олай емес, бірақ басқаша ждаза алмадым. Пайдалынан пайдалы сияқты ұғым ед ойымдағы
nurjanbay
Соңғы түзету: