Биоотын—энергия көзі. Қаншалықты үмітім ақталады?

Қиды отынға айналдыру баяғыдан белгілі. Қидан отын жасаудың жаңалау әдісі -биогаз өндіру. Шығыс Қазақстанда 5 ай көлемінде биогаз өндіруге жарамды. Басқа уақытта күн суығы биогазды өндіруді тиімсіз етеді (мүмкін маған белгісіз жайттар бар шығар). Білім жетпейді. Ыдысқа сақтау арқылы газды тасымалдауға жарамды ету, ұзақ мерзімге сақтау ілгерлі қадамның бірі болайын деп тұр. Мәселенің шешімі газ құнына қалай әсер ететіні белгісіз. Алға қойған мақсатым-шағын кәсіпорнымның толықтай энергетикалық тәуелсіздіздігін қамтамасыз ету. Осы уақытқа дейін үкіметтің ауыл шаруашылығына арнап бөлінген қаржылай немесе мүліктей көмегін алып көрген жоқпын. Қарыздар болғаннан сақтасын. Жеті ай қыстың бұлыңғыр күндері күн энергиясын пайдалану экзотика, қыстың ортасында жауған қарлы су жел күшін пайдалануда да күмән келтіреді. Биоотын өндіруден басқа мүмкіншілікті көріп отырған жоқпын. Тек биогаз емес, басқа биоотын өндіру мүмкіншілігін қарастырудамын. Төртінші сәуірде Өскемен қаласында германиядан әкелінген «жасыл» технология көрмесі ашылды. Соған барып көремін. Мүмкін пайдасы тиіп қалар. DENA энергетикалық агенттілігі дайындаған. Бізге не әкеліп ұсынғанын блогыма жазамын.
Бөлісу:

2 пікір

Marco
Биоотын туралы бұрын бір-екі жобалар көтерілген сияқты еді. Есте жоқ. Бірақ болды сондай ойлар. Егер бір кәсіпорынды қамтамасыз ететін жол тапсаң, ЭКСПО-2017 көрмесінде тәжірибеңмен бөлісе қоясың.
Еске түсіп кетті, бірде британ ғалымдары климаттың өзгеруіне сиырларды айыптап еді. Сөйтсе сиырдың сбежи тезегінен бөлінген газ, атмосфераның озонды қабатына жанар-жағар майдың тигізетінен зиянынан әлдеқайда артық көрінеді.
bake
Британдық ғалымның айтқанын меніңде есіме түсіп отыр. Шемішкенің майынан биоотын алу жолын сынап көрдім. Тәжірибе оң нәтиже берді. Рапс өсіру керек болып тұр. Биодизель патшасы болғым келеді. EXPO 2017 көрмесіне қатысудан гөрі шаруашылығыма не береді деген сұрақ мені көбірек мазалайды. Әзірше тракторларымды қандай отынмен қозғағаным тиімді екені мені ойландырып отыр. Биодизель арзанға түсетін секілді.