Блогкемп 2013 менің көргендерім.

Блок Құрылтайы 2013
Мен блогер емеспін, бірақ сонда да барып қатыстым. Қазақ сайттарының пайдаланушысы ретінде. Керемет емес, Тамаша өтті Блог Құрылтайы бірінші күні. Ұйымдастырған адамдарға көп көп алғысымды білдірем. Менің бірінші қатысуым еді. Шымда өтеді деген сөзді сайттан көріп өте қатты қуандым.
22 не жатар кезде не деген ойлар кірді қобалжығанымнан. Бармай ақ қоя салайыншы, кейінірек сайттан оқи салам, не болғаны туралы деген ойлар келді. Ойлана келе бір шешімге өттім. Себебі мынау еді: Керекинфо сайтына наурыздың 17 ші жұлдызында кіріп оқып қалсам, кілең Блоггерлер туралы жазылған тақырыптар көп екен. Түсіне алмаған соң барлығын ашып оқи бастадым. Алдынғы болған жерлерін жазыпты, онда қандай тақырптар қозғалған, не болғандығы туралы. Кейін бір сілтемеге қарасам Тіркелгендер тізімі тұр екен, оған жазылған пікірлерде: Наурыздың 16 да тіркеу бітіп қалыпты. Көңілім түсіп кетті. Іштей барып, көргім келеді. Қалай тіркеледі? деген сұраққа: arshato@mail.ru -ға тіркеуіңізді өтінем деп хат жазу арқылы! – деп Данияр жауап жазыпты. Сол сілтемені басқаным сол жаңадан хат жазу шыға келді. Ойланып отырып қалдым, жазсам маған кешігіп қалдың тіркелу бітіп қалды демей ма? деген ой келді. Шешінген судан тайынбас дегендей, хат жібердім. Хатта:
Мени тіркей аласыз ба? әлде кеш қалдым ба? Сейтова Марьяш (Шымкент)
Ертеңгі күнді асыға күттім, күнді емес Аршаттың жіберетін шешімін. Кешке қарай үйге асыға кіріп, blogcamp.kz сайтына ноуттан кіріп қарасам, тіркелгендер тізімінде аты – жөнім қалам тұр, 339 нөмер беріліпті. Қатты қуанғаным соншалықты «УАУ!!! Тіркепті» – деп айқайлап жібердім. Сонда қасымда ұялы телефонымды ойнап отырған 3 жасар інім сілк ете қалды. Маған біртүрлі қарады да тұрып, бұрылып кетіп қалды. Содан бастап, кімнің қаншалықты күткенін білмеймін мен сол күн жеткенше кун санадым. (Аршатқа улкен алғысымды білдіремін, тіркеп шанс бергені үшін) Баста қорқыныштар болды Барсам ешкімді танымаймын? Сонда не істеймін? Кіммен араласам, кіммен сөйлесем? Бөтен адам сияқты жүріп қалам ғой – деген ойлар маза бермеді. Бұл сұрақтардың бәрі Құрылтай өткен соң бос ой болып қала берді.
23-не азанда ерте тұрдым. Бармас алдын тағы сайтқа кіріп Берікболдын телефонына хабарластым. Саламатсыз ба? Бұл Берікбол ма екен? Ары қарай әр түрлі мені ойландырған сұрақтар кетті. Ол барлық сұрағыма нақты жауап берді.
-Университетке адамдар жиналды ма? Барсам кіргізе бере ма?
-Ия, бара беріңіз онда адам көп. 3 қабатында жиналып жатыр.
Сол қобалжумен 5 минутта Университетке жетіп, кірдім. Үшінші қабатына көтеріліп, қарасам екі блогерді таныдым: Гастербайтер мен Қалдықыз, басқа ешкімді тани алмадым. Алдымнан 3-4 қыз көк футболкка киген, бейджик таққан әдемі келген қыздар қарсы алды. (соның бірі -Мақпал) Амандасып, тіркеп, қолыма футболка, блакнот, бейджик, Блог Құрылтайы 2013 бағдарламасын берді. Ары қарай үлкен залға кіріп қарасам, недеген көп блогерлер бір – бірімен сөйлесіп, араласып, кейбірі амандасып, ду-ду болып жатқан халық. Кейбірінің қолында фотоапаратттар, планшеттер, сонғы модельдегі ұялы телефондар, ноутбук, нетбуктар. Бірін – бірін естелікке түсіріп жатыр. Шатасып басқа тойға кіріп кеткен адам сияқты сезім болды. Барып бір орынға отыра кеттім.
Көп ұзамай көптен күткен Құрылтай басталды. Жүргізушілер қаншама біліндірмейін десе де қобалжып сөйледі, не дегенмен қаншама халық жиналып соларды қарап, қадағалап отыр. Әр түрлі қаладан келген, жоооқ тек Қазақстаннан емес басқа шет елдерден келген қонақтар сөз сөйлеп жатыр, кейде сұрақ-жауап емес, Дебатқа ұқсап кетті. Ең активті жастар жиналғаны көрініп тұр. Сұрақ қойғысы келгендер көп болғанымен, уақыттың тапшылығына қарай сұрақтарын қоя да алмаған блогерлер болды. Өте тамаша тақырыптар қозғалды: Қазақ сайттарындағы веб-дизайн, Сайтпен ақша табу, Контент мәселесі, Блог жүргізудегі шет ел тәжірибесі. Керемет жауап беріп жатқан азаматтар болды. Жауапқа көңілі толған жастар да бар еді. Қай қайсы болса да, осы блог Құрылтайын көптен күткен жандар сияқты. Қымбат уақытын бөліп Облыс әкімі ортаға шығып сөз сөйледі. Күнделікті галстугін шешіпті, қарапайым тілде қазақ сайтын дамыту туралы тақырыптарды қозғады. Ол кісі да бос қол кеткен жоқ Блогкемп жазуымен қара футболка және арнайы блакнот сыйлыққа алды.
ОҚМУ асханасындағы түскі үзілістен кейін Стартаптар конкурсы басталды. Недеген керемет ойлар, тамша сайттарды ашу, жастарды қазақ сайтына қызықтырып, пайдаланушыларын арттыру. Қозғалған тақырыптар: мотиватор naqul.kz, tamble.kz, электронды күнделік, Қазақ контентінің мүмкіндігін арттыру, IT-саласына қатысты сұрақ-жауап, материалдар ресурстар, tuttey.com, Жас пресс. Ең көп дауыс жинаған«Дәстүрлі ән сайты», куйлерді, қазақ әндерін бір сайтқа жинау үшін әдемілеп, ән жазып келген Амангелді Сейілхан керемет ән айтып, домбырасының сыңғырлаған даусын айтсаңшы пах-пах. (жұп болсын дегім келді))).) бұндай дайындық үшін Билайн комапаниясының 100 мың теңгесі аз сияқты болып көрінді маган. Қатысушылардың көбісі ерлер еді, арасынан атылып шыққан екі қыздың болашақ сайттары Атырау қаласы туралы talgam.kz және Ақшолпан Жүсіпованың Қыран.кз Әскери сайты ұнады.
Марапаттап жабылу кеші өте керемет, Блог Құрылтайының бірінші күнгі университеттегі бағдарламасы мықты өтті. Соған қоса барлығы бір үйдің баласындай естелікке суретке тусті. Сол арада Университет алдына автобустар келіп тоқтап, халық ішіне лық толып лагерге қарай жол жүрді. Лагерге барар жолда Автобус ішінде адамдар у-шу болып, тур турлі тақырыптар қозғалып, керек десең блогерлер ән салды.
Кешкі тоғыздар шамасында кешкі асқа кіріп жиналып, тамақтандық біріншіге өте дәмді сорпа, ал екіншіге балдай тәтті палау берілді, көршіміз өзбек қой. Кешкі астан шығып Домбыра пати бағдарламасы басталды. Ортаға ұзын қылып (менің бойымнан биік)от жағылып, жан жағына жастар лық толды. Бір керемет ән кеші басталды. Оттың жалыны бет қаратуға шыдатпады. Қаншама өнерлі блогерлер ән айтып, куйлетіп, домбыраның сыңғыры үзілмеді. Екі жаққа бөлініп жарысулар да болды. Дауыстар: пах-пах, шап, бас, жұп қыл – деп шығып жатты. Осылай қазақ жастары өздерінің таланттарын көрсетті. Сағат түнгі 2-лерге қарай жастар бір-бірлерін қимай жататын орындарына қарай тарқасты.
Ары-қарай мен болмаған себепті (қайтып кетіп едім)жалғастыра алмаймын. Мен журналист емеспін, сондықтан бұрыс жерлері болса сөге көрмеңіздер. Бұндай Құрылтайдың 6 айда бір рет болса да артықшылығы жоқ екен…
Бөлісу:

3 пікір

Zilola
Сайтқа тіркелгенде аватарға өз суретіңді жүктемеу кейде үлкен минус болып жатады. Соның дәлелі ретінде шыны керек сені танымай қалдым, бірақ Гастаны танып тұрғаныңа қарап жастар.біздің тұрғыны екеніңді білдім әйтеуір ))
Іңкәр-сезімді де танымай қалдым, жастардан кеткеніміз қашан, көбісін ұмыта бастаппын.

Енді блогерлердің қатарына қосылатын шығарсың, келер жылы болатын құрылтайда кездесуге жазсын!
Соңғы түзету:
asaubota
тіркеу туралы алғысты маған емес Данияр, Ильястарға айтыңыз  тіркелу тізімімен сол жігіттер айналысты.

блог әлеміне қош келдің! мынау алғашқы жазбаң. енді басқа тақырыптарда қызық мақалалар күтеміз. келесі құрылтайға тәжірибелі блоггер болып келетін боласың енді
satibaldi
Ары-қарай мен болмаған себепті (қайтып кетіп едім)жалғастыра алмаймын. Мен журналист емеспін, сондықтан бұрыс жерлері болса сөге көрмеңіздер.
Неткен қаззаққа жат объективтілік!