Анекдотшы бала

Өткенде(21-ші ақпан) әжемнің қырқын беріп жатқан кезде бір туысымыз мені қасына шақырып алды. «Баяғыда бізге анекдот оқып бергеніңді білесің бе?».«Жоқ» дедім. Негізі есімде. Ол кезде мектепке бармаған кезімтін. Бес жас шамасындамын. Үйде "Қазақы қалжыңдар" әлде "Қазақша анекдоттар" дей ме бір жұқалтаң кітап бар еді. Ағаларым соның ішінен бір анекдотты бір-біріне оқып беріп, шиқылдап күліп отырғаны есімдетін. Сондай кезекті қонақтардың алдында өзімнің кітап оқи алатынымды көрсетіп мақтанғым кеп кетті. Көбісі «Лениншіл жасты» судыратып оқығанымда мақтап кететін. Қырсыққанда газет табыла қоймады. Әлгі жұқалтаң кітапты қолыма ұстап «Мама, анекдот оқып берейін бе?»-деп сұрадым. Әжем марқұм рұқсатын берді.
«Автобус ойдым-ойдым жерлермен секіртіп келе жатады. Жолаушылардың ішінде масаңдау жігіт болса керек. сол жүргізушіге „Әй, гондон! Ағаш тиеп келе жатқан жоқсың, жай жүұр“ деп қайта-қайта ескерту жасай берсе керек. Шыдай алмай кеткен жүргізуші қолына мантировкасын алып»Өзің түсесің бе, әлде түсіріп жіберейін бе?" деп анаған тұра ұмтылады. Сол кезде екеуінің ортасына бір әжей килігіп "Қарағым, Гондонжан, бір ашуыңды маған бер, барар жерімізге жетіп алайық" депті" деп бітетін әлгі анекдот. Қонақтар күлкіден қырылып қалды.«О»-ны «А» қылып оқу білмейміз. Әлгі сөзім тіптен күлкілі естілді -ау деймін…
Бөлісу:

5 пікір

ken
балалық шағымның анекдоты. бірақ біз «дурак» деп айтушы едік. ана жерінде кемпір «айналайын, дуракжан» дейтін.
torgai
Мәдениетті ауыздан жеткен ғой сізге)))
Abilakim
Ол нұсқада қызық емес секілді. Егер «Дурак» деп оқысам ана кісінің есінде қалмас едім