Неге біз осы?..


70-80 жылдары танымал болған сатирик Джордж Карлин жұбайы қайтыс болғаннан кейін мына бір мақаланы жазған екен.

Біздің уақыттың парадоксы – бізде биік ғимараттар бар, бірақ шыдамдылық төмен, жолдар – жалпақ, ал көзқарас – тар.
Жұмсайтын қаржы көп, иеленетін игілік аз. Көп сатып аламыз, аз қуанамыз.
Үлкен үйлеріміз бар, отбасы – кішкентай. Жаныңа керектің бәрі бар, уақыт жоқ…
Жоғары білім бар, ақыл – аз. Сарапшылар – көп, қиындықтар одан да көп. Жақсы медицина бар, денсаулық – жаман.
Тым көп ішеміз, тым көп шегеміз, бәрін жауапсыздықпен жұмсаймыз, аз күлеміз, тым жылдам жүреміз, тым тез ашуланамыз, тым кеш ұйықтаймыз, шаршап оянамыз, тым аз оқимыз, теледидарды тым көп көреміз және дұғаны тым сирек тілейміз. Талаптануды көбейттік, құндылықтарды азайттық.
Тым көп сөйлейміз, тым сирек сүйеміз және тым жиі жек көреміз. Тіршілік кешуді білеміз, өмір сүруді білмейміз. Адам өміріне жылдар қосамыз, ал жылдарға өмір қоспаймыз.
Айға жеттік, қайта оралдық, бірақ көшенің арғы бетіне өтіп жаңа көршімен таныса алмаймыз.
Ғарыш әлемін бағындырдық, жан әлемін бағындыра алмадық. Үлкен, бірақ жақсылығы жоқ жұмыстар атқарамыз
Ауаны тазартамыз, алайда жанымызды ластаймыз. Атомды бағындырдық, алайда мінезге әлсізбіз.
Көп жазамыз, аз білеміз. Жоспар – көп, жетістік – аз. Асығуды үйрендік, күтуді үйренбедік. Ақпаратты бұрынғыдан көп тарататын жаңа компьютерлер шығарамыз, алайда сирек шүйіркелесеміз.
Бұл жылдам тамақтанудың және жаман асқорытудың, үлкен адамдар мен кішкентай жүректердің, аяқасты табыс пен қиын арақатынастардың уақыты. Отбасы кірісі мен ажырасу көбейген, әдемі үйлер мен шайқалған шаңырақтардың уақыты.
Бұл қысқа қашықтықтардың, бір реттік жаялықтардың, бір түндік байланыстардың, артық салмақ пен бізді қоздыратын, қойдыратын, өлтіретін дәрілердің уақыты.
Бұл сіресіп тұрған сөрелердің, бос қоймалардың уақыты. Бұл осы хатты Сіздерге жеткізетін және басқалармен бөлісетін немесе «Delete» тетігі арқылы өшіре салуға мүмкіндік беретін технологиялар уақыты.
Есте сақтаңыз, жақсы көретін адамыңызға көбірек уақыт бөліңіз, өйткені олар мәңгі бізбен бірге болмайды.
Есте сақтаңыз, жақын адамды қаттырақ құшыңыз, өйткені бұл шын жүректен ұсына алатын жалғыз байлық.
Есте сақтаңыз, жақын адамға «сені сүйемін» деп айтыңыз, бірақ әуелі шын жүректен сезініп алыңыз. Шын сезіммен өбу мен құшақ кез келген қателікті түзей алады.
Есте сақтаңыз, қолынан ұстаңыз және сол сәттерді бағалаңыз, өйткені күндердің бір күні ол адам қасыңызда болмай қалуы мүмкін.
Бөлісу:

2 пікір

ruben
Әлде/кім/нені жоғалтпай тұрып оның қадір-қасиетін білгенге не жетсін?!
RauRau
Жас қартаймақ, жоқ тумақ, туған өлмек, Тағдыр жоқ өткен өмір қайта келмек. Басқан із, көрген қызық артта қалмақ, Бір құдайдан басқаның бәрі өзгермек… (Абай)