Бір қарыс оқиға немесе соғыс таңбасы. Триллер
Өскемен қаласы. Жергілікті уақыт он шамасы. Ортаңғы алаң. Тамыз айының соңғы аптасында өтетін дәстүрлі «Халықаралық бал арасының фестивалі»-нің салтанатты ашылу кезі. Алаңда орнатылған сахна төрінен соңғы салтанатты баяндама оқылып аяқталғаннан кейін бал арасының құрметіне шеру басталды. Көтеріңкі көңіл-күймен той-думанның басы. Шеру басында жылжымалы платформа. Платформада адам бойынан үлкен бал арасының макеті орнатылыпты. Платформадан кейін қызыл түсті «гусарлар» формасын киген үрмелі оркестр келеді. Грен Миллер шығармаларынан көңілді попурри ойнайды. Бір қайырмасынан кейін барлығы оңға, сосын солға қарай бұрылып, жаңа джаз әуенін шырқатып, жүрістерін жалғайды. Одан кейін әр ауданнан келген омарташылар лек-легімен шеру колоннасын толықтыра берді. Ортаңғы алаң аспаны көкке көтерілген түрлі-түсті шарлармен толды.
Фестивальге он шақты шетелден қатысушылар келді. Оларды ортаңғы алаңдағы сахна үстіне фестивальдің құрметті қонақтары ретінде шығарды. Сахна үстіне шыға салысымен олар қолдарын бұлғап, жиналған жұртпен көңілдері ортақтастығын білдірді. Ең үлкен делегация Жапония мемлекетінен. Аудармашылар мен көмекші персоналдарды қосқанда, отыз шақты адам.
Салтанатты шеру аяқталысымен фестивальге қатысушылары мейрамға келген арнаулы қонақтарға, қала тұрғандарына көрме-жәрмеңкесін бастай жөнелді. Шетелден келген қонақтар сахнадан түсіп көрмелерді аралап кетті. Әр делегация құрамындағы кәсіпкерлердің өз жоспары бар. Біреулері қазақстандық табиғи өнімі -балға қызықса, екіншілері омарташыларға арнап құрал-жабдық сатпақшы. Үшіншілері өз өнімдерімен таныстырып жарнама жасамақшы.
Жапония делегациясының құрамында Сато есімді егде жасқа келген ер адам бар. Омарташы. Тек өзіне арнап жеке аудармашы және қызмет көрсететін адам бекітілген. Бал арасының фестиваліне қатысудан басқа жеке басына қатысты бір шаруасы болатын.
Фестиваль өтіп жатқан орталық алаң қасында облыстық әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында уақытша фестивальдің ұйымдастыру комитеті орналасты. Сато мырзаның аудармашысы фестиваль ұйымдастыру комитетінің төрағасына бет алды.
Ұйымдастыру комитетінің төрағасы жапондық делегациясының мүшесі өзіне қарай бет алғанын байқап, өз орнынан тұрып қарсы алды.
Аудармашы төраға қасына келіп, тек сол кісі еститіндей етіп сыбырлап, ойын жеткізіп жатыр. Төраға аудармашыны тыңдап болған соң:
-Мырзаңызға қандай болса да қызмет көрсетуге дайынбыз,-деп жауап берді.
Басымен шұлғып әр сөзді түсінгенін білдірген аудармашы теріс бұрылып, өз мырзасының жанына кете берді.
Біраз уақыттан соң екі жеңіл автокөліктен тұратын корттедж қала сыртына қарай бет алды. Алдыңғысы МАИ қызметінің автокөлігі, соңғы жеңіл автоколікте төрт адам -жүргізуші, Сато мырза, аудармашы, қызметші.
Автокөліктер Өскемен ГЭС-ының платинасының үстіне барып тоқтады. Басында ақ каскасы, үстіне костюм-шалбар киген инженерлік қызметтің бір мүшесі -жас жігіт Сато мырзаны жолаушылырымен қарсы алды. Ол ГЭС туралы мәліметтерді Сато мырзаға аудармашысы арқылы жеткізе бастады.
ГЭС-тің платинасы Ертіс өзенінің суын 90 метр биіктікке көтереді. Платина арғы жағындағы су қоймасы Бұхтырма теңізі аталатынын айтып жеткізді. ГЭС 1939 жылы салына басталған, 1941 жылы соғыс басталғанан кейін тоқтап, 1949 жылы жалғасын тауып, 1959 жылы құрылысы аяқталған.
Қысқа мәліметтердің ар жағында не жатқанын Сато мырза жақсы білетін. Оны осы жерге әкелген 65 жыл өткен тарих үзіндісі еді.
Сато мырза қызметшісімен бірге ГЭС платинасының орта шетінде жалғыз қалуға рұқсат сұрады. ГЭС қызметкері ешқандай қарсылық білдірмеді. Сато мырза платина үстінен алдындағы Бұқтырма теңізіне көзін жүгіртіп көрді. Біраз үндемей тұрды. Көмекшісі басы түтіндеген бір қарыс таяқшаны мырзасының қолына ұстатып, шеткері барып артынан тұрды. Сато мырза саусақ ұштарын жоғары көтеріп, екі алақанын біріктіріп төмен кеудесіне жинап дұғасын оқи бастайды. Алақанның ортасында түтіндеген таяқша. Дұғасын оқып болып, екі қолын екі жаққа тік түсірген соң, екі жапондық шығысқа қарай бірнеше рет иіліп, дұғаларын оқып бітірді.
Сырттарынан бақылап тұрған ГЭС қызметшісі көрген көрініске таң қалды. Сато мырзаны шығарып салды. Өскеменге Ертісті бойлап кетіп бара жатқан жол үстіндегі қос машина көзіне көрінбей кеткенше бақылап тұрды. Кері бұрылып, Бұхтырма теңізіне қарап ішінен өзіне сұрақ қойды:
-Мына теңіздің неткен сыры бар, дүниенің арғы түпкірінен келген қария тағзым ететіндей, бірақ қазіргі заманда таң қалуға еш себеп жоқ,- деп ойын үзіп, күргенін ұмытуға тырысып, өз жұмыстарын атқаруға кете берді.
ГЭС құрылыс барысын көріп, осы күнге жеткен қала тұрғындарының саны азғантай. Жастары тоқсаннан асқан үлкен адамдар есінде не қалды дейсің, қалмайтындай етіп қорқынышпен сөндірілгендері де бар. Бірақ, бүгін көргендей анық есте ұстап қалғандары бар. Солардың бірі — поляк Козинский. Бұхтырма теңізіне қайығынан қармақ тастағанда, оның түбінде не жатқанын біліп, өзі үшін, басқалар үшін құдай алдында кешірім сұрайтын. Қазақ жерінде дүниеге келді. Көз ашқалы көрген Ертістен ұзап кете алмады. Бала кезден ұстаған қармақ жетпіске тақаған жасында да қолынан түспейді. Козинский мұсылман болмаса да платина бөгеуіне күніне бір рет болсын бетін бұрып қолымен бетін сипайтын. Бұл әдеті қашаннан пайда болғанын өзі де білмейтін. Бұхтырма теңізі поляк Козинский мен жапондық Сато туысқандарындай жақын етті.
Бүгін қалада мейрам. Үлкен-кішілі қала тұрғындары қалада кезіктірген жапондыққа, қытайға, түрікке ешкім таң қалып қарамайды. Жаһандану заманның адамдары. Көздері тез үйреніп алды. Жеке адам басы ұлт мүддесінен жоғары саналған күн. Көзбен көргендері, естігендері құнсыз. Ешнәрсеге бас қатырғысы келмейтін тоғышар халық. Қолға тигеннің қадірін білгісі келмейтін күн. Өткен тарихтан ұялып қашып, болашағына табынған.
Келесі жылдың көктемі. Өскемен ГЭС-інде жоспарлы түрде техникалық байқаудан өтуде. Комиссия мүшелерінен құрылған әр топ мүшелері бетон ғимаратының әр бөлігін аралауда.
ГЭС платинасын, яғни, су бөгеуінің жағдайын ғалымдар құрал-жабдықтар көмегімен ультрадыбыстық зерттеу жүргізу үшін бөгеуге қатермен жүзіп келді.
Козинский шал зерттеу жүргізіп жатқан катердің жағаға келгенін байқап, бір ыңғайын тауып, ішіндегі ғалыммен сөйлесіп қалу амалын тапты.
-Жұмыстарың алға жүріп жатыр ма? Қай жақтан келдіңдер?
-Иә, жүріп жатыр. Санкт-Петербургтен шақыртты. ГЭС-те күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізілетін көрінеді.
-Санкт-Петербург, Ленинград десеңші. Жапондықтардың сүйегін тапқан жоқсыңдар ма?
-Жапондардың сүйегі?
-ГЭС-тің құрылысын менің әкем бастаған. Ол мұнда 1939 жылы жер аударылып келген. Бұл жерде үлкен «еңбек армиясының» лагері болды.
-Сіз мына ГЭС-тің алғаш құрылысын басталғанын көрдіңіз ғой?
-Жоқ, онда мен әлі дүниеге келген емеспін. Соғыс басталған жылы дүниеге келдім. Бірақ кейін құрылыс жанданғанда осы жерде болдым. Бала кез. Біздің үй-іші халық жауы болғандықтан осы «поселеньядан» шығуға тыйым салынатын.
-Қиындық көріпсіз. Бір нәрсені түсіне бастаған секілдімін. Сіз әңгімеңізді жалғастыра беріңіз.
-Біздің үй осы платина астында қалды, су жоқ болған кезде бұл жерден Ертіс ағатын. Үйіміз Ертіс жағалауында болды. Ертістің екі жағына тау етектері тау бастарына тік көтерілетін. Біздің үй тұрған жердегі қара топырақ күрек басының тереңдігіндей болды. Әрі қарай қаза алмайсың, қара тас. Біздің үйден төмен биік тау етегімен Ертіс жағалауының арасы біраз кеңитін. Сол жерде бірінші лагерь орналасты. Әскери тұтқындар лагері деп аталатын. Әскери лагерь болмай тұрғанда еңбек лагері деп аталатын. Аты өзгерді, мәні өзгерген жоқ. Жан-жағы тікенек сыммен қоршалған, жүз метр жерден вышкалар орнатылған. Жақсы күзетілетін. Легерь ішінде ағаш үйлерде тұтқындар тұрды.
Лагерь соңында ГЭС құрылысы. 1946 жылдан бастап лагерьге жаңа тұтқындармен тола бастады. Бойы бір жарым метрден асатын азиялық адамдар — жапондықтар. Лагерь ортасында жеке ағаш үй пайда болды. Фельдшердің үйі. Лагерьдегі жалғыз неміс әйел Эльма. Осы лагерден бұрын фашистердің тұтқындар лагерінде фельдшер болыпты деседі. Бала кезімізде лагерь тұтқындары жұмысқа аттанғанда ұрланып лагерь ішіне кіріп Эльманың үйінің терезесінен ішін қарайтынбыз, іші аппақ. Үстел, төсек-орын ақ матамен жабылатын. Ылғи да таза жүретін. Тұтқындар арасында іш сүзегі ауруы тарады. Таңертең тұтқын өзінің ауру жұқтырғанын сезсе, бір-екі күн ішінде оның асқынуына тап болып қиналып, ақыл-естері тұманданып өлетін. Естуімізше, ауру асқынса, адамның ішіндегі ішектер тесіліп, жыртылатын көрінеді. Осы кезде қатты қиналған тұтқындар бір-бірінен өздерін өлтіруді сұрайды екен. Құрылыс басы көптеген тұтқындар зиратына айналған көрінеді. Көршісі қиналып өлім сұрағанда, екінші тұтқын оның басын күрекпен жарып өлтіріп құйып жатқан бетон ішіне құлатқан көрінеді. Кеубіреулерін жерлейтін. Қу сүйегі қалған тұтқындар Ертіс жағалауында жиырма сантиметр тереңдікте көміп, үстін бір тақтаймен жауып, үстіне топырақ үйетін. Бағана айтқанымдай, одан тереңге күрек басы бармайды, асты қара тас. Көктемде топырақ бетін су шайып кеткенде әлгі тақтайлар шеті көтеріліп шығып қалатын. Тақтайларды жерден суырып алып поселенья тұрғындары керек жарақтарына пайдаланатын. Бір жыл ішінде мыңдаған тұтқындардан түк те қалған жоқ. Лагерь босап қалды. Құрылысты Соғыстан оралған азаматтардан құрылған бригадалар жалғасытырды. Платинаға су толтырар алдында біздің поселеньяны көшірді. Тұтқындар барақтары, біздің поселенья осы сексен метр судың астында қалды. Посельние елуінші жылдар ортасына дейін болды. Саяси қылмыскерлер кешірілді. Посленьяда бір-ақ адам — Эльма тұрды, соғыста жасаған қылмыстары үшін оған сол жерден көшуге рұқсат етілмеді. Эльманың дүниеге әкелген жалғыз баласы ерікті болып өсті. Интернатта тәрбиеленді, қалада жұмыс істеді. Анасы өлім тырнағына ілінгенге дейін барып көмектесіп тұрды, — деп Козинский шал әңгімесін аяқтады. Санкт-Петербургтен келген ғалым біраз үндемей тұрды да:
-Біз зерттегенде платина қабырғасында қуыстар барын анықтаған болатынбыз, сіздің әңгімеңіз көп болжамдардың орынсыз екенін дәлелдетіп отыр, шынымен қабырғада адам сүйегінен қалған қуыс болса, біз тапқан қуыстар орналасу жиілігін түсіндіруге болады.
Козинский денсаулығы нашарлағаннан кейін Бұхтырма теңізінің жағалауындағы үйінен көп пәтерлі үйде тұратын қызының қолына көшіп келді. Қысы-жазы балық аулауға сайланып шығып бара жатқан атаны көрген көрші жұрт оны «балықшы» деп атап үлгерді. Козинсикий шал көзден ғайып болғаны бірер жыл өтті.
1945 жылдан бері соғыста тұтқынға алған адамдар қолдарымен Өскемен қаласының біршама нысандарын тұрғызды.
Осы күнге дейін алпауыт қайғы-қасірет ізін көруге болады. Жаһандану заманы болғанымен өткенді ұмытып, санамызды сату заманы емес қой.
«Радио Микс FM 107.8» толқынында хабар:
-Сіз төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтің маманысыз, Өскемен ГЭС платинасы бұзылса, онда бізді не күтіп тұр?
-Біздің есебіміз бойынша бүкіл қаланы тереңдігі 30-40 метр су бірер сағат басып тұратын көрінеді.
-Өскемен ГЭС платинасының жағдайын қалай бағалайсыз?
-Ондай сұраққа жуап беруге өкілеттілігім жоқ.
Р.S. Әңгімеде ойдан шығарылған және дәлме-дәл келетін тұстары да бар.

2 пікір