Жұмыс уақыты бітіп, үйге кетіп бара жатқанда таныс адамыңыз кездесіп қалса не амандасарыңызды, не "сау бол" деп айтарыңызды білмей сасқан кезіңіз болды ма?

Кейінгі кездері бірнеше рет осындай жағдайға тап болдым. Бұрын қалай байқамағанмын. Қияли бола бастадым ба деп елден сұраған ғой.

Жұмыс уақыты бітіп, үйге кетіп бара жатқанда таныс адамыңыз кездесіп қалса не амандасарыңызды, не "сау бол" деп айтарыңызды білмей сасқан кезіңіз болды ма?

Бөлісу:

8 пікір

Ainura
Менімше сасып абдырап қалатындай мәселе емес сияқты ғой)))
torgai
Өзім де таңмын. Нақты айтсам 5 рет болды соңғы 2-3 айда. Демек менде ғана…
sigma
Жалпы болып тұрады ондай. Көбіне амандасып жүре берем.
ken
басыңды изей сал. сонда ана кісі саған жауап ретінде не сәлемдеседі, не қоштасады. соған қарай сен де онымен не сәлемдесесің, не қоштасасың. кейде ол да жәй ғана басын изей салуы мүмкін. онда екі жақ та бір-біріне құрмет көрсеткен болады.))
Beytanis
«Сәлем-сау бол» дей салу керек деп білгіштеніп қояйын
Dianahanym
салем деп жымиып, жаксы сау бол деп тағы да жымия салу әдетке айналды)
Tyulpan
«salemetsiz be jane sau bolynyz» dep kulimsireimin. ol maz bolip kulip jiberedi ))