Кальян – қауіпті кайф!!!

Қор-қор шегіп көңіл көтеретіндерге денсаулық сақтау мамандары осындай ескерту жасады. Кальян – темекіден 10 есе көп зиян келтіретін құмарлық. Тістің шіріп, тыныс алу жолдарына кері әсері бар. Тіпті ісік ауруларына да шалдықтырады екен. Тыңдап отырсаң қор-қор шеккендердің қасына отырудан да безініп кетесің. Бәленің ішінде не жоқ дейсің. Бензол, сафилакок деді ме. Әйтеуір бір түсінгенім – никотині темекіден 10 есеге көп.
Осы күнге дейін үндемей келген (бәлкім өздері де үрлеген шығар) денсаулық сақтаушылар аяқ астынан бүлінді. «Темекісіз Қазақстан» қозғалысының қозғауымен қолға алынған бастама атқарушы билік тарапынан бірден қолдау таба кеткен. Тіпті келер 2014 жылдан бастап қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салу туралы тиісті заңнамаға өзгеріс енгізбек. Әрине, бұл алпауыт компаниялар басқарған темекіге шектеу қоюға қарағанда оңай шаруа. Шағын кәсіпкерлер зардап шегетіні түсінікті.(Дер кезінде бөлісу керек пе еді). Түркия мен Ресей уже мұндай заңды қабылдап тастапты. Олардан қаламыз ба. Қалай болса да 1 жылдан соң түтіні будақтаған ортада отыра алмайтын сияқтымыз. Кальянқұмарлар үлгіріп шегіп-шегіп алыңдар. Айтпақшы, үйге сатып алсаңдар болады. Оған тыйым жоқ білуімше. Өзім ермек етпеген соң айтпай қалғандарым бар-ау.
Бөлісу:

13 пікір

Beisek
әуес емеспін құдайға шүкір. бірақ достармен жиналғанда айда жылда баруға болад
asaubota
кеше осыны жаңалықтардан берді. былай негізі кірпіге де белгілі жай емес пе зиян екені. және кальянды адам күнде шекпейді, кафеге отырысқа барған кезде болмаса. қазір зиян емес нәрсе жоқ.
torgai
Енді соны жерден жеті қоян тапқандай жариялады ғой. 6 ай бұрын діни басқарма оны «харам» деген пәтуа айтқан еді.
neoaskar
Зиян емес екі нәрсе қалды, бірі өзіңнің келіншегің, екіншісін айтпаймын. бірақ кейіііііін айтам
danakyz
нерв жүйелеріне келетін ЗИЯНның 80%-ы сол өзіңнің қатыныңнан болады
daugozhek
Кальянды өз басым жезөкшеге теңеймін
temir1986
Шегіп көрген нәрсем емес. Бірақ әншейін науқаншылдық қой. Басты ауыртпасын.
Tyulpan
кальянға запрет жасаса екен заңды түрде...

asaubota
кальяншы емеспін, соңғы рет қашан шеккенімді де білмеймін, 10 жылдай болған шығар. бірақ бұл темекі сияқты сұрап тұрмайды. кафеде шегілетін ермек қана. мұны неге тақырып қылып жүр, соны түсінбедім.
edige
Палы тура келмей букмекерлік контораға жақсылап түскен бір көкеміз оны парламентте жабу мәселесін қозғап жүр… ол да сол…
Zilola
кальянды шегіп көрмеппін, бірақ шегетіндерге қой демеймін.
Ощым, Алматы қаласында жалға алам деушілер болса таныстар бар )))
ruben
Әдемі жарнамалап келеді, кім жасап жатқан болса. «Харам» деген жапсырмаға одан бетер қозатындардың сезімдерімен ойнап, әдейіге алға тықпалау әрекетіне көбірек келінкірейді.
ken
Темекілердің қорабындағы суреттер не боп кеткен, жақында байқадым