Әлемдегі ең ұлы саудагер болу үшін ғана бұны оқу керек емес, сондай - ақ адамға өзіне деген сенімділікті тудыруы үшін де қажет.

Әлемдегі ең ұлы саудагер (1-бөлім)

| 0 пікір

Ог Мандино — американдық жазушы, оның кітаптары 50 миллион дана көлемінде сатылып, әлемнің 25 тіліне аударылған. «Әлемдегі ең ұлы саудагер» деген бүкіл әлем мойындаған, ең тамаша туындылардың бірі болып есептелетін еңбегін назарларыңызға ұсынамыз.
Бұл кітап мыңдаған оқырмандарды шабыттандыратын, рухани және денсаулықты, байлықты, ақылдылықтың гармонияларын, күш-қуатты, үлкен қуанышты насихаттайтын, махаббатты, жанашырлықты біріктіріп, сауда жасауды жетістіктің философиясына айналдырған ұлы саудагер В.Клемент Стоунға арналады.
Хафид есімді өз заманының ұлы саудагері бұрын өзіне сол сияқты бай, ақылды саудагер аманат еткен «табыстың кілтін», яғни шиыршықтарды дәстүрлі түрде кезекті адамға аманат етуі керек. Әрбір шиыршық өзінде құпия жасырады, сол құпия арқылы адам сауда өнерінің қырларын ашпақ. Ондай болса, ол құпияны назарларыңызға ұсынамыз.
Менің батылдығым мықты болса, сәтсіздіктер мені сындыра алмайды. Бірақ мына күмәндар барша саудагерлерді мазалайтын шығар: «Неге адамдар менің сөзімді тыңдамайды?», «Олардың назарын қалай аударуға болады?», «Неге мен бір сөз айтпай жатып, есікті тарс жабады?», «Неге менің айтқан сөзім оларды қызықтырмай, менен алыс кетуге тырысады?», «Бұл қаланың барлығы кедей болғаны ма?», «Бұл зат ұнайды, бірақ сатып алуға қаражат жоқ дегенде не жауап қайтарамын?», «Неліктен көпшілігі басқа күні кел дейді?», «Егер мен сата алмасам, басқалар қалай сатып жүр?», «Жабық есікке келгенде, мені қандай үрей билейді, мен онымен қалай күресе аламын?», «Мүмкін менің бағам, басқа саудагерлердің бағасымен дәл келмейтін шығар?» Бұл күмәнді сұрақтардың барлығына жауап аласыздар!!!
Бірінші шиыршық.
Бүгін мен жаңа өмір бастаймын!
Дарынсыздық, қайғы, өмірдің соққыларынан кейінгі ескі терімді тастаймын. Маған дейінгі негіз салушылардан білімнің, ақыл-ойдың қазынасын сыйға аламын.
Бұл қыл қаламмен жазылған құпияның тәтті жемісінен жеп, жетістік атты дәндерін жинап аламын.
Мен таңдаған жолда жетістіктермен қатар көптеген толқулар, көңіл қалушылықтар болады. Егер сәтсіздікке ұшырағандардан пирамида тұрғызған болсақ, ол ең биік пирамида болушы еді.
Бірақ мен басқалар сияқты жеңіліп қалмаймын, менің қолымда тасыған судан аман қалып, менің арманымның жағасына шығуға көмектесетін жол көрсеткіш бар!
Енді айқас кезінде мен сәтсіздікке ұшырамаймын… менің денем дертпен күресетін сияқты менде өмірдің қиыншылықтарымен күресемін. Сәтсіздік, дерт секілді менің табиғатыма жанаспайды.
Менің арманымнан да алысқа, құрмет пен бақытқа алып баратын, қараңғы түнектен шығаратын даналық пен ережелердің артынан жүруге дайынмын.
Маған берілген мерзім аралығында сабыр деген ғажап қасиетке ие болуым керек, себебі табиғаттың өзі асығыстық жасамайды.
Барлық ағаштардың патшасы зәйтүн ағашын өсіру үшін жүз жыл керек. Ал пияздың сабағы не бәрі тоғыз аптада шіріп кетеді. Енді мен ағаштардың патшасы зәйтүнге, яғни мықты саудагерге айналамын!
Оны қалай істеймін? Менің білімім, тәжірибем жоқ қой. Жауабы өте қарапайым: бар білімімді және тәжірибемді алып жолға шығамын. Аллаһ бізге орман жануарына қарағанда мол түйсік берген.Ал тәжірибе мода іспеттес: бүгінгі жетістікке әкелген іс-әрекеттің,
ертең еш құны болмайды.
Бейбақ, яғни сәтсіздікке көп ұшырайтын адам мен табысты адамның айырмашылығы, олардың әдеттерінде. Көрнекті әдеттер – кез-келген жетістіктің кілті болып табылады. Ал жаман әдеттер – жеңіліске апаратын, айқарыла ашылған есік. Сондықтан мен мына заңға бағынамын:
Мен көрнекті әдеттерді өз бойыма жинап, олардың мәңгі құлы боламын.
Мен бұл шиыршықтардың әрқайсысын 30 күннен оқимын, тек содан кейін келесісіне көшемін.
Ең алғашқы рет таңертең ішімнен оқимын, сосын түсте, ал ұйқтар алдында
ДАУЫСТАП
оқимын. Келесі күні дәл осылай, сөйтіп 30 күнге жалғасады.
Бұл шиыршықтарды отыз күн оқу арқылы не нәрсеге қол жеткіземіз? Қайталау арқылы бұл сөздер біздің санамыздың бір бөлігіне айналады, одан барып соқыр сезімге өтіп, біз күтпеген іс-әрекеттерге әкеледі.
Бүгін мен жаңа өмір бастаймын!

Шиыршықтарды оқып-қайталауды бір күнге болсын тоқтатпаймын, мені күтіп тұрған бақыт пен табыс үшін, бұның өзі аздық етеді.
Екінші шиыршық.
Мен бүгінгі күнді жүрегімдегі бар махаббатпен қарсы аламын
Кез-келген бастама табыстылығының құпиясы ғой. Бұлшық еттің көмегімен біз бөгетті талқандап немесе өзгенің өмірін қия аламыз, ал көрінбейтін махаббат күші болса, кез-келген жүректің есігін аша алады. Мен бұл өнерді меңгеріп алмағанымша, нарықтағы таратушы қызметінен көтеріле алмаймын. Махаббат менің қаруыма айналады, ешкім махаббат күшін жеңе алмайды.
Менің сөздеріме күмән келтірсеңіздер болады, ал дәлелдерімді есепке алмауға, менен кері бұрылуларыңызға болады, менің жүріс-тұрысымды сөз ету оп-оңай нәрсе, тіпті, менің саудамның өзі барлығы тарапынан қызғаныш сезімін тудыру мүмкін, бірақ махаббат, қақаған қысты өзінің шуағымен жылытатын күн сияқты, кез-келген жүректі ерітеді.
Мен бүгінгі күнді жүрегімдегі бар махаббатпен қарсы аламын
Оны қалай істейміз? Енді мен барлық нәрсеге махаббатпен қараймын. Менің денемді жылытатын күнді жақсы көретін боламын, менің жанымды жуып-тазартатын жаңбырды да сүйемін. Маған жол көрсететін жарықты, жұлдызды көруге мүмкіндік беретін қара түнекті де сүйемін. Бақытты қуана қабыл аламын, ол жүректі жомарт етеді, жан-дүниені ашық ете түсетін жабырқау сәттерді де шыдап бағамын. Мен лайықты марапатымды алып, сәтсіздіктерді ерекшеленетін мүмкіндік ретінде қабылдаймын.
Мен бүгінгі күнді жүрегімдегі бар махаббатпен қарсы аламын
Мен басқалармен қалай сөйлесемін? Дұшпандарымды мақтаймын, бара-келе олар менің достарыма айналады, мен достарыма сүйеніш боламын, сөйтіп олар менің бауырларыма болады.
Мен бүгінгі күнді жүрегімдегі бар махаббатпен қарсы аламын
Өзімді қалай ұстаймын? Мен барлық адамдарға махаббатымды сыйлаймын, себебі әр адамның бойында сүйсінүге тұрарлық жақсы қасиеттері болады. Махаббатым арқылы адамдар жүрегінің айналасында тұрғызған жек көрушілік пен күмән атты қабырғаны қиратамын, керісінше махаббат олардың жан-дүниесіне өтіп кететіндей көпір саламын.
Байларды – олар сирек болғаны үшін, кедейлерді – көп болғандықтары үшін сүйемін. Жастарды оларға тән үміттері үшін, қарттарды даналықтары үшін жақсы көретін боламын. Сұлуларды сүйемін, олардың көзінде де мұң жатыр ғой, көріксіздерді, олардың жаны тыныш болуы үшін сүйемін.
Мен бүгінгі күнді жүрегімдегі бар махаббатпен қарсы аламын
Мен басқалардың іс-әрекетіне қалай жауап қатамын? – махаббатпен. Махаббат – жүректі жаулап алатын қару ғана емес, ол өзгелердің жек көрушілігінен және ашуынан қорғайтын қалқан. Ауыртпалықтар мен бақытсыздықтар махаббат соққысынан сынып, жылы жаңбырға айналады.
Мен бүгінгі күнді жүрегімдегі бар махаббатпен қарсы аламын
Мені адамдар қандай түрде көреді? Мен әр адамға ішімнен тіл қатамын: «мен сені сүйемін», — деп. Бұл айтылмаған сөздер менің жарқыраған көзімде, жымиған күлімсіреуімде байқалады, менің дауысымның жаңғырығында сезіледі, осыдан барып адамның жүрегі маған жауап қайтарады.
Жалғасы бар. "
Бөлісу…

егер ұнап жатса толық нұсқасын салам
Бөлісу:

2 пікір

111
Мен білетін жақсы саудагер, американдық Джо Джирард! Осы адам туралы іздеп көріңіз.
kazkozha
Нілә еш ренжіме неқой да түсінбедім. Мынауың сетевой маркетинг оқитындардың ми ашытуы сияқты бір долбоизмгой. Қатты айтып айтып тастасам ренжіп, жіп іздеп дүрме асылуға. Бұл тек манің ойым!