Әлемдегi ең меймaн хaлық қайсысы?

Меймaндық, досшылдық, aқкөңiлдiлiк жөнiнен қaзaқтaн aсқaн хaлық жоқ. Бұл aстындa еш тiрегi жоқ бос сөз емес. Әрi қaрaй оқысaңыз сiздiң де бұғaн көзiңiз жетедi.

Aдaмның aлaлығын тудырaтын фaкторлaр бaр. Aдaм қaншaлықты үлкен қоғaмның iшiнде өмiр сүрсе, соншaлықты қылмысқa және қулыққa жaқын болaды. Нелiктен aуылдaрдa қылмыс aз болaды? Бұғaн жaуaп екеу:

1.aуылдa aдaм сaны aз болғaндықтaн бaрлығы бiрi бiрiн тaниды.

2.aуылдық aдaм тaбиғaтқa жaқынырaқ

Aл үлкен қaлaлaрдa aдaм сaны көп, сонымен қaтaр бәсекелестiктiң көптiгiнен aдaм әртүрлi aйлaғa қулыққa жaқын болaды. Қызғaншaқтық, өркөкiректiк, бәсеке-бәйге, интригa, aрaмтaмaқтық, пaсықтық, aрaмзaлық, сaсық жүректiк (черствосердечность) деген қaсиеттер көбiне қaлaлықтaрдa кездеседi.

Aл ендi сiз үнемi тaбиғaтпен тiлдесетiн, бiрiмен бiрi iсi жоқ aдaмдaрдaн құрaлғaн қоғaмды елестетiңiз. Олaрдa қылмыстың деңгейi плинтуспен бiрдей. Бұғaн дәлел бiздiң хaлық. Жaңa-жaңa отырықшы өмiр сaлтынa бейiмделген Қaзaқстaндa Кеңес өкiметi кезiнде түрмелердiң сaны үшеу aқ болғaн.

Aл ендi ойлaнaйық. Бәрiмiз бiлетiн aфоризмдi aйтaйын: «Чем больше я узнaю людей, тем больше я люблю свою собaку». Осының aнықтaмaсы мынaдaй. Aдaмның aлaсы iшiнде, мaлдың aлaсы сыртындa. Aдaм тaбиғaттaн aлaлыққa үйрене aлмaйды.

Қaзaқ өмiр бойы тaбиғaтпен дос боп келген. Көк aспaнның aстындa күн шуaғынa шомылып, тaу мен тaсты aрaлaп, бұлaқтың суын iшiп, құлынның ойнaқтaғaнынa қaрaп сүйсiнген қaзaқтың aрaм ойды қaлыптaстыруғa уaқыты болмaғaн. Бiр aуылдa қылмыс болсa, сол aуылдың aқсaқaлдaры мaһкеме жaсaп, шaриғaттың зaңымен әдiл үкiм шығaрaтын болғaн. Көшпендi өмiр сaлтымен күнiн кешкен қaзaқтың үйiне қонaқ келсе, соңғы тоқтысын сойғaн. Бұғaн хaлқымды үйреткен Ислaм дiнi. Дaлa Зaңы бойыншa кезкелген қaзaқтың үйiне күтпеген қонaқ келсе, "Құдaйы қонaқ" деп қaрсы aлып, aуқaттaндырып, жылы төсек жaйып, үйiне қонуғa рұқсaт етуi тиiс. Бұны ешкiм қиын деп те көрген жоқ. Қойны aшық қaзaқ әр қонaқты көруге рaзы болaтын. Мысалға Кiшi жүздiң қaзaғы Ұлы жүзге қыз ұзaтқaн болсa, бiр-бiрiне қонaққa бaрғaндa бiртaлaй күн сaпaр шегетiн болғaн. Сол кезде жолдa жaқын жердегi aуылғa соғып, сол aуылдың бiр үйiне қонaқ болғaн. Жaғдaйын, қaндaй сaпaрғa шыққaнын aйтып, қaзaқылық тaнытқaн.
Бөлісу:

40 пікір

madikon
Алғашқы абзацтармен келісе алмаймын… қазіргі кезде көп жаманшылық ауылдан шығып жатырған сияқты. Есірткіге салыну, жасөспірімдер арасында төбелесу, кейде өлімге дейін бару, жас мектеп оқушыларының қыздары ерте тұрмысқа шығып,өмір түгілі үй шаруасына көп жағдайы келмей, ақырында барған жерінен ұрыс естіп, ажырасу деген сияқтылар толып жатыр. Көп үлкен ер кісілердің ішімдікке салынуы. Ал қаладағы көп адамдардың үлкен мақсаты бар, әйтеуір асығып, бірнәрсе үйреніп жүргендері. Әрине, көпке топырақ шашпаймын. Қалада бәрі керемет деп те айта алмаймын. Тек мына мақаладағыдай ауылдар қазір көп емес ау деймін. Бұл менің ойым!
neoaskar
Ауылда қаламен салыстырғанда өте төмен қылмыс жасау… Адамгершілік ауылда әлі де бар
Beisek
шынымен, қаладағы туыстарым мен ауылдағының арасы жер мен көктей
kazkozha
Барлық нәрсеге тосқауыл болғанмен адам ойына тосқауыл жоқ! Сондықтан мен де өз ойыммен бөлісе кетейін. Мадикон қарындасым сен дұрыс айтасыз қазір қылмыс атаулы ауылда да көбейіп кетті, бірақ неге олай деген сауалға жауап іздеп көрдіңізбе??? Бұл ауыл адамдарының қалаға еліктеуінен туған ауыр жіне күрделі мәселе болып отыр. Біз жастарды (мейлі ол ауылдық болсын не қалалық болсын) өзіміз қылмысқа тәрбиелеп жатырмыз. Барлық мәселе өазіргі таңда экранда. Телевизордан қажет пе жоқпа барлық нәрсені көрсетудеміз. Осының салдарынан қылмыс та жаңағы өзіңіз айтқан қыздарымыздың ерте отбасын құруына да осы себеп. Сондықтан баяғы ата бабамыз айтып кеткен мақалды заман талабына сай түзетер болсақ «ЕЛ БОЛМЫН ДЕСЕҢ ЭРАНЫҢДЫ ТҮЗЕ» ағайын!!!
madikon
Экранды түзеуге қазақ режиссерлары мен әртістері барынша ат салысып жатыр ғой. экранды түзегенше де әлі біраз уақыт керек сияқты. қылмыс атаулының көбею себебін ойландым. ауылда қаладағыдай үлкен расход жоқ. керемет жасалып жатырған іс, жұмыс жоқ. жұмысқа барып келер.болды.сосын адамдардың қолы бос. ал бір айлық өлместің қамы үшін жетеді. ал қалада адамдардың меніңше қылмысқа уақыты жоқ. көп адамдар қалада таңертең ерте тұрып жұмысқа кетпесе, жұмыстан шығып қалуы мүмкін. Ал жұмыстан шықса көп жағдайда далада қалуы мүмкін. Қалада бәрі дерлік таңертең таң атпастан кетіп, кешке түн батқанда оралады. Ауылдық жерлерге көп орталықтар жетіспейтін сияқты меніңше
kazkozha
Жарйды қолы бостар қылмыс жасады делік. Бірақ статистикаға сүйенсек ұылмыс жасайтындар көбіне орта жанұядан емес ортадан әлеуметтік жағдайы жоғары жанұядан шыққандар екен. Сонда мұны қалай тсіндіре аласыз? Кедей сорлының баласы барға қанағатшыл, жоққа төзімді келетіні таға хақ! Ал мына байсымақтардың ерке балалары сәл қиындыққа шыдамай, ұрлыққа, қоқан лоққаға, қыз зорлауға барып жатады екен. Бұл дәлел келтіруді талап етпейтін бұлтартпас шындық!!!
madikon
ия сіздікі де дұрыс. бірақ кедей отбасылардан да көпшілік. мен көрдім ғой сондай адамдарды. айтып жеткізе алмай отырмын.
temir1986
қылмысқа ауыл адамы қолы бостықтан барады дегенің қай сасқаның қарағым. қылмысқа адам сасық жүректіктен барады. Мысалы менің ауылымда соңғы 5 жылдамүлдем қылмыс болған емес.
madikon
қолы бостықтан емес, өмірінде еш мағына, мақсат жоқ. не үшін өмір сүріп жүргендерін білмейтіндерден шығады. өзі,өмірі, жанұясы үшін еш жауапкершілік алмағандардан шығады. оларға не істесе де бәрібір. бұл менің ойым.
temir1986
Сонда сіздіңше ауыл адамдарының еш мақсаты жоқ, ағыспен жүрген біреулер ме? Түсінігіңіз мүлде жат екен.
madikon
айттым ғой, көпке топырақ шашудан аулақпын деп, бірақ сондай адамдар бар ғой, менде ауылдың қызымын, ағайын-туыстарым, өте көп жақсы, күшті адамдар көп. бірақ еш мақсаты жоқ адамдар өкінішке орай бар, әсіресе ерлер қауымы дер едім.
temir1986
Ай айналайын, байқауымша қаладан жұмақ іздеп кеткен тәріздісіз. Егер ауылда қолы бос адамдар болса ол жұмыссыздықтан. Еріккеннен жүрген адамды көргем жоқ. Мақсатсыз жүрген адам ойдада, қырдада табылар. Бірақ барлығы сырт көзге. Әркімнің ішінде бір бір ит өліп жатыр. Ауылда жылында 1 қылмыс болса қалада он қылмыс болады күніне. Олар неге жасайды қылмысты қолы бос емес, басы арман-қиялға толы болса. Кінә ауылда я қалада тұрғаннан емес, кінә ортада. Ауылдың жыртысын кім жыртып жатыр қәзір. қылмысқа итеріп отырған қоғамның өзі. Байлық пен кедейлік басты кінәлі. Бір әңгіме айтайын- бір ауылда карта ойыны болады, ортасында бір бай жігіт өзі қайратты бәле, барлығына зорлық қылып отырса керек, сонда ойнап отырған бір жетім жігіт айтыпты анаған қазір мына қылығыңды қоймасаң құның бір патрон деп. Мен кете барам жалғыз өзім сені байлығыңды өлгесін көрерсің дегенге келтіріпті. Кім кінәлі ал осы оқиғаға.
bizbike
ауылда 1 қылмысқа қаладағы 10 қылмыс келеді сіздің ойыңызша, өйткені ауылда мың адам тұрса, қалада он мың адам тұрады, бұл тек сан ғана. Былтыр БҚО бір ауылында бір кісі өзінің ағасының екі қызын алты жыл зорлап жүріпті, ағасының келіншегі қайтыс болғаннан кейін, бұны ешкім байқамағанына мен сенбеймін. Екінші жайт Қызылорда жақта, ол да ауылда болған, бір кісі өгей қызы мен немере қарындасын алты жыл бойы зорлап жүрген, бұны да алты жыл бойы ешкім байқамағанына мен ешқашан сенбеймін. Мұндай жайттар қазір көп және көбісі ауылдарда белең алып жатыр, қазіргі ауыл бұрынғы ауыл сияқты емес. Қариялары да, жастары да арақ ішіп қаңғып жүр. Қалаға келейін десе, оларды күтіп отырған ешкім жоқ. Ауылда жұмыс жоқ, көретіндері теледидар, ал одан көрсететіні неше түрлі қылмыс, оның қалай орындалғанын тәптіштеп айтады және келіп, ауылдың адамы қазір ненің жақсы, ненің жаман екенінен шатасқан сияқты. Мен де көпке топырақ шашудан аулақпын, әрине бәрі ондай емес. Бірақ қылмыс дегенде де жоғарыда айтылған қылмыстардың әсіресе ауылдарда, және де оны ешкім байқаман/білмегенсіп жүргендері олардың қандай адамдар екенінен біраз хабар беру керек сияқты
madikon
толық келісемін, менің де ойым сол еді…
kazkozha
Ауыл қала деп бөлінгенше осы қылмыстарға не арқау соны айтып беріңіздерші сонымен мен жеңілемін. Ең бастысы адамдарда ИМАН азайған. қылмыстың түп төркіні билік басында. Егер қылмыс азайсын десе жоғарыда отырған (отыр деген аздау болар жатқан) ағаларымыз ауылға да қалаға да көңіл бөліп жұмыссыздықты азайтса, және жемқорлықты тоқтата алса қылмыс саны да 80% ға азаятынына мен кепіл!!!
bizbike
дұрыс айтасыз, мен де солай есептеймін
Nur
Мүмкін «мейман» емес, «меймандос» деген дұрыс шығар. Мейман — қонақ сөзінің синонимі, ал меймандос — қонақжай деген мағынада.
Сосын, «сасық жүрек» деген тіркесті бірінші рет естіп отырмын, тасжүрек десе келісуге болады.
Жалпы, автордың пікірінің біразына келісемін. Ауылдағы халықтың көп қасиеті қалалықтарға жетіспейді. Қалада достарды айтпағанда, туыстардың арасындағы қарым-қатынас салқындау болып келеді. бір жағынан оған қаланың қым-қуыт тірлігі әсер ететін шығар.
Beisek
ескерем. рахмет
asaubota
қазақ қонақжай халық емес, тек солай ойлайды екенбіз.
Beisek
ендi қандай екен?
UMYTYLGAN
үйдегі жалғыз атын сойып беріп
жүген ұстап қалады ертеңіне деген сөзді солай ойлап тапқанба сонда?
a63a1
Қызғaншaқтық, өркөкiректiк, бәсеке-бәйге, интригa, aрaмтaмaқтық, пaсықтық, aрaмзaлық, сaсық жүректiк (черствосердечность) деген қaсиеттер көбiне қaлaлықтaрдa кездеседi.
Ауыл түгіл ағайынның арасында да болады. Болса көре алмайды болмаса бере алмайды деген қазақ ақымақ боппа?!
temir1986
Бос сөз. ауылдың адамы қылмыскер, қаланың адамы пәк деген. ауылдың адамының қолы бос, қалалық керемет шаруа едегенді. барлығыды адамның жеке өзіне ғана қатысты. БҚ, Қ-да тіркелген қылмыстар қалалық жерде күнгіе болып жатыр. Және пайымдауымша әлгі зәбірге ұшырадық дегендер соны өздері қалағанда болуы мүмкін. Әйтпесе сонша жыл бойы неге жасырады. Зинақорлық пен жезөкшелік тап сол қалалықтардың қалап отырғаны. Өтірік көзді жұмбаңдар. ауыл адамының ең басты мәселесі ол шыныменде табыс көзінің жоқтығы. Біздің үлкен ағаларымыз ауыл адамдарына ана малды адамдардың малын бағыңдар дейді. Ал олар ауылдасын құл қылып жеккісі келеді. Проблеманың бір себебі сол. Бар заңның іске асуы мүмкіне емес.
madikon
Бос сөз. ауылдың адамы қылмыскер, қаланың адамы пәк деген
қаланың адамы пәк дегенім жоқ, тек осы мақала авторы жазғандай ауылдар қазір керемет емес дегім келді.
kazkozha
Мадикон! Сіздің ойыңызша ауыл қалай болуы керек? Шантуайтына келек болсақ ауыл сол қалпы, Қанша қалада жүргенімізбен ауылға тартып ақ тұрады. қылмыс, бұзақылық, көргенсіздік деген мәселелер сіз айтқандай ауылда емес қалада көптеп болып жатады. Енді ауылға тиіспеңіз сізден өтініш. Ауыл қазақтың қара шаңырағы! Адам өзіне керегін кез келген жерден көреді және оны қалай қабылдайтыны өзіне ғана байланысты. Мен үшін ауыл десе қиға піскен таба нан мен апамның күбіден жаңа алған сары майын араластырып маған беріп отырған атам есіме келеді. Енді ойланып қараңыз сіз ауыл жайлы қандай керемет ойды қандайй қылмыскерлер отаны жайлы ойға айналдырып жатқаныңызды!!!
madikon
Енді ауылға тиіспеңіз сізден өтініш.
қорықпаңыз! мен ауылды қаралап немесе тиіпек ойда жазғам жоқ. ия, сіздікі дұрыс мен үшін де ауылдың орны ерекше бөлек. сондада түрлі қылмыстардың бой көтере бастағаны шындық!!!
kazkozha
сол сіз айтқан қылмыстар негізі қай жақтан бастау алып жатыр??? әрие қаладан!!! егер сіз айтқандай келеңсіз жағдайлар ауылдан шығып жатса сонда біз не қылмыскермізбе? Мен де сол ауылдан шыққанмын бірақ қылмыстық әлемде еш орным жоқ, және оған қуаныштымын.
madikon
эх сіз де қоймайсыз екен… түсінбедіңізбе әлі. мен сізді қылмыскер дегем жоқ. жай ғана
сондада түрлі қылмыстардың бой көтере бастағаны шындық!!!
дедім, бәрі емес, бірақ сондайлар барғо.
kazkozha
Сондайлар қоғамның барлық жерінде бар екенін ұматпыйқ! Ауыл, қала деп бөлудің қажеті жоқ. Біздің заманның кем тұсы да сол!!!
bizbike
Және пайымдауымша әлгі зәбірге ұшырадық дегендер соны өздері қалағанда болуы мүмкін.

Cіздің есіңіз дұрыс па? Алты жасар қыз оны қалайша қалауы мүмкін? Ол оның не екенін де білмейді? Жазар алдында сәл ойласаңыз нетті?
temir1986
Алты жыл деп жаздыңыз
temir1986
Егер алты жасар қызды зорлаған болса асып өлтірсе дауа екен.
Barsa
«Ислaм дiнi», «Дaлa Зaңы» дегендерді ажыратып алу керек секілді. Шын, көшпенді қазақ табиғатпен етене байланысып кеткен. Көшіп-қонуы да жыл мезгілдерінің өзгеруіне қарай ауысып отырған. Бұл Ислам емес, өзің жазған Дала заңына (Тәңіршілдік) тікелей байланысты. Оттан аттама, Суға симе, Құдыққа түкірме, Өзенге кір шайма деген тыйымдар Тәңіршілдіктің белгісі. Менің қарапайым ғана түсінігімде Исламда "Қала заңы", «Дала заңы», «Мола заңы» дегендер жоқ.

Сосын, сенің суреттеп отырған заманың — патриархалды-феодалды дәуір. Қазір біз псевдодемократиялық кейіптегі социализмнен кейінгі капитализмді дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі ауыл деп жүргеніміз сол заманғы ауылыңнан ауылы кәдімгідей алыс. Ол жақта Құнанбай, Бөжейлердің «понятиесі» жүрмейді.

Сондықтан, мақала «ештеме» туралы жазғылған деп ойлаймын.
temir1986
Қонақжай екеніміз рас.
Beisek
«Ислaм дiнi», «Дaлa Зaңы» дегендерді ажыратып алу керек секілді.
Ислaм дiнiн қазақылықтан(Дала заңы) ажыратуға болмайды. Тәңiршiлiк өлi дiн. Оның орны тарихта. Бiздiң бүкiл жазушы ақындарымыз мұсылман боп өткен.
Сондықтан, мақала «ештеме» туралы жазғылған деп ойлаймын.
бұл сiздiң субьектив ойыңыз, Барселонаның ойыны — «ештеме» туралы
mercedes
Иә қазақтар бәрін бере береді.
ruben
сонда көршісі түгіл туыстарын танымайтын қандас/тағдырластарыңды қайда қоясың, физик бауырым?
Beisek
сенiң тобыңа қоям
Hetrou
Оқымадым. Автор, не айтқың келді, мейман халық дегенді қайдан шығардың?
UMYTYLGAN
меймандос дегісі келген сиякты