90 жылдардан қалған әңгімелер. Райым Кляйн. "Ырғыздағы "қырғын" (үйрек қалпында)

Осындағы қолданушылардың біреуі, Гастарбайтер ме еді («Гастербайтер» болып жазылмай ма?" © Ақзере), сол ма дейм (вахтыда болмаса: «мен танымайтындай тапал емес едім» деп шығад қазір, қара да тұр), очм сол кісі Бетібоқтағы парағында аузын ашса өкпесі көрінетін, әңгімені қыздырып, өзі ерікті-еріксіз супермен-бастыкейіпкер бов кетеверетін ғақылия амиголар туралы айтып өтіпті. Әлгі, «көздееееееееп тұрып, басып жіберіп едім: үш қоян үш жерде жалп ете қалд!» девалып, қолындағы мылтық — әңгіменің басында дараоқты карабин болғанын есіне салсаң — сені дереу жек көріп қалатын; сосын жалғыз оқты Ньютон механикасына кереғар ұшырып, әйтеуір үш қоянды ақыры бір оқпен құлататын көпірме амиголар ше? Ендеше, сондай аңғал да ниеті ақ жандардың әңгімесі жерде қалмасын деп, «Хард-әдебиет» бөлімінде «90 жылдардан қалған әңгімелер» деген субайдар ашуды жүн көрдік.




Преәлгібула

Райым Кляйн — 1994-1998 жж. аралығында Ырғыз кенттеріне спирт пен «SARATON» деген сасық темекі тасып, мал терісіне айырбастап, ал теріні — Түркістанға апарып өткізіп нәпақа тапқан адам. Алқашқы сапарларының бірінде жолшыбай кездескен өзбектерге тиісіп, солардың арызымен ТИЗО-ға қамалған. Біздерге ол енді — тұлға, пір: менттермен керіскендердің барлығын авторитет көретін жастамыз. Пақаны бүкіл тума-туыс, көрші-көлемді басына көтеріп, ақыры шығарып алды. Біз соны құшақтап қарсы алуға, арқасынан қағып, өзімдік танытуға шұбырып барып тұрмыз. Төрт литр «Rasputin» ішіп қойған сәт.


Райым Кляйн. «Ырғыздағы „қырғын“ (үйрек қалпында)

...- Ой лібәәәә — девятый атделмын дейд анау бір кезде! Мен де ақымақ емеспін ғой: горышкыңды көрсет десем, „мә саған горышкы“ деп, левыйдан басжівергісі келед чмо япты! Мен мас болғанмен, осы бірдеңе істейін деп тұр-ау деп, стойкы ұстап тұр едім қайта, соным жақсы болған: бұға қойдым. Анау гаронный ударын тигізе алмағасын, менің де грепкийарешек-Брюсуиллис екенімді түсініп, сескеніп қалд та. Өзіңе қиын болад дейд те. Мен айтам ұрғың келіп еді, ұрсайш енді деп. Бірақ ушлыйбидараз екен япты. Шамалы ойланып тұрд та, „Сені нақоя ұрып. Қазір саляркіңді ағызып кетем, айдалада қатып өлесің“ дейд. Сүйдеп қарап тұр да. Ойлады-ау дейм, көті ойнамай, аяғыма жығылад деп. Қайдағы нақ! Менде всегда есть план емес пе: ішімнен ойлап тұрдым, „Дүкенге шамамен 15 гиламетыр қалд, мынау кетіп қалғасын жаяу тартам“ деп. Ал ағыз саляркіні, ағыза қой дедім. Шынымды айтсам, духымды пензесс қылып тұрған арақ қой шешесс, кәдімгідей бетке айтып тастап жатырм да. Анау „онда жақсы, өзің біл!“ деді де, рациямен „адинадцатый отделды шақырыңдар!“ дейд!!! Ой лібәәә, дейстыбительны тасым мұздай боп кетті нақ! Адинадцатый атделды білмейсіңдер ме не — по борьбе контрабандой ғой, ГСК-да рөл ойнамайд олардың қасында! Кәдімгі ГСК бар ғой? Солардың өзін чмарить етжіверед адинадцатый атдел! Он минут та болған жоқ: ваенный гамаз келд те, лібәә — ішінен амонцылар түсіп жатыр, түсіп жатыр… Бір қарасам — круг жасап тұрып алыпты да. Мен де чык-чык-чык, тааак деп, расстояниені есептеп тұрмын да. Өлсем де біреуін ұрып құлатып өлейін деп. Стойкымнан қайтжоқ екенімді түсінді-ау дейм, машинаның ішінен ең соңғы болып — генералдары түст!!!

— Ой лібәәә…

— Гасякқа енді кірген екенсің ғой…

— Иә нақ: генералдары түсті кәдімгідей! Пагонында мынандай-мынандай үш жұлдыз жарқырап тұр…

— Лібәә… Сосын???

— Пензесс нақ, маманегарюй-пращайбатя дедім ғой. Сүйтсем, генерал қасыма келд те:
— Ана жақта Өзбекстаннан алма әкелатқан шаланда қарға батыватыр. Соны Ырғызға дейін сүйреп апарып тастасаң — боссың! — дейд!
Жаман қуандым нақ! Ганешны дедім, сіздікі де бизнес қой, менікі де гүнгөріс япты, осылай алыс-беріс болғаны дұрыс деп жатырм да қуанғаннан…

Осы кезде Райымның пақаны кіріп келді:

— Ей ептібайымайдтар, қайтыңдар нақ үйлеріңе! Ненің генералы ептібайымайд Ырғызда, босатқаны нес: осы тұрғанда түрмеден келіп тұрған жоқсың ба? Сенің жаман „Оралыңды“ не істейд: өзі КамАЗ-бен жүрсе? Өзбектерге тиістің — олар үстіңнен арыз жазды — менттер қуып жетіп қолыңды бұтыңа тығып қайырып алып кетті, сонымен бітті. Генерал дейді ғой епті күйдіріп. Қайтыңдар, нақтар кілең! Ертең барлығыңды теміржолға жұмысқа тығам, қаңғыбастар кілең, салпылдап жүргенді қоятын боласыңдар! Кувалды қайнағаның бригадасына бергізем барлығыңды, сүмірейтіп жіберсін! Қайтыңдар! Ұйықтаңдар!!!..
Бөлісу:

9 пікір

edige
Қырғыздың Қайыпомары
Жақсылап күліп алдым.
Abilakim
Осындай әңгімешіл адамдар көп адамдардың қиялын жетілдіруге сеп болған шығар
a63a1
 блә Өрт! Автордың сөйлеу мәнерімен елестетіп оқып шықтым нақ, бұт шылқып кетті
Barsa
Ауылдағы суайт Болатты есіме түсірдің, бауырым
Marco
Райымдай амиголар әлі де бар екен ауылда. Жуырдағы сапарымда жолықтырдым :J
Daniar-Alan
Пензесс нақ, маманегарюй-пращайбатя дедім ғой.
*lol*