Сөйлеші, бауырым!

Қазіргі таңда барлық дамыған елдерде блог жазу модаға айналды. Блог жазудың маңызы көп. Солардың бірін сізге ашсам деймін. Тілдің тірілігін білдіретін дүние – оның қолданылуы. Мысалға эскимос тілі өлуге жақын, ол тілде тек 2-3 адам сөйлейді. Ол тілде блог жазсаң, сол 2-3 адамнан артық ешкім оқымайтынына кәміл сенуге болады. Оған қарсы ағылшын тілінде бүкіл әлем сөйлейді. Сондықтан бұл тілде әлі күнге шейін жаңа сөздер пайда болып, Оксфорд сөздігіне еніп жатыр. Бұған дәлел “fog” (тұман) және “smoke”(түтін) деген екі сөзді қосып “smog”( тұманмен аралас түтін) деген жаңа сөз құрылды.

Кез келген тілді дамытатын — сол тілде сөйлейтін адамдардың ой бөлісуі, ойды дамытуы. Өзіңіз ойлаңыз, сіздің 5 минутта ойыңызға келген пікірді жазып, ғаламторда сақтадыңыз. Кейін оны 5-6 жылдан кейін бір қазақ керекке жаратып өмірінде, немесе саясатта еңбек ететін ағалар оқып мемлекет ісіне қолданар. Біз білмейміз

ертең не боларын. Бірақ осы жарқын елдің болашағы біз. Біз ойымызды ашып жазуымыз, сонымен ғаламторды толтыруымыз қажет. Біздің тіліміздің дамуы әлемдегі қазақтардың санына емес, олардың ана тілінде сөйлесуіне байланысты.

Интернет тіліміздің дамуына позитив амал жасауда. Себебі Моңғолия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан және Еуропадағы қазақтар елімізбен арасын үзбей, жергілікті қазақтармен ой алмасып отырады. Барлық қазақтар бір торапта жиылып, бір әліппеде тілдесіп сөйлессе қандай керемет болар еді! Біздің қазақтар қай жерде жүрсе де өзінің қандастарының ойын білу үшін жай ғана ғаламторға кіріп сол тораптың атын терер еді.

Сондай тораптың бірі Қытайдағы бауырлар тарапынан ашылды – senkazakh.com. Бірақ сайт жетілдірушілері кіріл әліппесіне аудару амалын нашар орындапты. Мысалға төте қазақшада «І» әрпі мен «Ы» әрпі бірдей жазылады. Соларды кірілшеде ажырату үшін скрипттер жазылмаған. Кейін сайттың интерфейсі онша келіспеген. Сондықтан, менің ойымша тораптың бастапқы нұсқасы латынша болуы тиіс. Оны кірілшеге де, төтеге де оп-оңай аударасыз. Сондықтан қазақ елінің тұтастығын аңсайтын АЙТИ мамандарының назарына салсам деп қолыма пернетақта алып осы мақаланы жаздым.

 Бейс Серікбай. Атырау қаласы
Бөлісу:

4 пікір

edige
senkazakh.comда скрипт кемшілігі ғана емес сияқты…
«Шәшбәулім» деген тіліі түс уақытында барахолкадағы «Ләғмән» деп айқайлайтын ұйғардың таза тілі…
Barsa
Керекте соңғы кездері латынға ауысу туралы көп жазылып кетті. Жолдауға қолдау деген қауымдастық ашу керек секілді

Меніңше, әліпбиді ауыстырамыз деп тыраштанғанша, халықтың әлеуметтік жағдайын жасауға, жас отбасылардың жағдайын жасауға көңіл бөлу керек секілді.

Реформаны жаса не жасама не бір қой секілді. Мен білетін бір сала бар, артық қыламыз деп тыртық қылған — білім беру саласы. Оқулықты «под себя» жазамыз деп қатені өргізіп жібердік. Орта мектептер ҰБТға дайындайтын ұстаханаға айналды. Колледждер, ЖООлар дипломды пәшкілеп беріп жатыр. Кредиттік жүйе енгенде емес, енбеген де емес болып қалды.

Дәл сол секілді латыншаға өту қойыртпаққа айналып кететін секілді. Тиіссек қанап кететін секілді
Beisek
оның бәрi уақытымен орнына келедi. ұлттық идеяны қалыптастыру, рухани байлығымыздың керегесiн нығайту — басты мақсұт! Орекең айтад, iстiң срочное и важное, важное но не срочное, срочное но не важное деген түрлерi болад. тiлiмiздiң орыс ықпалынан дербестiгi срочное и важноеға жатад.
temir1986
Мен сенбеймін Қодарға дегендей мен сенбеймін кез келген реформаға. Аяғы сиырқұйымшақтанып бітетін нәрсе ғой.