Жақсы нәрселер болсын деймін! Жаңа жыл берекелі, мерекелі болсын! Жақсы пост жазыңыздар!
ПыСы. батыстықтар екі рет ЖЖ қарсы аласыздар ма)) өз басым астана уақытымен бастап, батыс уақытымен жалғастырамын)))
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске,
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың
Күнінде біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа таяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз
Он бармағы қыналы
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы судай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
Бауырым, мен бұл тілекті жатқа білемін. Қазақ сөздерінің де мағнасын бір адамдай білемін. Мен түсінбейтіндей сөз көріп тұрғаным жоқ. Ал, сенің қателесіп отырғаныңды, басқа жерден көшіріп алғандығыңды қателерің айғақтап тұр ғой.
Дауысы судай саңқыған
Су саңқымайды, су борсиды.
Бұл жерде «Даусы қудай саңқыған» болуы керектін.
е, мен гугілдетіп тауып алғанмын. жатқа білмеймін. қалай тұр солай жаздым. Әйтеуір бас жағын білетін едім. Бірінші тілек тілеңіз деп.
Бізде тілек деп ұзан сонар сөз айтылып, жиын болып кетеді ғой, ондайды өзім жақсы көрмеймін. Әсіресе тойларда, сол баяғын сарын: «Ал не дейміз, екі жас бақытты болсын деп басталып, бірін бірі қайталау. керек десең. 70 -ке келіп жатқан көкеміз той жасап жатса да, ал, не дейміз сол апам екеуіңіз бақытты болыңыздар, деп бастап кете береміз.
оу жандарым ол кісілер 70 жыл бақытты болмай, бақытсыз болды ғой дейсің бе… Тілек, бата мағыналас сөздер, ақсақалдарымыз бата беруден қалып бара жатқандай көрінеді маған. ең болмаса айтылып кеткен бата-тілектерді жатқа білейік дегенім ғой
Түпнұсқасы қалай екенін білмеймін. қатесі жоқ, сөз саптауы дұрыс, одан артық қай жерін тексеремін. Әлде, Абайдың қара сөздерін қолданғанда өзің түзетіп жазып жүрсің бе.
Бір Аллаға жазбасқа…
Керекті дегенге өзіміз жетейік, керексіз дегеннен құдай сақтасын!
ПыСы. батыстықтар екі рет ЖЖ қарсы аласыздар ма)) өз басым астана уақытымен бастап, батыс уақытымен жалғастырамын)))
Бір аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Ер шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске,
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытта бес намаз,
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты ақ орда,
Ардақтаған аяулың
Күнінде біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа таяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз
Он бармағы қыналы
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Дауысы судай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Құлқыменен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.
Осыдан артық тілек бар ма?!
қылығымен сүйдірген
Су саңқымайды, су борсиды.
Бұл жерде «Даусы қудай саңқыған» болуы керектін.
Бізде тілек деп ұзан сонар сөз айтылып, жиын болып кетеді ғой, ондайды өзім жақсы көрмеймін. Әсіресе тойларда, сол баяғын сарын: «Ал не дейміз, екі жас бақытты болсын деп басталып, бірін бірі қайталау. керек десең. 70 -ке келіп жатқан көкеміз той жасап жатса да, ал, не дейміз сол апам екеуіңіз бақытты болыңыздар, деп бастап кете береміз.
оу жандарым ол кісілер 70 жыл бақытты болмай, бақытсыз болды ғой дейсің бе… Тілек, бата мағыналас сөздер, ақсақалдарымыз бата беруден қалып бара жатқандай көрінеді маған. ең болмаса айтылып кеткен бата-тілектерді жатқа білейік дегенім ғой
Ал, жекелей келгенде басымызға не қиындық түссе де Алладан күдер үзбейік…
Күнәмді кешір жаратқан
Екінші тілек тілейін
Ұздірме үміт жәннаттан,
Үшінші тілек тілейін
Үш жұртым аман болсын деп
Төртінші тілек тілейін
Басыма бақыт қонсын деп
Бесінші тілек тілейін
халқым болсын қуатты
Алтыншы тілек тілейін
Күніміз болсын шуақты
Жетінші тілек тілейін
инфодан табылып керегіміз
сегізінші тілек тілейін
бар қолданушы бақытқа кенеліңіз
тоғызыншы тілек тілейін
имандылық болсыy әр үйіңде
Оныншы тілек тілейін
Қолдайтындар әумин де
P.S. ақын емеспін біздікі сол еліктеу ғой