Блиц-сұхбат: Barsa

«Ештен кеш жақсы» болғандықтан, сұхбат кезегін жалғастырғалы отырмын… Кешіктіріп жариялағаным үшін Керекинфо қолданушыларынан кешірім сұраймын. tyulpan берген сұхбатта қалдырылған пікірлердің бірінде Nurgisa аға Barsa атты қолданушының өзі үшін беймәлім мүше екенін жазған екен. Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап тіркелген қолданушының ойымен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарыңыз болса қоя отырыңыздар.

Қала: Атырау
Сала: АТ-тірлік (ИТ-тірлік)

-Керекинфоға қалай келдіңіз?
-2004 жылы қазақша мәліметтер іздеп жүріп кездестім де бірден сүйіп қалдым және осында тұрақтап қалдым. Ол кезде пікірталас форум түрінде еді. Типі патриоттығымыз лап-лап жанып тұрған кез бе білмеймін, қозғалатын тақырыптар да «болашағымыз не болмақ?», «біз қайда барамыз?» шамасында болатын-тұғын. Қазір әйел-бала бар дегендей, қу тірліктің қамымен жүргенде блогтарда өз ойымды жазатын уақыт бола бермейді. Былай тұрақты оқып тұрамын.

-Керекинфода не ұнайды, не ұнамайды?
-Қыздар жағы ашылып әңгіме айтпайтын секілді көрінеді маған. Ересектер әңгімесіндегі жігіттер жағын қызықтыратын кейбір сұрақтарға қыздар жағы жарытымды жауап бермей жатады. Сосын, Сатыпалды, Рапайыл секілді жарыпшығарлардың ізбасарларын көрмей жүрмін.

-2012 жыл сіз үшін қалай өтті, өз өміріңіздегі басты оқиғасы не?

-Жалпы, 2012 жыл табысты басталды. Жыл басында қызметім жоғарылап, бизнестегі табысым үстемелене түсті де, аяқ жағында жұмыстан босадым және табысым күрт азайды. Есесіне, отбасыммен көбірек болу бақытына ие болдым. Көркем әдебиет пен танымдық дүниелерді оқуға мүмкіндік туды. Жұлдызнама тілімен айтқанда "құндылықтарға өзгеше қарайтын сәт туды".

Жылдың басты оқиғасы деп қызымның мектепке барғанын айтуға болатын шығар. Анасымен бірігіп қызымның «инемен құдық қазуына» көмектескендей боламын. Үшеуміз білім беру саласындағы соңғы кездері жасалып жатқан реформалардың ащысын да, тұщысын да бірге көріп жатырмыз.

-2012 жылы КерекИнфода қатты ұнаған тақырып?

-Рапайылдың жазғандары ұнап жүр. Көңіл-күйдің баласы ғой деймін, кейде шынымен шедебірлер шығарып жатады. Қабілетті бала.
Бөлісу:

20 пікір

ademi_alem
madikon, мында келіңіз. ))))
Adiletshu
Рапайыл деген кім?
Barsa
71-дегі борьбист Рапайыл ше?
Tyulpan
Рапайылдың маған аватары найт ))
Adiletshu
Дос, суретіңді салсайшы
madikon
шынымен сурет жоқ болған біртүрлі қызықсыз екен.
Barsa
Соткадан компьютерге фото жүктеуді ақыры меңгере алмай-ақ қойдым.
bizbike
ИТ-тірлік кешіп жүріп бұны білмегеніңіз қалай?
Barsa
аттірліктегілердің аздап қожанасырлау келетіні бар енді, айыпқа бұйырма.
madikon
Барса мырза алдыңызға қойған бәрінен де үлкен, жетпесем өлем дейтіндей мақсатыңыз барма?
Barsa
Тіпті 18 жасымда да дәл сондай өліммен салыстыратындай мақсат қойып көрмеппін. Соған қарағанда, бақыты үшін күресіп білмейтін пенде секілдімін ) Реалистпін деп ойлаймын. Буынсыз жерге пышақ сұғатындардың қатарынан емеспін, очм.
Erke
Кай жылғысың деп мында қыздар сұрай алмай өліп-өшіп отыр!
Barsa
Тауық жылғымын
asaubota
пахан, махандармен қатар боларсың деп жобалап отырмын. олар 1957, тауық жылғылар.
Barsa
Еркектерде ше, "Қыздың жасын сұрамайды" деген сияқты отмазканың болмағаны қандай жаман. 1981 жылғымын ал.
Aikona
Суреті жоқ, бір түрлі екен