Діни зомбилер: дін туралы сұмдық пен шындық(2)

Дін саясаттың құралы болып барады
Қазір арабтың әйелдеріне кимешек кигізе алмайсың. Арабқа қымыз ішкізе алмайсың, қазы жегізе алмайсың. Ол домбыраның күйін де тыңдамас, қобызды да білмес… Ал сен Аравияда тұрып қымыз ішкен, қазы жеп, домбыраның күйін тебірене тыңдаған араб туралы естіп пе едің? Менің айтпағым — біздің қыздар мен жігіттер Аравияға бармай жатып-ақ арабқа еліктеп, арабша киініп, балаларына қазақта бұрын соңды болмаған арабша есімдер беріп, мұсылманданып жатырмын деп арабилануда. Міне бұл жаңағы дінни секталардың жемісті еңбегінің нәтижесі. Осы арқылы сана-сезімі шайқалған ұлт ертең жерінен де елінен де айырылып қалуы мүмкін. Міне бұл біздің мұнайлы аймақтарымыз Ақтөбе мен Атырауда, Маңғыстауда вахабистер мен салафиттердің, құраниттердің қаптауының, толассыз жарылыстардың болуының себебі.
Бұл туралы әйгілі Африка көсемі: Нелсон Манделланың: «Европалықтар Африкаға келгенде қолдарында Інжіл ғана бар еді, жер африкалықтарда болатын. Кейін Інжіл африкалықтардың қолына өтті де Жер европалықтардың қолына өтті» — деп осы шындықтың бетін ашқан болатын. Қазір біздеде тура сондай процесс жүріп жатыр. Есімізді жинап, ақыл-парасатымызбен Алланы танып, сана мен сенімді жаулай бастаған Дінни экстремизімді, дінни түс алған ЗОМБИЛЕНДІРУ жолына тосқауыл қоймасақ ертең-ақ күлімізді көкке ұшыруы мүмкін. Әсіресе елімізде Араб елінің дінни бағыты деп танылған, арабтардың берекесіздігі мен әліде байлықтарын Батыс елдерінің ойыншығына айналуларына себеп болған діни ағымды күшпен, зымияндықпен енгізуде. Тіпті аты шулы ағаларымызда осылардың соңынан еріп, өз елінің көрін қазып жүргеніне күллі халық куә.
Қазіргі Қазақстандағы таралып жүрген вахаббистер мен салафиттер, құраниттер ешқашан өздерінің сенімінің қате-дұрыстығы туралы ойлап та қоймайды. Тіпті оларүшін ойлау да күнә. Олар жаңағы зымиян саясаттың құлдары. Кез келген кезде дін басшылары «Жарыңдар, көтеріліңдер, сендердің ойлаған Ислам мемлекетін орнатамыз» десе, барлығы қаптап шығады, тіпті ел тағдырын трагедияға ұластырады. Міне бұлар нағыз дінді желеу етіп, дайындалған ЗОМБИЛАР. Сіз қазіргі Араб елдерін зерттеп көріңіз, тұп-тура осылардың жеңіске жетіп, елін күйретіп, байлығын басты елдеріне үлестіріп жатқанын түсінесің. Енді олар байлығы мол Орта Азияға аяқ басты. Қазақтың «ұлттық салт-санасы Аллаға серік қосады», «Әбу Ханафия мәзһабында қателік бар» деп қазақтың арасына жік салып жүргендер тура сол секталар. Олар шынын айтқанда Исламның нағыз жауы.
Әдетте мұндай сектада жүргендерде төмендегідей мінез бен таным болады:
1. Әке-шешесінің айтқанын орындамайды. Олар үшін «Братиялары» маңызды. Ұлт емес, секта үшін жұмыс жасайды. Олар үшін ұлт жоқ.
2. Қатыгез. Бұлар кез келген кезде әлде бір басшыларының бұйрығымен өздерін өздері жарып жіберуі мүмкін. Өздерінің басқа сектада екенін мойындамайды, тіпті өштесіп өлтіріп жіберуі мүмкін психологиялық дертке шалдыққан ауыру адамдар. Тоңмойын. Қазір қоғамдада адамдар бұлар туралы айтудан қорқатыны содан. Тіпті мемлекет қайраткерлері де олар туралы жәйшылықта айтқанмен ресми түрде айтудан қорқады. Мұны Ресей ғана өз деңгейінде айтты, әрі шектеді.
3. Тек өздерін мұсұлман санап, қалғандарын не Мүшірік, не Кәпір санайды. Өздерінің топтағы адамдарды қатты құрметтеп, соның айтқанын нағыз дұрыс деп түсінеді. Басқаша ойламайды. Егер ол адам «Жарыл» десе жарылады. Былайша айтқанда Зомбиге айналған.
4. «Аллаға серік қосу» немесе «Ахидасы дұыс емес» деген сөздерді көп айтады. Олар шын мәнінде амалды ниетпен шатастырғандар. Мысалы қазақтар бұрын отқа табынған деп санап, бесікті отпен аластауды мысал етеді. Шын мәнінде ол кезде қазақта прожектор жоқ болған соң от арқылы түнде бесікті қарап, ішінде жылан-шаян жатпасын деген сақтану екенін, отпен аластағанда құран айаттарын оқып, Алладан балаға тілек тілейтінін, оттан жаман нәрселер қашатынын түсінбейді. Түсінуге тырыспайды. Тіпті Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммет(с.ғ.с) жиендеріне таққан тұмарды да Аллаға серік қосу санайды. Міне бұл олардың амал мен ниетті ажырата алмайтындығының дәлелі.
5. Ұлттық салт-сананы негізсіз айыптып, «Аллаға серік қосу» ретінде қарайды. Құран оқуды, сәлем жасауды діни мәселе ретінде көтеріп, дінді күрделендіреді.
6. Тек бір жақты діни көзқараспен ғана өмір сүруді дәріптейді. Ғылми, тарихи, саяси мәселелердің бәрін жоққа шығарады немесе ондайды ойламауға шақырып, адамдарды өз сектасына тартуға әрекеттенеді.
7. «Шайтан азғырды», «Алланың қалауымен» деп өздерінің қате істерін жаба салатын Жалақорлық. Немесе «Алланың сынағы», «Көну керек», «Сабырлық ұстау» керек деп адамның тәуекелдік істерге баруына, жаңаша ойлап тығырықтан шығуына кесе көлденең болады. Шығар жолсыз тірілікті уағыздайды.
8. Алла Тағала: «Мен сендерге(Адамдарға) екі түрлі ирада бердім, біріншісі күлли ирада, ол – сендеді еріктеріңнен тыс өзім білемін; ал Екіншісі, Жүззи ирада, ол – мен сендерге ақыл-парасат бердім, сол арқылы мені танып, өмірлеріңді дұрыстаңдар» — деген. Міне бұлар алдыңғы ираданы негізе алып, соңғы Алла берген жүзи ираданы ұмытып кеткен.
Қазір Ресей бұл жағынан дұрыс саясатты жолға қоюда. Атап айтқанда «Ислам дінінің Әбу Ханафия мәзһабын ел ішінде қолдап», басқа секталарды шектеді. Осылайша масондардың дін арқылы бөлшектеу ниетін тойтарды. Жұрт та кезінде «Шешен соғысының» вахабистердің зомбилерімен болған соғыс екенін түсіне бастады. Тіпті кеше ғана сол вахабистер осы секталармен нәтижелі күрес жүргізген Татарстан мүфтилерін жарып жібергені белгілі. Өткен жылы Орыс Ішкі Істер Министрі Рашид Нұрғалиев осы діни секталар атып өлтірген әскери қызыметкерлердің неше мыңдаған жесірлерін жинап, үлкен жиналыс жасады, осылайша әлгі секталардың сұмдығын әлемге паш еткен болатын. Енді бізге бұл жағынан орыстардан үйрену керек шығар.
Сақалдары қауғадай, балағы қасқа жандардың сана-сезімі мен ақылы да қысқа екенін, діни ЗОМБИЛАРҒА айнала бастағанын түсінетін кез жетті. Қазір Қазақстандада осындай діни ЗОМБИЛЕР мен ЗОМБИГЕ айналдыруды мақсат еткен секталар толып жатыр. Атап айтқанда вахабистер мен салафиттер, құраниттер солардың мысалдары. Күллі Араб жұртын ойрандап, байлығын талан-таржыға түсіруге себепкер болған діни ЗОМБИЛЕР Ресейден шектеліп енді Орта Азияда қоныстанып жатыр. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау обылыстарында жауыннан кейінгі көктей қаптаған бұл секталарды үкімет шектеседе, әлі де нақты қадамға бармауда. Оның үстіне ел сенетін кей ағаларымыз бен көкелеріміз ақша мен атақ үшін солардың сойылын соғып жүргені де ащы шындық.
Алла Тағала ниеті жаман, дін атын жамылған қаскөйлерден сақтасын. Атақ пен ақшаға құнығып елін сатқан сатқындардан сақтасын, Мәңгүрттенген дін иелерінің сойқанынан сақтасын, төрт жағын түгел ұстамаған дүмшеліктен сақтасын!
Бөлісу:

1 пікір

zhas_kazakh
шіркін осындай жазбаларды өшіріп тұратын модератор болса…