Көп саусақты адам

Гуантанамо провинциясындағы Баракоа тұрғыны Эрнандес Гарридоның оң қолында 6 саусағы бар. Сол қолында да дәл солай. Екі аяғындағы 12 саусақты қосқанда барлығы — 24. Амиго өз саусақтарына ырза. 24 саусағымен пальмаға шығып, какос жинап нәпәқасын тауып жүр.

Сонымен қатар ол ақшаға туристермен фотоға түседі.
Блог - Adiletshu: Көп саусақты адам

Эрнандес бір саяхатшы оған өзімен суретке түскені үшін бақандай 10 доллар бергенін айтады. Ол ақша орташа айлық табыс 20 доллар болатын елде жақсы олжа болып табылады.
Блог - Adiletshu: Көп саусақты адам

Өзінің 24 саусығының арқасында Гарридо тұрақты жұмысы жоқ болса да жақсы тыйын істеп жатыр.

Эрнандестің ауруы полиндактилия кең таралған. Бірақ мұндай жетілген формасы сирек кездеседі.
Блог - Adiletshu: Көп саусақты адам

Оның қолына зер салып қарамасаң 6 саусағы бар екендігін байқамайсың. "Қосымша" саусақтары «негізгі» саусақтарымен жынды үйлескен. Эрнандесті кішкентай кезінде Федель Кастроның дәрігерлерінің бірі болған Кубаның атақты ортапедіне апарған. Ол мұндай жақсы қалыптасқан полидактилияны бірінші рет көргендігін айтыпты.
Блог - Adiletshu: Көп саусақты адам

Эрнандес: «Кішкентай кезімде 24 саусақтың болуы тиімді екендігін тез ұқтым. Бұл үшін мені ешкім мазақтамайтын. Керісінше, елдер қызыға тамашалайтын. Менің миллион досым бар. Менің өмірім күшті»-дейді.
Блог - Adiletshu: Көп саусақты адам

Эрнандестің бірінші қатынынан 10 жасар ұлы бар. Шешесі екеуі Гаванада тұрады. Екінші қатынының аяғы ауыр.

көзі
Бөлісу:

9 пікір

beka95
ммм, сұрақ. бұл ауру деп алынама?
Aikona
ужас. Шынымен зер салып қарамасаң байқалмайды екен. Біздің ауылда сондай бір әулет бар еді, бәрінің артық саусақтары бар, бірақ олардыкы бір түрліі шығып тұратын және кейбір балаларының ортаңғы саусақтары жабысып алған бір-біріне, аяғының да қолының да
Abilakim
«Бес саусақ бірдей емес» деген мақал бұл жігітке өтпейді екен
Zhanara2012
Ең кішкентай саусағы артық па сонда? Қаза халқы мұндай адамға Нышан деп ат қойған…
b-asan
Эрнандестің бірінші қатынынан 10 жасар ұлы бар. Шешесі екеуі Гаванада тұрады. Екінші қатынының аяғы ауыр.

Оның да саусағы 24 екен деп айта ма десем
007
Эрнандес бір саяхатшы оған өзімен суретке түскені үшін бақандай 10 доллар бергенін айтады. Ол ақша орташа айлық табыс 20 доллар болатын елде жақсы олжа болып табылады.
Жұмыс жасамай жата бер десейш
maryash87
перчаткалар симаса қиындау болады екен
konvict
Ас болсын амиго: www.baq.kz/news/20431
Adiletshu
Арасына өтірікті қосып жіберіпті)