Эстафета: Керек маған, мен керекке не бердім
Ассалаумағалейкүм
Қайта-қайта эстафета бастай берді деп сөкпессіздер. Керекке анда-санда бір кіріп жүрген соң, жинап-жинап алып келем
Бұйыртса сүйікті Керегіміздің 6 ақпан күні 10-жылдығы екен. Жабылып қайта ашылғанымен 10 жыл бұрын дәп сол күні ең алғашқы жазба жазылыпты. Осы сынды эстафетаның болғанынан хабардармын. Алайда, жаңадан бастап, арнайы 10-жылдыққа арнағанды жөн көріп отырмын. Эстафетада аты айтып тұрғандай Керектің Сізге, Сіздің керекке бергендеріңіз жайлы болмақ.
Тіркелгеніме 1-жылға жуықтапты. 16 қаңтар күні тіркеліппін. Содан бері 50-ге жуық пост,3 000-ға жуық (Мейіржан ушівөл) пікірлер жазып тастаппын . Тіркелген күннен бастап керек менің өмірім болды десем шындыққа жанасатын секілді. Жұмыста, үйде ашқаным керек. Тіпті алдыңғы бір постта айтқанымдай, үш қабатты ғимаратта (жұмыс орным) мен үшін системщиктер Керекті жауып тастады . Көшеде керектіктер жолығатыным. Әлеуметтік желілерде керектіктер. Барлық жерде…
Жаңа таныстар, жаңа достар таптым, тамаша адамдармен араласып тұрамын. Домбыра-пати, Құрылтай тағы да басқа қаптаған игі шараларға қатысуға мүмкіндік алдым. Өмірге басқа көзқараспен қарайтын болдым. Өзгерді кәдімгідей. Бұлардың бәрі Керектің маған бергені.
Ал, менің… Қарап отырсам, қатырып тірлік тындырмаппын. Алайда, бәрі алда. Жиырма жылдықта осы іспетті постты толықтырып жазармын, менің бергенім туралы ақпарат керектің бергенінен көп болады деп ойлаймын.
Келе жатқан мейрамдарыңмен. Жо жоо Жаңа жыл емес, тіпті Тәуелсіздік күні де емес… КЕРЕКТІҢ 10-ЖЫЛДЫҒЫМЕН!!!
Эстафетаны ақсақалдардан бастасам ба деген ойдамын. Бұтақ — Нұркісі ,Nurgisa быратта.

9 пікір