Аңыз логотиптар. Шығу тарихы

О ғалай?
Керекке кіре алмай жүрмін. Жұмыста «частопосещаемый» сайттарға кіре алмайтындай «жағдай» жасайды ИТшініктер. 3-қабатты ғимаратта «Керекке» кіретін мен ғана  Керекті өшіріп тастапты. Мен үшін. Көп кіріп кеткем ау. Сағынып қаппын. Пост салмағалы да біраз болды...


Логотип дегеніміздің не екенін түсіндірусіз барлығыңыз жақсы білесіздер. Ол — компанияның, өндірушінің т.б. беті, жүзі, айнасы. Бүгін осындай әлемге танымал компаниялардың логотиптары жайлы сөз қозғаймыз.

Apple



Жасалған жылы — 1976
Дизайнер — Роб Янов

Apple-дің қазіргі тауар белгісі оның алғашқы логотипімен ешқандай да байланысы жоқ. Алғашқы логотипте тал астында отырған Исаак Ньютон бейнеленіпті.
iPhone-ның болашақ жаратушысына Ньютон бейнеленген лого технологияға жат екені түсіндірілген соң Apple Regis McKenna жарнама агенттігіне жаңа бейне жасауға тапсырып беріпті. Стив Джобстың тапсырмасымен «алма» бейнесін басты орынға шығару үшін Роб Янов бірден кірісіпті. Нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше килограмм алма қоқыс жәшігіне кетіпті . Архитектуралық алтын кесігі (золотое сечение) сай келетін форма 1976 жылдан бері ауыстырылмаған. Тек 1998 жылы біртүстілік пен көлемділік (объем) берілген. Дизайнер Янов бұл жұмысына бір цент те алмапты .

Mersedes



Жасалған жылы — 1925
Дизайнер — Готтлиб Даймлер
Автомобиль концерні Mercedes-Benz-тің тауар белгісі сөзсіз әлем бойынша ең танымалдардың қатарында. Бір-бірімен бәсекелес екі компания — Daimler мен Benz-дің тауар белгілері алғашында әрине екі түрлі болған. Daimler-дің үшбұрышты жұлдызы мен Benz-тің лавр жапырағы бар тауар белгілері бейнеленген логотипті тек 1925 жылы бәсекелес екі компанияның қосылғанынан соң өзгертіліп, қазіргі қалпына келді. Үш жұлдыздың — ауада, суда және жерде деген мағынасы бар. Ал лаврды өздеріңіз білесіздер .

Superman



Жасалған жылы — 1938
Дизайнер — Джерри Сигель және Джо Шустер
Шрифт — Helvetica
Алғашында полиция төсбелгісі мен бриллиантқа ұқсауы тиіс деп тапсырылған логотипті екі дизайнер бірден қазіргі кейпінде жасап шығарған. Алғашқы белгі — халықты қорғау деген мағына берсе, келесісі — беріктік деген мағына беруі тиіс болатын. Ал S белгісі «адамдарды қорғау», «стоп қылмыс» т.б. мағыналардың жиынтығы.

алынған жері
Бөлісу:

8 пікір

Daniar-Alan
осындай бір лого жасасаң… 150 жылдан соң айтып отыратын адамдар
madikon
Логотиптің қандай да бір компанияға,өндіріске, жеке бизнестің дамуына үлкен әсері бар деп ойлаймын. Логотип брэнд болуына септігін тигізеді. Қайсыбір танымал нәрсені алып қарасақ барлығында логтип бар. Адамдар сол нәрсені немесе компанияны логтип арқылы есте сақтайды ғой. Ал мынау бұрыннан келе жатырған логотиптер туралы білмеппін.
Daniar-Alan
ең таң қалдыратыны — логоларға сокралды белгілер қосып, оның компанияның әлеуетін арттыруға септігі болатынына ірі компания басқарушыларының сенуі. Бір рет маған заказ түсті. Айтады — сағат сал дейді. неге десем. Тоқтамайтын (вечность) деген мағына беруі үшін дейді. Және терісінен емес оң жақ бөлігінде тұруы керек екі тілі де. Солай жасап бердім
madikon
сокралды
деген не?
әлеуетін арттыруға
ол шын сияқты.
Daniar-Alan
деген не?
белгілер. мысалы, төл теңгеміздегі НӘН қол сокралды белгі болып саналады.
ruben
Керекке кіре алмай жүрмін. Жұмыста «частопосещаемый» сайттарға кіре алмайтындай «жағдай» жасайды ИТшініктер.
Обал бопты. Танымдылық форумдарын ақтарып кеткеннен сау мысың, брат?
rakisheva
Нәтижеге қол жеткізу үшін бірнеше килограмм алма қоқыс жәшігіне кетіпті
beka95
эплдің логосы ең қымбат лого ғой қазіргі уақытта