Мақтанба...
Қар…
Мен қармын деп мақтанба,
Ерімегенмен ақпанда,
Ғайып болып кетесің,
Күн нұрын төккен шақтарда…
Күн…
Мен күнмін деп мақтанба,
Атқаныңмен ақ таңда,
Жоқ боласың қара бұлт,
Үйірілсе аспанда…
Бұлт…
Мен бұлтпын деп мақтанба,
Ұқсайсың сен ақ қарға.
Жоғаласың тентек жел,
Іздеп сені тапқанда…
Жел…
Мен желмін деп мақтанба,
Мейлі жасқан, жасқанба,
Қаша алмассың кезіксең,
Тау дейтұғын қақпанға…
Тау…
Мен таумын деп мақтанба,
Кезі келген шақтарда,
Адам деген тайсалмас,
Аяғымен таптауға…
Адам…
Адаммын деп мақтанба,
Көп күнаға батқанда,
Тәубеге кеп үлгерсең,
қуанасың… Топырақ,
Бетіңді кеп жапқанда…
Мен қармын деп мақтанба,
Ерімегенмен ақпанда,
Ғайып болып кетесің,
Күн нұрын төккен шақтарда…
Күн…
Мен күнмін деп мақтанба,
Атқаныңмен ақ таңда,
Жоқ боласың қара бұлт,
Үйірілсе аспанда…
Бұлт…
Мен бұлтпын деп мақтанба,
Ұқсайсың сен ақ қарға.
Жоғаласың тентек жел,
Іздеп сені тапқанда…
Жел…
Мен желмін деп мақтанба,
Мейлі жасқан, жасқанба,
Қаша алмассың кезіксең,
Тау дейтұғын қақпанға…
Тау…
Мен таумын деп мақтанба,
Кезі келген шақтарда,
Адам деген тайсалмас,
Аяғымен таптауға…
Адам…
Адаммын деп мақтанба,
Көп күнаға батқанда,
Тәубеге кеп үлгерсең,
қуанасың… Топырақ,
Бетіңді кеп жапқанда…
"… Пілді де біреу піл дейді-ау
Бірақ пілдің тышқаннан қорқатынын білмейді-ау..."
"… Сым темір болсаң балға бар
Қамырдай қылып илеген..."
деген ойландырып отыр
бәрі өткінші… тұрақтылық дегенді кім ойлап тапты екен? бәрібір ол жоқ қой өкінішке орай ма, қуанышқа орай ма — кім білсін...өмір-кезек…
мисалы:
Топырақ…
Топырақпын деп мақтанба,
Гүл өссін мейлі арқаңда,
Ағарып, суып кетесің,
Қар үстіңе жатқанда.
Топырақ…
Топырақпын деп мақтанба,
Қолқа жоқ сөз тапқанға.
Тозаң ғанасың Құдайға,
Адамды жұтып жатсаң да… деуге де болатын сияқты. ))
Сосын, әлгі Шалдың әсеріндемін))
«Менің Құдайым мына дала» ©
біз ғой текке мақтаншақ етіп отырған.
Баймын деп мақтанба, жарлылық бар
Көппін деп сұхтанба, жалғыздық бар.
дегенге құрасан ваще күштілік болар еді
Десе де өлең ұнады