Заң бойынша көмек қажет!!!

Жалынды салем!

Админнен алдын ала кешірім сұраймын. Жауап алған соң өшіріп тастаймын тек қатты көмек керек болып тұр.

Мүмкін болса заңды органдарда немес юристтерден көмек қажет.

Сұрақ:
Егер мен жаға жұмысқа шығып еңбек келісім шартына қол қойып сол жұмыстан -4 күннен кейін отработка жасамай шығып кете аламын ба? Ақша алмаймын десем де кете аламын ба?
Бөлісу:

15 пікір

GulL
Кеңестеріңізге алды ала рахмет ;-)
VKM
әдейі звондаған жоқпын, папаммен сөйлесіп отырғанмын.Сұрай салдым. Келіссөзді дұрыстап оқу керек деді. Расторжение договора деген пунктін, не деп жазылыпты.Екі жақ өзара келіссе,4 күн ғана өтсе шығуға болады дейді
GulL
Рахмет ВКМ көп көп! Менде Основаниями расторжения договора осуществляются в следующих случаях: Расторжеие договора по инициатива Работника по ст. 57 ТК РК
, Отказ Работника от продолжении трудовых отношений ст. 59 ТК РК
деп жазылып тур
Erke
постынды оширсей енди
Karakyz
Өз қалауыңызбен кете аласыз, заң бойынша бір ай бұрын ескертсеңіз. Егер жұмыс берушімен келіссеңіз, кез келген уақытта, бір айды күтпей ақ кетуге болады. Отработка деген не? Ерекше шарттар болса, мысалы, жұмыс беруші сізді өз қаражатына оқытып, сол үшін бір жыл жұмыс істе десе, кету қиынға соғады.

Кей еңбек шарттарында сынақ мерзімі кезінде алдын ала ескертусіз ақ, жұмыс беруші де, қызметкер де шартты бұза алады.
Gulistan
Менің бір танысымды 10 жыл жұмыс жасаған орны жібермей жатыр, жалақысын да көтермейді. Бәрі — сол әлеуметтік жағдайдың нашарлығынан. Енді не істерін білмей, басы қатып жүр. Бастықтарының айтатыны: «Баяғыда сен кім едің? Қазір кімсің?»
Aldeken
Танысыңа айт, өз еркімен жұмыстан шығу туралы арызды 2 дана қылып жазсын да, 1-н канцелярияға тапсырып, 2-не қабылданғаны туралы белгісі мен датасын қойдырып алсын. сосын ровно 1 ай күтсін. 1 айдың ішінде приказды қолына бермесе, тып-тыныш қана басқа жұмысқа шыға берсін. бастықтары ештеңе істей алмайды. содан кейін трудовой әлен-түген деген қағаздарды жайшылықпен бермесе, сот арқылы талап етуге құқылы.
GulL
Рахмет! Сол 1 ай күткісі келмей тұр ғой, себебі басқа жұмыс шақырып жатыр.
Енді солай заявление жазып жүре беруге болады ма екен басқа жұмысқа кетіп дегендей? статьямен шығарам деген бәлелер болмайды ма? Содан қорқып тұр
Aldeken
1 ай күтпей болмайды. егер басышылықпен екеуара келісім болмаса, заң бойынша жұмысшы өз еркімен кету туралы арызын берген күннен бастап, 1 ай жұмыс істеуі қажеттігі көзделген. АЛ, одан артық ұстауға басшыларының да құқығы жоқ. Бірақ, еңбек келісім-шартын да бір қарап шығу керек, бірақ, сенің әңгімеңнен ұғып отырғаным, танысың жұмыс істейтін кәсіпорын басшылары да, танысың да, баяғы кеңестік вә қазақи вә на словах жұмыс істейтіндердің қатарынан секілді…
GulL
Ия дәл таптыңыз негізі сондай компания, бұл жұмыс өзіме қатысты болған негізі. Бастықпен сөйлессем бір ай жасау керексің деп басты ауыртып тұр. Барлық сынақ мерзіміндегі заңдарды оқып шықтым бәрі жұмыс берушіні қолдайды, яғни өтпесе шығарып жібреуге құқығы бар жеті күн ішінде, ал қызметкерге жұмыс беруші ұнамай қалса олар қарастырылмаған. Түсінгенім қызметкердің құқығы қарастырылмаған екен біздің заңда. Ресейліктерде бар ол, мысалы қызметкерге сынақ мерзімінде жұмыс ұнамаса үш күн бұрын ескертіп шыға салады екен. Эх бізде бәрі мутный. Алдекен мырза сосын мындай қылып шығуыма болады ма «Пункт 1 статьи 57 Трудового кодекса обязывает работника письменно предупредить работодателя о предстоящем увольнении по собственному желанию не менее чем за 1 месяц. При этом закон говорит об обязанности именно предупредить, а не отработать данный месяц. Таким образом, условие о месячном сроке считается соблюденным, если работник в период данного срока отсутствовал на работе по законным основаниям (отпуск, болезнь и т. п.).» Маған төрт күн жасасам да больничный алуыма болады ма?
Tyulpan
мен бір жұмыстан 15 күн істеп, басқа жұмысқа кеткенім бар еді. сынақ мерзімі 1 ай болды ғой деймін. сынақ мерзімі кезінде кез келген жерден отработкасыз-ақ кете беруге болады. басқадай келісімшарт түрлерін көрмеппін…
GulL
Менде солай ойлағанмын, енді солай кетем десем артымнан статьямен жетіп келмей ма деп қорқып тұрмын ))
Tyulpan
мем орган ба екен сіздің жұмыс орныңыз? мем орган болса қиындау болады ау. негізі бұл менеджер екеуііңіздің араңыздағы іс — ол рұқсат берсе болды. ол ренжімей рұқсат беретіндей сөйлесіп көріңіз...
GulL
жоқ мем орган емес жәй қазақ компаниясы, басқа жерден жұмысқа ұсыныс түсіп тұр қырсыққанда бәрі қабаттасып қалды әншейінде болмай тұрып закон подлости, енді кете алмай ана компанияға шыға алмай басым қатып отыр)))