21-12-2012 не күтеміз?

Бәрінің болмаса да, біраз адамдардың 21-12-2012 туралы әртүрлі пікірлері бар. Жалпы адамзат бір керемет көргісі келеді әрқашан. Мысалы, күтпеген сыйлық, күтпеген сәттіліктер, күтпеген сыйақылар сияқты. Бір сәт қиалдарымызға ерік берсек

21-12-2012 не күтеміз?

Бөлісу:

19 пікір

seyh
интернетсіз қалған адамдардың 1 күннен кейінгі жарыса жазған жүрекжарды пікірлері қызық та
asaubota
…… Аллаһ Тағала Құран Кәрімде, «Ағраф» сүресінің 187 аятында: «(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен Қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (Қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. (Сенен) Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Аллаһтың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де» – деп ақырзаманның қашан болатындығын жәй ғалымдар түгілі Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с) өзі білмейтіндігін айтуда. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Расында Қиямет жұма күні болады…» деген хадисінен ақырзаманның жұма күні болатындығын ғана білеміз. Бірақ қай жылдың, қай айдың нешінші жұмасы екенін бір Аллаһтан басқа ешкім де білмейді де, біле де алмайды.

…… Ендеше Абай атамыз айтқандай: «Аллаһтың Өзі де рас, сөзі де рас» – деп Құранда айтылғандай ақыр заманның қай күні боларын тек барлығын жаратушы Жаппар Ие ғана біледі. Олай болса босқа қорқып, әзірше үрейленудің еш қажеті жоқ.

kattani.kz/?p=5807
Aldeken
2012 жылдың 21 желтоқсаны жұмаға келеді екен…
aza
Данияр алақанын ысқылып отырған болды…
ademi_alem
21-12-2012 не күтеміз?
атар таң мен батар күннің бәрінен жақсылық күтем…
Aldeken
мен үшін жай ғана бір күн болғанын қалаймын дегенді таңдадым, десек те, 19-20 күндері, азық-түлікті көптеу алып, машинаны полный бак заправка жасап қоятын шығармын… )))))))))))))))))(
aza
Дүрлігетін түк жоқ Болса болар, не құқайды көрмеген елміз, бұны да көріп алайық. Қашып құтылу мүмкін нәрсе болса екен, ақырзаман деген… Алланың еркіндегі нәрсе ғой, Жерді тазалап алғысы келсе жасайды да қояды. Даурыға бермей жұмыс жасаңдарш, мен ол күннен ештеңе де күтпеймін. Жай қыртыл ғой…
seyh
Дүрлігу дегенде есіме түсіп отыр. 2011дың жазында ма Алматыда 8-9 баллдық жер сілкінеді-міс дегенде көргем дүрліккеннің көкесін. Жайбарақат отыра берем ба деп ойлап едім келіншегім қоймай не керек сыртқа шығып қаланың сыртына шығатын такси ұстап тұрғам. Жайбарақат қала жоқ, бәрі далада бала-шағасымен, бір-біріне хабарласып амандық біліскен ел )) Ниче ертеңінде Алматы орнында тұр бәрі аман
VKM
Бір монах жазыпты ғой,қараңғылық әлемде орнайды деп. 2 айдай солай болады-мыс.Өз қолыңды да көре алмайсың деп.Көппен көрген ұлы той деуші ме еді)
Tyulpan
онда ұйқымды қандырам қараңғы болса. жақсы болды ғой
Gulistan
Кеше аптекада сатушы апа ерекше толқып, біреуге телефонмен айтып жатыр: «Не істейтін болдыңдар, ақырзаман келе жатыр ғой?» деп. Дауысында әзілден гөрі, шынайы алаңдаушылық бар.
askerbek
Тамақа тойып алып, Кальяри — Ювентус матчын қараймын.
MickThatsMyNick
сол күнді асыға күтудеміз, болса "і" деп те айтып үлгермейміз, бірақ ештеңе болмай қалса, «ура» дегеннен гөрі "өй" дейтін шығармыз иә?!))
З.Ы. Стив Каррел мен Кира Найтлидің «Ищу друга на конец света» фильмін қараңыздар, кеңес берем.)
ruben
Досым үйленеді  Құдай қаласа, әрине.
asaubota
ең болмаса секс көріп қалыңдар дер едім секс көрмегендерге шын көңілмен. ал былай шын айтатын болсам ислам қабылдап, намаз оқыңдар күнәһарлар.
SaZhaM
Басқаны білмеймін, әй сол бәле біздің елге келмейтін сияқты көремін де тұрамын… баяғы "Құдай сақтасын, жұртпен бірге көрерміз" біздікі…
edige
21іне айлық түседі 3 айдікі...
«Ақырзаман» мен «интернетсіз өмір» тепе-тең көріп отырсыз ба Аптыреке?

Қорқыңдар, қорқыңдар… с satibaldi
Tyulpan
3 айдікііііііііі?
Beytanis
«Мен үшін жәй ғана бір күн болғанын қалаймын»