BMW-дан "шешен" жарнама (фотобояннн)

Немістің BMW маркасы алдыңғы дөңгелектері тартатын көлік шығармайтыны көпшілікке белгілі*. Бавария автозауытының маркетинг және пиармен айналысатын қызметкерлері компанияның бұл принципін фотошоптың көмегімен былай түсіндірген екен:






Суреттерде That's why we don't have front wheel drives. (Міне, осы себептен бізде алдыңғы жетекті машиналар жоқ) деп жазылған.

Шешен жарнама дер едім
*Осындай суреттерді шығарып жүрген BMW өз сөздерінен тайқып, алдыңғы жетекті (привод) мәшинелер шығарып жатыр. Жоғарыдағы суреттер ондай модельдердің өндірісі қолға алынбай тұрғанда жасап жүргендері ғой. Жас кездегі қызуқандылық не істетпейді
Бөлісу:

21 пікір

asaubota
жазулар ұсақ екен, көрінбейді. астарына аудармасын жазып қоясың ба?
Aldeken
типі «міне, сондықтан да бізде алдыңғы жетекті машиналар жоқ» дегенге келіңкірейді… нақтысын, Омеке мен Нұрғиса құрдастар айтсын…
omarbirat
Иә, мағынасы сондай.
omarbirat
Жаңартып қойдым. Үлкенірек суреттері жоқ екен. Үш суретті үш жерден алдым
patick
Өздерінше ақталған түрлері ғой енді, қайтсін
Marco
Өзіме артқыприводтар ұнайды. Қазір алды тартатын машинамен жүрмін)
ken
шегірткенің де суретін қойса болар екен
omarbirat
Шынымен қызық болар еді
b-asan
мыналардың негізгі салмағы артында, привод та артында. БМВ да негізгі салмағы алдында, привод артында. Содан қыста арты алдын итере алмай жанына тая береді.
VKM
Артқыприводтармен қарда, тайғақта жүрген жаман. 4 wd жасасын
omarbirat
Алдыңғы күні братан айтады, 4WD тайғанаса жаман деп. Ол туралы не ой бар?
Өзі «Мицубиси Монтеро Спорт» мініп жүр. 4WD-ны ішінен білетін адам ғой деп, сенбеске шара жоқ.
neoman
Ол рас, әкем де қыста трассаға шыққанда 4WDны өшіріп қояды. Кейін түсіндім, тайса, түк істей алмай қалады екенсін. Алдыңғы мен артқы дөңгелектердің үйкелісі әр түрлі болса, рөлге ие болу қайда жеңілірек
VKM
Мен Мерспен тайғанақта "ұшқанмын", сонда білетіндер айтты,қандай машина болса да, тайғанақта тормоз бермеу керек екен, тек рульмен регулировать ету керек деп.Бірақ соны қолданбай-ақ қояйын, сақтасын…
neoman
Негізі бұл суреттерде аса бір маркетингтік қулық жоқ. Компанияның басты ұстанымын түсіндірген.

Мотор алдында болғасын, салмақтың бәрі алда, баланс үшін вал мен ось, яғни привод артқы жақта болғаны дұрыс. Классика ғой

Өз басым құйрығын лақтыратын немістерді ұнатпаймын, бірақ қазіргілерінің түрлі системалары көп қой, сондықтан айырмашылығы жоқ боп барады
a63a1
Екеуініңде айырмашылығы жоқ, бастысы адамның ептіЛігінде деп санаймын, алдымен де артымен де айдадым еш қиындықтар туған жоқ, ал артымен айдауға келсек классикағой))))
ruben
 «тебуді» қолданатын жақтың баласының «айдауын» есту біртүрлее екен
a63a1
Ебімізді тЕбу арқылы жазсам ыңғайсыз, әрі ұяттау))))
Aldeken
бастысы адамның ептіЛігінде деп санаймын, алдымен де артымен де айдадым еш қиындықтар туған жоқ, ал артымен айдауға келсек классикағой))))
азғын, епті…