Менде толықтай келісемін..

Бүгін кешке интернетті ашып, мына мақаланы кездейсоқ көріп қалдым. Елбасымыз туралы жақсы да, жаман да әртүрлі әңгімелер бар ғой, бірақ осы сөзіне екі қолымды бірдей көтеріп, толықтай қосыламын.
Біз мұсылман мемлекетіміз, мұсылманның келешегін қолдаймыз, алайда, елімізді орта ғасырға тартпаймыз. Бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында сөз сөйлеген Елбасы Н. Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазір нешетүрлі жағдайлар орын алып жатыр. Дініміз ислам, біз одан кеткеміз жоқ, оны қолдаймыз. Алайда, соның ішінде неше түрлі ағымдар бар. Сол ағымдарда жүрген жастарды «жасотандықтар» тәрбиелеп, жәрдем берулері керек. Біз мұсылман екенбіз деп халқымызды орта ғасырға тарта алмаймыз. Біз мұсылмандардың болашағын қолдаймыз. Мұсылмандықтың да, біздің де өз жолымыз бар. Барлықтарын сыйлаймыз, ой-пікірін құрметтейміз. Алайда, бізге арабтардың киімін басымызға жапқызып, қыздарымызды, әйелдерімізді орта ғасырға қарай тарту — біздің жолымыздан емес», — деді Н. Назарбаев.

Бұл ретте Елбасы қазақтар -көшпенділер ат үстінде жүрген халық екенін, ал оның жанында атқа мініп әйелі де серік болып, қыздары да жүретінін айтты.

serke.org/news/prezident-kazaktardy-arabtarga-el%D1%96ktemeuge-shakyrdy
Сіздер қалай ойлайсыздар?
Бөлісу:

13 пікір

ken
Алайда, бізге арабтардың киімін басымызға жапқызып, қыздарымызды, әйелдерімізді орта ғасырға қарай тарту — біздің жолымыздан емес»

қазіргі сенің киіп жүрген киімің қазақтыкі ма не?
— деп сұрауы мүмкін қазір сенен.

сонда ол сұраққа не деп жауап бересің?
— деп сұрап отырмын мен.
madikon
жоқ, қазақтікі емес, бірақ меніңше оранбай-ақ жабық киініп дұрыс жүруге болады.
ruben
Немере інімнен бастар едім насихатты…
asaubota
қазақ қазақпен қазақша сөйлессін деген де сөз бар.
ruben
хех, біз де жүрер ме екенбіз нұрланған болашақта «атамыз» деп егіліп
asaubota
Атам ізіңдеміз деген орысша қалай болады?

балам үшін жауап бере аламын, ал немерелерім орысша сөйлеп кетеді ау деп қорқамын.
ruben
Ататүрк десе, «тор басқан» Османлыдан заманауи Түркия жасағанын алға тартады ұлтшылдар ол жақтағы. Біздегісі — мұңды пародия. «ата» деген прикол өтпейді: «Лидер Нации» деп ұлықтанып үлгерді. КСРО-дан бері қарай бәлендей ештеме өзгермеді. Сол баяғы: «верной дорогой идете, товарищь господин ...»
По намеченному курсу Лидера Нации
дейтін болар немерелеріміз…
asaubota
тақырып бойынша айта кетейін: мәселе хиджапта емес. орамал тағып орта ғасыр болып кетпейді.
jigit
Кез-келген нәрсенің өлшемі бар депті Абай яки одан үлкендер.Шектен шықпай көтті қысқан дұрыс негізі.
әсіре ұлтшыл әсіре діншіл болмай
zhandarm
сонда баяғы бұрымды қыз,қос бұрым үкілі қыз деген айрықша белгілері қайда қалады, егер барық жерін тұмшалап жауып тастаса?
kan
Орта ғасырдың қоғамы мен казіргі қоғамды салыстыруға келмейді. Сондықтанда жаңа қоғамға таза исламмен, заманы сай пәтуалар керек
Adiletshu
Осындай тақырыптар шаршатты.
madikon
осы тақырыбым не в тему болып кеткенін байқап отырым, сондада тұра берсін.