Монолог
Дәл қазір өзімді өте жалғыз сезініп отырмын. Достарым да баршылық және Алматы деген қалада миллионнан астам тұрғын күн кешіп жатса да, мен жалғызбын. Айналамда ешкім жоқ сияқты.
Тәтті сырымды бөлісетін, жанымды жадыратып, түнерген көңілімді сергітер жан мұңдасым болса ғой деп армандап отырмын
Ұялы телефонымның жансыз, суық бетінен әлдебір мейірдің смс-ұшқынын көрсем деген үмітпен ауық-ауық үңіле беремін.
«Ол» тіпті хабарласпай кетті. Жан жылуының жетіспеуінен организмімнің шаршауына да қарамастан, көзім талығып ұйқым да келмейді ғой. Оның хабарласпайтынына көзім жеткен сайын көңілім онан сайын құлази түседі. Осы сәттердегі жанымның жабыраңқы күйі — сұр бұлт аспанды торлап алып, сары жапырақтар адамдардың табанына кірлей тапталып жатқан, қабағы салыңқы жадау тартқан күздің бейнесіндей. Яғни, мен — жадау күз, сұрықсыз күз.
Жанымдағы құрбымның жүзі бақыттан бал-бұл жайнап, әлеуметтік желіде «сүйгенімен» хат-хабар алысып жатыр. Ара-тұра ризалықтан жымиып қояды. Қызығып қарап қоямын. Сүйгеніне жанталаса сытыр-сытыр еткізе, саусақтары саусақтарымен жымдаспай, ерекше бір пәрменділікпен хат алмасуда.
Ал мен жылы болса да жылуы жоқ төсегімнің үстінде манағы қалпымда әлі отырмын. Әлі, ұзақ отырармын, бәлки…
Күздің күні суық және түні де…

Қысқасы өмірге позитивпен қарауға тырысыңыз… Бақыт сізге артымен қараса да, сіз «оооо фигурасы қандай керемет» дейтіндей… )))
Ауа, керек емес біреуге бола өзіңізді қинау. сізді керек етпеген адам сізге неге керек, ойлаңызшы өзіңіз? ол болса жүр өзімен өзі, мүмкін басқа қыздың артынан. сізді ойлап та жүрген жоқ. ал сіз барлық ойыңызды соған арнаааап, уақытыңызды кетірііііііііп отырсыз. одан да басқа жігіттермен танысыңыз, араласыңыз. өзіңізге бос уақыт қалдырмаңыз — сүйікті істеріңізбен айналысыңыз. пайдалы істермен шұғылданыңыз: билеңіз, моншаға барыңыз, ұсақ-түйек шопинг жасаңыз, жақсы кино көріңіз, сұлулық салонына барыңыз. бұрыннан үйренгіңіз келіп, мүмкіндіктер болмағандықтан үйрене алмай жүрген нәрселерді үйреніңіз: көлік айдап үйреніңіз. өз бағаңызды көтеріңіз. эмоциялық тәуелділіктен деградацияға ұшырап керек емес. сіз — өз өміріңіздің қожайынысыз. сіздің өміріңіз, қатал айтқанда, сізден басқа ешкімге керек емес. соны түсініңіз. сіз, тек қана сіз жауаптысыз өз өміріңізге, бақытты болуыңызға… мына дүниеде ешкім ешкімге міндетті емес… ол сізді керек еткен болса, өзі-ақ тауып алады сізді
Ол үшін жаман көзқарас қалыптасуы керек шығар… Сол негативтерді ойлаудың өзі ұмытуға жатпайды екен…