Күз-көңіл

Бұлданған бұлттардан тамшылап
Жаңбырлат, жапырақ-кілем күз.
Ұрланған түндерден ән сұрап
Мәдина қоштасқан күрең күз.

Әркімді еске алып отырмын,
Өмірдің күзі де келгендей
Әр түрлі ой салып отыр мұң
Жүз жасап, өмірді көргендей.

Ендігі шарасыз шақтарда
Саруайым артады күз-көңіл
Белгілі-белгісіз жақтарға
Әкетіп барады бізді өмір…
Бөлісу:

1 пікір

vebred
Үмітті күтеміз күндерден,
Қол бұлғап шақырған ертеңге.
Күз-көңіл тұнжырап, түнерген
Асыға қоймады-ау елтуге.