Ғажайып бір сезім бұл...(виртуалды махаббат туралы)

не ғо: көп әріп деп сөге, заһарларыңды төге көрмеңдер! 16 жастағы қарындасымның жазған әңгімесі. Төзімдеріңнің тұнығын тауыспай, оқып ой-пікірлеріңді білдіріңдерші. Маңызды болып тұр! Алдын ала рісбек!

сурет орны
Жаз айы.Көптен күткен сынақ – емтиханда өз мәресіне жетті.Оқушы біткеннің бәрі мәз, ал түлектер болса алдағы болашағына жол сілтер бақыт құсын жолықтырам деген арман үстінде… Студенттер де өздерін асыға күткен үйлеріне тарауда… Ал ендігі кезек дем алу… Біреу күні-түні ғаламтор әлемін шарлап уақыт өткізсе, екіншілер таң сәріге дейін ұйқының тәтті құшағына батуда, ал соңғылары болса үй ішін азан-қазанға айналдыратын іні-қарындастарын бағып-қағуда…
Ақнұр біріншілердің қатарына жатады десем,қателеспеспін.Бойы аласа ғана келген,қазақтың нағыз қара домалақ қызы.Демалыс кезеңін көп күткенмен,қазір ештеңеге зауқы жоқ ол, мүмкін қасында дос-құрбылары жоқтың қасынан ба әлде үй ішінде балалардың үлкені боп, сырласатын, жайма шуақ күндері серуен құратын ешкімі болмағандығынан болар, «агент», «в контакте» ,«facebook» секілді ғаламтор әлемінде өз сырласын іздеп күн кешетін жастардың бірі.
Қызық… Сіздер қашықтықта, бір-бірінен алшақта жүріп-ақ ғашық болған жандардың махаббатына таңдана қарайсыз ба?! Басында мен де сенбеп едім, бірақ ол да мүмкін екен…
Ақнұр әдетінше көз ілмей, түннің бір уағына дейін агентте отыр еді.Жеке өмірі айтпастан-ақ белгілі… Еш қызығы жоқ күн кешетін… не бір серуендеп, не бір дүкен аралап дегендей… уақыт пен жастықты ғаламторда отырып өткізетін… тіпті отырған күннің өзінде-ақ әңгіме-дүкен құратын қызық әрі «романтик» жанға бір кезікпейтін, бірақ бүгінгі түн Ақнұр үшін өте бір ерекше болды… Неге дейсіз ғой… Сүйгенінен айрылып,қайғыдан қанаты қайрылған Арман есімді жігіт сүйіктісін тез арада ұмыту үшін сұлу қызды іздейді.Сөйте тұра ғаламторда отырған сұлу қыз-Ақнұрдың суретіне көзі түседі.Шыны керек, виртуалды достардың ішінде кім бар, кім жоқ, кім таныс не кім белгісіз жан екенін де аңғармайсың...Қыздың тән сұлулығына тәнті болған ол, жанының да осынша сұлу боларын болжап,қызбен бірінші болып үн қатады:
— Сәлем, сұлу қыз.Таныссақ қалай қарайсың?
— Сәлем,-деп Ақнұр қуана әрі күдіктене жауап қайтарады.-Таныссақ танысайық!
— Қай жақтан боласыз,қарындас? Немен шұғылданасыз? Жасыңыз қанша?))
— Петропавлдан боламын.Жасым 18-де.Айтарлықтай ештеңемен әуестенбейм десе болады.Сіз ше?
— «Сіз» дегенің не, сұлу қыз… Сен десең болмай ма! Жасым 20-да! Негізі өзіміздің қала баласымын, бірақ оқу іздеп Алматыда білім алудамын.Араға бір-екі апта сала, сүйікті қалама жол тартпақпын! мүмкін сенімен де жолығар күн болар)
— Ммммм… мүмкін… мүмкін)))өзің тым пысық екенсің… бірден танысуға құштарлық танытқаның таң қалдырады)))өмірде де осындаймысың?!!!
— Бәрі көңіл-күйіге байланысты ғой, бірақ сендей сұлулармен әрқашан әңгімелесуге дайынмын…
Осындай сарынмен екі жас күннің атқанын да байқамай қалады.Сонымен,қоштасып күнделікті өмірге оралады… Кеш те батып барады, ал ол болса әлі жоқ… кеше ғана жат болған бейтаныс жігіт бір жүрекке жақын, көптен бері таныс болып көрінді… Осылайша тоса-тоса Арман да агентке кіреді… Бірден оның желіде екенін аңғарған ол қызға хат жазады… Оны асыға күткен Ақнұр да бірден қызу әңгімеге кіріседі… Екеуі тағы да түні бойы көз ілмей бүгінгі күннің қызық сәттерін бір-біріне жазумен әлек болады… Сөз желісінде Арман: «Білесің бе, айтуға ұмытып барамын...Қалада 10-15 күннен кейін боламын… міндетті түрде кездесейікші!»-дейді.Мұнысына қыз үн қатпайды...Әрине,әдемі десе әдемі болармын, бірақ шынайы өмірде жігіттермен жүріп көрмеген ол үшін бұл аздап таңсық болар… не дейін, жүрек кездесуді қалағанмен сана-сезім бұл сауалдан қашқалақтаумен болды…
Күндер өтеді… Уақыт ұшқан құстай зымырап келе, екі жастың көптен асыға күткен кездесуі жақындай бастайды...Әрине, Ақнұр үшін бұл өте маңызды сәт… бұрын-соңды жігіттерді жақсы тануға құштарлық танытпаған, тек жігіт атаулымен достық қарым-қатынас орнатып, шынайы махаббатқа беріліп көрмеген, сүйіп көрмеген жан ғой...Әр қыздың көкейінде өзіне қояр сұрақ-жауаптары бар. Ақнұр сондай сұрақтарды өз-өзіне қойып, сол қойылған сұрақтарға жауабын да беріп қойған:
— Ұнамасам ше?ғаламторда тілдесу оңай, бар сырыңды ақтарған күнде де, сенің сол кездегі қобалжуыңды, сезіміңді жасыру да оңай… ал өмірде ше? Мүмкін мен оған лайық емеспін?
— Жооооқ… ол дегенің тарбиелі жігіт қой және де мәдениетті.Оны тән сұлулығынан гөрі жан сұлулығы қызықтырады емес пе?..
— Тоқта, Ақнұр, тоқта! Сонда сен не өзіңді сұлу емеспін деп тұрсың ба? жооқ… адемісің, сұлусың…
— Мхм… ал ең басты мәселе – жігітпен арнайы кездесіп көрмедің ғой… Сонда не 18 жасыңа дейін жігітің болмағандығын, тіптен қамқорлық жасап, саған қарайласқан жігіт болмады дермісің?
— Болмағаны несі… бар ғой, бірақ ол бұрыннан бір ауылда туып,қазіргі кезде жай танысым не досым болып журген ерекше жан.Өкінішке орай, оған тек дос ретінде қарап жүргеніммен, жігіт ретінде еш қызықтырмайды, оны тіпті суйіктім ретінде қарау да ойда ешқашан болмаған… Ал ол болса жақсы жігіт… иә жақсы жігіт…
— Бооолды… болды! Осы жетер, тыныштық бер, сана-сезім, енді ештеңе деме…
деген ішкі монологін жүргізіп,өз-өзімен күнде сырласуда болады… Акнұр осылайша қобалжып жүргенде, Арман қалаға да келіп үлгеріпті…
Маусымның жаймашуақ нұрлы күні… Арманның әке-шешесі, жора-жолдас, ағайын-бауыр барлығы майлы дастархан үстіне жиналған. Арманның алыс жолдан аман-есен келгенін, биылғы оқу жылын ойдағыдай аяқтағанын тойлап отырған жайы бар, тек қарындасы ғана үйде емес.Негізі, айтылмай қалған дүние көп.Арманның тегі – Базарбаев, отбасында Әкесі — әскери қызметте, шешесі – қарапайым ұстаз, ал өзінен кейінгі әке-шешесінің ермегі мен еркесі бар.Ол — қарындасы Айару.Ағасының еркесі биыл 5-ке толып, ата-анасы баланы жаңадан ашылған балабақшаға беруді жөн көрді.Үйдің маңынан да алыс емес, балабақша да жаман емес көрінеді. Дегенмен, ол маңызды емес.Шет-жағасын оқырман түсінді-ау деймін…
Арман жолдан шаршаған болар, тамақтанып алған соң, жуынып-шайынып мызғып алам деген оймен жатқан болатын, бірақ онысымен түгі шықпады.Қайта-қайта агентке де кірді ме керек.Ең өкініштісі, келгеннен бері ойынан еш кетпеген Ақнұр желіге бір шықпай қойды.Әрине, кездесуді өткізбес бұрын жақсы бір романтикалық не болмаса тыныш қана отырып,әңгіме-дүкен құратын Қызылжарда орын бар ма де?.. Ендігі ойы –осы.Адам қаптаған Конституция көшесінде(Ленина болып аталып кеткен) таныс жұрттың көзіне легем деп қорқасың.Не болмаса, бір «фантазиясы » жоқ адамдай құр көше кезгенді ұнатпайтын ол үшін бұл маңызды сауал.Қайда қыдырсақ екен?..Қаладағы кафе-ресторандарға кірмегелі не заман де.Шынымен, ресторан атаулыға түрік сериалдарындағыдай күнде бара бермейміз.Той десе ғана басымыз бірігіп бір ресторанға мәдениетті адамдарша отбасыңмен бармасаң, ал кафеде күлді жастар.Әрине, жасы жас қой… Бірақ қазіргі балалар топырлап сол кафелерден шықпайды.Ал саябақтар ше… Парк Победы ше… ай.білмеймін.Әттең, шынымен бір ғашық жұптар үшін үлкен бір аллея ма не болмаса бір жақсы орындар жасауды көбейтсе ғой де… иә,әкім болғанда жасармын де… Армандай бер, Арман»- деп, уақыттың қалайша тез өткенін байқамай қалыпты…
Әке-шешесі біраз тынықсын және де өзіне де ермек болар деген оймен қарындасына тосын сый қыламын деп, балабақшаға жиналады. «Расписканы» да түгендеп, салып алған.Қазіргі заманда Бала қамақорлығы жан-жақтан қарастылылған.Тіпті өзінің туған ағасы болатыны біле, баланы тек ата-ананың рұқсатынсыз әкетуге болатынын білесіңдер ғой.Сонымен,қызықты бастауы әлі алда екенін білместен, ерке қарындасын бауырына құшуға асыққан Арман жолға аттанады…
… Адам өмірде әуестенетін, жан-тәнімен ұнатын істерді істесе ғана бақытты болады деген философиялық тұжырымға келіп отырмын.Мейлі қиын, мейлі ауыр болсын армандаған істерге қол жеткізе білу,ұнатқан жұмысыңмен айналасу – бақыт… Студентка бола,өзінің суйікті ісімен әуестенетін Ақнұр да сондай бақытты адамдардың қатарында.Сызылтып ән айту, нақышына келтіре би билеу, сурет салу не ғажайып сәттерді ұтымды суретке түсіре білу – бұның бәрі оның бойына дарыған асыл қасиеттер.Отбасында тұңғыш бала.Ал тұңғыш дегенде ойыңа бірден ата-әжесінің баласы болар-ау деген ой түсуі мұң емес.Жалын құшқан, бойында жігер-күші бар жас ата-ана отбасы қамын ойлаймын деп, жұмысқа берілген күнде тұңғышына деген сүйіспеншілігін, махаббатын толық көрсетуіне уақыт тапшы деп білемін...Өзінен кейін екі інісі бар.Әкесі – инженер, анда-мында жұмыстармен жиі үйде болмайды.Анасы –беделді бір фирмада есепші болып жұмыс істейді… Ақнұр әке-шешесінің жиі қолы босамағандығына түсіністікпей қарауға тырысады.Уйдегі екі тентек әпкесінің тәрбиесімен өсуде деп айтуға да болады.Содан болар, жастар сияқты көп қыдырып, сауық құруға уақыты келмейді… Ондайдан аулақ қыз… Міне, Ақнұрдың өмірі сіздердің көздеріңе елестеді деуіме болар.
Бүгінгі күн ерекше деп едім ғой.Ерекшелігін кейін түсіне жатарсыз… Арман қалаға келгенімен, Ақнұрдың біраз қолы тимей, тығыз шаруа үстінде болғыны болмаса, бәрі әдетінше…
Уақыт 17:40.Арман автобустан түсіп, балабақша орналасқан жаққа аялдамасы бар ма, уақытына қарап әлі-ақ аялдап, дәм татып не болмаса Қызылжардың сағындырған қымызын бір ішейін деп, коммуналды базардың ішіндегі қымызханаға баруға асық болып келе жатқан сәтінде баяғы бір бала кезгі досына тап болады.Аңсаған қымызы қалды-ау, бірақ көптен көріспеген,қауышпаған досын кездестіргеніне көңіл еш жабырқамады. Досының есімі-Асқар.Қазақта не көп-туыс көп.Кейде өзім де үйге келген қонақтарға таңдана қараймын… Мына кісі – мына жақтан туысымыз, Ана кісі – құда жақтан, тағысын тағылар артылып жатыр...Әйтеуір туыс дейміз! Сол бала кезде бірге ойнап-өскен бала – Асқар қай жақтан екені белгісіз, бір туыстарының баласы деп біліңіздер… Шарқататын шер, айтылар әңгіме көп-ақ, дегенмен кейін арнайы кездесетінін, уақытты жақсылап бір өткізетінін, ал қазіргі бірер уақытын бүгін өнер сынына түспек таныс құрбысының өнерін тамашалауын өтінген Асқардың ұсынысынан Арман бастарта алмады.Қыздың өте биязы, нәзік әрі сұлу екенін айта кетіп, сәті келсе таныстыра жататын Арманға асыға айтады.Сонымен, екі дос өнер додасы өтіп жатқан залға кіріп келе, жұртқа бөгет жасамаспыз деп кірген күйде есіктің маңынан орын табады.Залдың іші қараңғы.Адам дегенің лық толы.Барлығы өздері жанкүйерлік етуге келген жандардың сахынаға шығуын асыға күтуі айтпастан-ақ сезіледі… Кенет сахна төріне кереметей әсем ою-өрнектермен безендірілген қазақтың ұлттың киімін киген бұрымды ару шығады.Залда отырған халық бар ынтамен әлгі қыздың дауысын естуге ынтық.Арман болса сол қызды біреуге ұқсатумен болады.Шынымен таныс секілді.Бір жерде көргені анық екенін ойлап тұрғанда, Асқар сахна төрінің көркіне айналған сұлу — өзінің құрбысы екендігін, оған деген бала кезде ынтықты болғанын және де әлі күнге дейін жақсы достар екенін айта бастайды.Шынымен, Асқардың мөлдіреген жанарына қарасаң, жүрегінде әлгі қызға деген ғашық оты барындай леп еседі, бірақ оны тек Асқар айта алар, ал біз болса тек болжай аламыз… Досының болашағынан үміт күтетін Арман үшін Асқардың қыз таңдауы жаман емес екендігі бірден ойын аңғартады… Не де болғанмен, жүректе бір белгісіз алаңдатар сезім бар. «Әлгі ару кім болды? Неге оны ойлап, ой-сана маза бермейді?Құдды бір қызғаныш не ғашықтық оты жүрегімде бардай..» — деп ойлана үлгермеген Арманға қыздың «Ақнұр» аталатындығын Асқар бір сөзінде айтып қалады.Қалайша осы қыздың әубастан-ақ Ақнұр екені түсінбеген әлде шынымен бұл ойдан аулақ болғысы келді ме, белгісіз.Бірақ қайта сұрағанды жөн көріп:
-Асқар,қалай дедің? Сұлу қыздың есімі қалай?
-Ақнұр! есімі – Ақнұр! Менің алғашқы махабббатым… Бала кезде көршілес үйде тұрып, менің жүрегімді сол бала кезден-ақ баурап алған қыз.Қаласаң таныстырайын, Арман,қалай қарайсың.Мүмкін жақын құрбыларымен сені таныстырар.Әйтпесе, Динараңды ұмыта алмай жүрсің-ау деп, Арманның Ақнұрмен смс жазыса бастағанға дейігі жүріп жүрген қызын атай кетеді.
-Өкінішке орай кетуім керек… Келесі ретте… деп асыға қоштасып, Арман бір мезетте ұшты-күйлі жоқ болып кетеді.Далаға шыға салысымен не болып, не қойғанын түсінбестен уақытқа қарап,қарындасын күттіріп қойғанына алаңдай, балабақшаға жүгіріп кете барады…
Келесі күні таң ата оянып, кешегі оқиға жайлы көп ойланады.Өзі болса Асқардың Ақнұр есімді құрбысы өзі бірер апта бұрын танысып, бауыр басып қалған «Ақнұры» екендігіне сене алмай, көп ойланады.Сөйте тұра, бір шешім қабылдайды.Қашықтықта бола отыра бір-біріне аз да болса сезім баурағанына Арманнан кеткен еш қателік жоқ, тіпті Ақнұр да жазықсыз.Ал кешегі болған жағдай… Мүмкін досына бәрін жайып тастап, кешегі күннің өзінде Ақнұрмен етене танысу керек пе еді? Ал Асқар ше?әлде оның да Ақнұрға деген сезімі бар ма?.. Бар болса, бар-ау..Қалайша көз тартар сұлу қызды біле тұра, сезімің оянбас… Ал Арман болса өзінің сезімі алдамшы не болмаса ойға қонымсыз екендігі жайында ойлана бастайды… Кім білер,істің басын бастамай-ақ қойған дұрыс болар, бұған қоса, бала кезгі асыл досының жүрегіне қаяу түсірмейін деп, Ақнұрға деген «вертуалды ғашықтығын» доғаруды жөн көреді.Біраз уақыт бойы желіге шықпасам, мені ұмытар деп,өмірдің өзіне деп жазған тағдырын өзі-ақ өзгертпек болады.
… Ақнұрдың болса бұдан еш хабары жоқ.Тіпті қарбалыспен кешегі байқауға қатысам деп, Арманның қалаға келгенін де ұмытып кетіпті.Ал бүгін болса ол желіде жоқ.Тіпті болмаса, оның алдында өзі қатысар байқау Арманның қалаға келер күнімен тұспа-тұс келетіндігін біле тұра, айтуды жөн көрмегеніне аздап қапалы.Оның ойын сан түрлі ойлар кезіп өтті. «Ренжіді ме бәлкім… ал әдетінше желіде отыратын бүгін неге осынша уақыт жоқ… Иә, мүмкін ренжіген де болар не болмаса қолы бос емес шығар» деп өз-өзін уатумен, жұбатумен болады.Өмірінде алғаш бір іңкәр сезімді бастан өткере бастаған Ақнұр үшін қазіргі таңда Арманды жоғалтып алу үлкен бір мұң мен өкінішке ұласары сөзсіз.Қалайша сүйіп үлгермеген жас жүрек бірден жаралансын..Қалайша жаралануға даяр тұрсын,әрине, ондай ойдан көңіл аулақ болуға тырысады…
Арманның желіге кірмегеніне бір айдың жүзі болды.Бір ай дегенің, былайша қарасаң, көп уақыт емес, ал сағына аңсап күткен, шынайы танысуға құмартқан жүрек үшін бұл уақыт бағалы әрі ұзақ уақыт.Осы уақыт бойы Ақнұрдың да, Арманның да өмірінде айтарлықтай ештеңе бола қойған жоқ.Арман өзін Ақнұрдың алдында кінәлі санағанымен,ұзақ уақыттың өткенін және де Ақнұрдың оны ұмытқандығына аз да болса үміт отын ұялатумен күн кешуде.Кейде Ақнұрмен смс-хаттар жазысқан күнін сағынумен, күрсінумен болады.Сондай кездерде агенттегі жазған нәрселерді қайта-қайта оқығанда:
— Жарқыным-ау,қалайсың? Неге көңілсізсің әлде біреу ренжітті ме?
— Ешкім ренжіткен жоқ… Жай ғана шаршадым..Әттең, сен қасымда болғанда ғой… мүмкін көңілім көтеріліп қалар ма еді...)))
— Сәл күтсең кездесерміз.Тек шыдамды болсаң болғаны, — деп жұбататыны не болмаса:
— Мен сені қалай атаған көңіліңе жағымды… Ақнұрчик.Акося, Акок дейін бе әлде жаным, күнім, сұлуым, балапаным,құлыншағым дейін бе??
— Ой қойш! «Ақнұр» десең, осыған да ризамын.Мынаны қарашы, көрмей жатып еркелетуге асыққаны… мүмкін саған ұнамаспын, а??
— Ұнамағаны несі...Ұнайсың… Сен маған ұнап та үлгердің, сұлуым, — деп артық кеткен жерлеріне іштей ұяла ма… Бар білетінім, уақытты қайта айналдырса, сахнадан алған көрген күні-ақ қасына келетініне қазір сенімі мол еді.Қалай болғанмен, уақыт деген ұшқан құс.Зымырап қайта айналмас… тек бүгінде көңілде осындай жайдарлы күннің белгісі ретінде агент жадында қалған смс-тер ғана… Ақнұр болса,әлі де Арманнан бір хабар күтетіндей… Кейде ойына мейлі қандай болса да, бар болғаны қасымда болса ғой… Маған қамқор боп, тым болмаса жанашыр дос болса ғой деген үміт пен арман жетегінде күн кешуде.Оған қоса, ол неге үшті-күйлі жоғалып кетті?Қашан оралады не болмаса менің сезіміммен тек ойнап кетті-ау деген не бір түрлі ойлар да ойына кіріп шыққан… Көзінен мөлдір жас тамып, жабырқаған сәттер де болды… Мұның бәрі артта… Ендігі ол жайлы естігісі келмейтініне белін бекем байлап, жаңадан өмір сүрмек! Дегенмен, Арман екеуін не де болса қосам деген тағдыр Ақнұрға ондай сәтті бірден беруді ұйғармады…
Үйдің іші бір тірі жан жоқтай тым-тырыс күйде.Тыныштықты тек кіреберісте шылдырлаған телефон бұзбасаа, еш бір жан үн қатпас еді.Тұтқаны үйде жүрген Арман көтерді:
— Алло, бұл кім екен?
— Арман, сенбісің? Танымадың ба… Бұл мен –Динарамын ғой…
— аа, ия таныдым..! Сәлем… деп баяу әрі сабырлы үнмен Арман жауап берді.(Арманның бұрынғы жүрген қызының есімі Динара болатын, естеріңізде болса..Қорықпаңыздар, бұл ол Динара емес..Өмірде жиі кездесетін есімдер көп қой.Сондай жиі әрі біздің заманда модаға айналған есімдердің бірі –Динара! Ал сонда қоңырау шалған кім деген сұрақ еріксіз ойыңызға келген болар… Бұл Арманның шешесі- Балзияның сіңлісінен туған Динара есімді бойжеткен, яғни Арманның 17 жасар бөлесі)
— Қалайсың, еркетотай?? Оқу қалай не істеп жатырсың?Қандай шаруамен қоңырау шалып едің?? Деген сұрақтарды бірден жаудыра қойған Арманға:
— Негізі бәрі жаман емес… Осы сенімен сырлассам не ағалы-қарындас ретінде қыдырсақ қайтеді?? Саған айтар сондай жаңалықтар бар!
— Қыдырсақ....қыдырсақ,қыдырайыйқ!
— Онда бір сағаттан соң әдеттегі жерімізде кездесейік!
— Көріскенше..!
Деп тұтқаны қоя салысымен Арман жиналуға асығады… Араға бірер уақыт өткеннен соң, Арман мен Динара кездесіп, бір дәмханаға соғады… Екеуі бірін-бірі көптен көрмеген болар, дәмхананы күлкі мен думанға толтырғаны, күлкіден сыңғырлаған дауыстары сонша, көшеде кетіп бара жатқан адамның мән бермеуі мүмкін емес…

Бүгін Ақнұр қала көшерелін кезіп,өзіне лайықты көйлектерді іздеген болатын.Жаздың күні болғандықтан ба дала өте ыстық, мазаңды кетіріп, аяқ-қол да бір отырып, дем алғанды сұрайтындай Ақнұр бойында бір әлсіздікті сезінеді.Ойда-жоқта ең бірінші кездескен дәмханаға кіруді ұйғарады.Сөйтіп, жүректің қалауы ма әлде тағдыр жазуыма дәл Арман мен Динара отырған дәмхананың баспалдағын басып кіруі — біреуге жай кездейсоқтық болса, біреуге – қыз жүрегінің қалауы сезілген, орысша айтқанда «совпадение» не болмаса «приятная встреча» сынды… Бірақ бұл мүлде олай емес… Ал Арманның жалғыз еместігі тіпті өкінішті-ақ…
Манадан бері сусынын бір қандыруға асық болған Ақнұр не ішем, не жеймін деп тұрғанда, дәмхана ішін азан-қазанға, күлкі мен думанға айналдырған жұпқа көз тастамау мүмкін емес еді.сырт көзбен қарасаң, жұптары жазылмас бақытты ғашықтар деп қалуың да мұң емес.Ақнұр да солай ойлаған болар.Олардың әзілі болсын,іс-әрекеттері болсын бәрі көңілге бір жылулық ұялататын еді, бірақ бір мезетте оларға, олардың балалық әрекеттеріне қарап, күлімсіреп тұрған Ақнұрдың жүзі кенеттен өзгере кетті.Әрине,ұзын бойлы, келбетті әрі қалжыңбас жігітте бірден өзі тек сырттай білетін Арманды тани кету қиын еді.Дегенмен, Ақнұр оның шын мәнінде Арман және де оның бұрынғы сүйікті құрбысы ма екен деген болжамын:
— Армааан, болды ғой енді.Күлдірте бермеші.Адамдар не ойлайды? Тынышты ал, кәне.болды-ау деймін!
— Динаражан, не болды соншама адамдаааар деп, біз де адам боп жаралдық қой! Мені тынышталдырмай-ақ қойш!» — деген екі жастың сөздері дәлел деп те берді.Ақнұрдың бойында әлде бір салқындық пайда болды.Жоқ, күн нұрының жылуы бір бөлек, ал жан жылуы –басқа дүние… Ендігі өзін алданған, ешкімге керек емес не болмаса өзін сезімі тапталған жандай сезінген Ақнұр тез арада дәмханадан кетіп қалуды ұйғарады…
(Жалғасы бар...)

пысы: Теріскейліктерден алғаш осындай туынды оқып тұрмын! Баяна бұрышта темекі шегіп тұр. ғашықжүрегіңдіссс)))
Бөлісу:

51 пікір

FaraOn1
ал не дейсіңіздер?)))
kayipruh
әңгіме желісі вЕртуалды махаббат жайында болған соң олардың әке-шешесі кім, немен айналысады сияқты жайлар керек емес деп ойлаймын.
kayipruh
Сүйгенінен айрылып,қайғыдан қанаты қайрылған Арман есімді жігіт сүйіктісін тез арада ұмыту үшін сұлу қызды іздейді.Сөйте тұра ғаламторда отырған сұлу қыз-Ақнұрдың суретіне көзі түседі.
жігітіміз де сабаз екен!!! Қайғыдан қан жұтып, сүйіктісінен айрылып отырған жігіт ұмыту үшін 'ҚЫЗ ІЗДЕЙДІ' жай қыз емес 'СҰЛУ'! Бұл жігіттің махаббатының шынайы екеніне күмән тудырады.
kayipruh
Қателері көп және тыныс белгілері орынды орынсыз қолданыла берілген. Қарындасыңызға ақыл: орфография мен пунктуация туралы түсініктерді, кітаптарды бір қарап шықсын. Көп нүктенің өзінің қолданылатын орындары бар
FaraOn1
рахмет Кайфрух! ескеремін)))
kayipruh
бішей дейіл мумие
kayipruh
ал не дейсіңіздер?)))
Ал, не дейсіздер?
19852407
Оқуға тым ұзақ, әрі банальды басталады екен
Tyulpan
қызық әңгіме екен. жақсы жазылыпты. сізге қай жағынан, қандай піікір керек еді?
FaraOn1
қай жері ұнады?
Қай жері артық?
Қай жерінде қандай кінарат бар?
Tyulpan
стилі — бірқалыпты, яғни бір нормада. бірақ "қара домалақ" деген қыздарға қолданыла ма, ал «сыңғырлаған күлкі» деген ұлдарға қолданыла ма — соған күмәнім бар, соны анықтап алса дұрыс шығар. вЕртуалды емес, вИртуалды болады. оқиғаны өрбітуі ұнады. Динара деген екі жерде кездесетіні де кездейсоқ алынбаған — сәтті шыққан. ммммм ой негізі мен көп ондай тексеру біле бермим, қалғанын білетіндер айтсын ))
FaraOn1
рахмет! 16 жаста ғана ғой айтқандарыңыздың бәрін жеткіземін. Бағыт бағдарын анықтауға, түзелуге септесер деп үміттенем!
19852407
Өзің де 16-да ғана сияқтанып тұрғаның менің үшінші көзіме…
FaraOn1
рахмет! түнде морозилникта ұйықтаймын, сондықтан жақсы сақталғам))) былтыр мынаған толғам биыл 23 ке толамын құдай қаласа
егер прозаны менікі деп меңзеп тұрсаңыз мен негізімынадай қыртымбайлардан аса алмаймын))
beka95
ыыы( оқуға ерініп отырғаным…
west_laura
біздің таныстығымыз Оның:
-қандай жан екенсің?-деген сөзінен басталған болатын. 
edige
Қай көңіл күйде айтылғанын айтсаңыз сыр болмаса… Ашулы шығар я…
west_laura
Ашулы болса таныстығымыз демей ұрыс — керісіміз дер едім ғой. Қазір агенттен танысуды көбі жеңіл қабылдайды. Құдайға шүкір, Оның сол сөзінен бастап танысқанымызға 3 жылдан асты.Ешкімді танымаса да мен үшін Оралға келеді Жанаөзеннен…
сол жігіттің үмітін үкілі еткім келеді,
сол жігіттің барына шүкір еткім келеді,
өмір бойы… жанымның шырағы етіп сезімін,
мені күткен адамды күтіп өткім келеді… деп жүрмін қазір…
edige
Бір ұялыда екі майл ашып, екеуінде екі образда жүретін Амиголар да кездеседі өмірде… Пайыздық көрсеткіште сіздің сезіміңіз басым сияқты… Өлеңдеріңізге үңілгенде… Ниеттеріңе жетіңдер… Сезім деген солай өзі…
west_laura
ол ондай емес  сонда мені 3 жылдың ішінде адамды танып біле алмайтын ақымақ деп ойлайсыз ба… жанымды ауырттыңыз… айттымғо көбі жеңіл қабылдайд агенттен танысуды..
edige
Жаңа технологияға қарсылығым жоқ… Виртуалда әдемі образдар өте көп… Сөз қоры, сөз саптауы әдемілер дегенім…
Жүрегіңіз ауырмасын еш… Уақыт көретеді барлығын… Мен виртуалды Қозыңызбен таныс та емеспін… «Алдараспан» театры күлдіргі етіп көрсеткенде ешкімнің жүрегі ауырмады… Мен де күлкілі етіп айтуыма болады, бірақ…
edige
Мысалы, өткенге үңілейік:
Керекте ертеректе жарияланған сурет орны

Бұл да виртуалды танысу іспеттес…

Қатипаштың майлдағы аватары…19 ғасыр…
Тарихта да болған екен ғой «Виртуалды танысу»…
west_laura
жарайды. уақыт көрсетер.бірақ ол қазір виртуалды емесқой… сол сөзінен кейін тура 1 жыл өткен соң кездестік… алі кездесіп жүрміз… 2 жыл болды. Оның виртуал болған жылдары өтіп кеттігой… Кәзір үйленсек деп жүр. Бірақ менің оқуым бар әлі бітірмеген..әрі ағасы бар үйленбеген, "қалай ағаңнан аттап үйленесің" деп тоқтатып жүрмін,әрі күтіп)
Aigolek
менде деекушеуи бар. Биреуси еркек ретинде тиркелген еще
bazuka
maaaaaaaaa Aigolek))) ujas go munin)))
19852407
Опппаее!
Міне оралдық қарлығашым!
Жанееем сол, енді біз де кездесу өткізіп тұратын боламыз, үшеу болдык
west_laura
сіз де Оралданбысыз))) өте керемет…
ruben
вертуалды махаббат
Мә, менде де vertu әперетін махаббат болғанда ғой
19852407
 Ақтотыныкіндей екен арманың
Алайда өмірде бәрі де болады
AKY
Ақтотыныкіндей екен арманың
Дәмегүлдің құрбысы?
ruben
Ақтотыныкіндей
 Сылушайынысти несылушайны, насяльника! Ақерке -> Кеша -> Ақтоты
edige
Арманның шешесі- Балзияның сіңлісінен туған Динара есімді бойжеткен, яғни Арманның 17 жасар бөлесі)
Киноға сценари жазуға сұраныс түспепті ме аптырға…
Арманның бұрынғы жүрген қызының есімі Динара болатын, естеріңізде болса..Қорықпаңыздар, бұл ол Динара емес..Өмірде жиі кездесетін есімдер көп қой.Сондай жиі әрі біздің заманда модаға айналған есімдердің бірі –Динара
Жүрген қызы екен деп жаным қалмағаны… Алдын ала жазса нетті соны… Жүрегі әлсіздерге… (((
Aya
16 жастағы бойжеткеннің деңгейіне болады. Болашағынан үміт бар Тілі жеңіл. Сөйлемдері шұбалаңқы болғанымен,қызықтыра біледі екен бастысы. Жалғасын күтемін.
bazuka
Оқиға желісі ұнады! Жалғасын күтемін.
dark_nazgul
көбәріп  шегіністері тым көп екен
Қазір шағын жанрдың заманы.
FaraOn1
рахмет! Нұрберген Мақым сияқты натуральный жанрға көшсін деп айтам ғо өбизөк)
Adiletshu
Оқыған жоқпын. Ұзақ. Сатыбалды, Гастарбайтер, Әбіләкім сияқты мастерлер жазса оқып тастар едім
saya_akk
Бекер, салыстырудың да жөні бар ғой.
FaraOn1
соны айтамын да ол амиголар 16 да емес қой нақ
saya_akk
Тіл ғылымдарының маманы болмасам да, 16 жасар бойжеткен қоржынындағы салмақты шығарма. Тілі жеңіл, оқығасы шынайы. Шығармашылық табыс!
Жалғысын күтемін.
bi2
көөөөөп пікірлер жазлып тастапты ғо… көп оқыса аптырдан жаксы кітап кеміргіш шығатын шығар…