Жалғызаяқ футбол

Осыдан 11 жыл бұрын Сьерра-Леонедегі азаматтық соғыстың құрбандары өздерінің футбол командасын құрып, оны «Жалғыз аяқты спортшылар клубы» деп атапты.

Сьерра-Леоненің бас стадионында жаттығып жатқан жартылай қорғаушы Патрик Корома. Оның айтуынша, аяғынан айрылған күн еміс-еміс есінде екен. Тамақ іздеп жүргенкезінде көтерілісшілердің қолына түскенде олар аяғын мачетемен шауып тастапты.


Дәрігерлердің айтуынша, бұл спортшылар физикалық тұрғыдан өте күшті, әсіресе иықтары, өкпелері мен жүректерінің өте жақсы дамыған. Олардың ойындарының әдемілігі өз алдына, осы әрекеттері арқылы сау адамдарға да үлгі болып отырғанын атап айтады.

Капитан Максвелл Форнах (оң жақта): «Мені солдат па, көтерілісші ме, кім атқанын да білмеймін. Біраз уақыттан кейін Қызыл Крестің госпиталінде есімді жинадым. Енді міне, футбол ойнап, шаштараз болып жұмыс істеймін. Әйтеуір бір күні Паралимпиадалық ойындарға қатыссам деп армандап жүрмін.»


Команданың қорғаушысы Обаи Сесей (сол жақтан үшінші) Контолодағы кепіл тұтқындар лагерінде жасөспірімдер командасын жаттықтыруда. Ол анасы мен қарындасын зорлап жатқан солдаттарды тоқтатуға тырысқанда аяғынан айрылған.

Жағажай футболшылардың жатығулары үшін ең мінсіз жер, себебі, бұл жерде балдақтар ілініп қалатын шұқырлар мен ойпаңдар жоқ. Өкінішке орай, команда Фритаунның қасындағы Лумли жағажайында тұрақты түрде жаттыға алмайды, себебі, ол жерге дейін автобуспен баруға ойыншылардың бәрінде бірдей ақша бола бермейді.

Осы мақаланың соңына мынадай пікір жазылыпты, орысшадан аудармай, сол күйінде бергенді жөн көрдім:
«Кто-то вернулся к жизни после таких личных трагедий, но не имеет денег, чтобы приехать на автобусе на тренировку, а кто-то(Игорь Денисов, игрок ФК Зенит СПб) получает 3,5 миллионов евро в год и жалуется, что у него зарплата маленькая. Как мало и как много надо человеку для счастья.»

Біздің ұлттық құраманың ел сыртында өткізетін жаттығуларының бірін осы жерге апарып өткізген дұрыс болатын шығар…

Дереккөз
Бөлісу:

10 пікір

Aldeken
Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді деген рас-ау, осы…
asaubota
қазір мұндай мүгедек футболшылар командалары көп, турнирлер де өткізіліп тұрады.
alisha
Бірде волейболды отырып ойнаудан жергілікті команданың жаттығуларында болдым. Тым жақсы, тепсе темір үзердей жігіттер спортзалға кіріп келді де, киінетін бөлмеге кіріп кетті. Көп болса 2-3 минут өткен шығар жаңағы жігіттер залға қайтып келді, бірінің екі бірдей аяғы жоқ, бірінде бір ғана аяқ. Протездерін шешіп келген екен. Басында аяғандай боп ем, кейін аяуды былай қойып, риза болдым олар үшін. Он екі мүшесі сау бола тұра өмірден баз кешіп жүргендер қаншама?!

Арбаға таңылған бишілер де бар. Арбасымен шыр көбелек айналып билегенде оның мүгедек екенін ұмытып кетесің. Сырттан бақылап тұрған біз осындай әсер алсақ, олардың өзі қандай әсерде болатынын елестетіп көріңіз.

Айтпақшы, суреттері де бар.


Daniar-Alan
… жап жас жігіттер… құдай сақтасын…
Abilakim
м ыналар біздің құраманы айырып кетеді.Бәс тігуге бармын
Armanjan
Амангелді Сейітхановтың бір сұхбатында былай деп еді.«Біздің футболистер шетінен жұлдыз, ұсынылған тамақтың өзін таңдап, жақтырмай кері итеріп әлдеқандай болады. Алатын еңбекақылары біздің түсімізге кіреді. Жеңіліп қалған соң намыстанғанның орнына, енді премия бола ма екен, әлде бермей қала ма екен деп бір-бірлерімен сыбырласып әуре» -деп.
Erke
Руслан Балтиевті айтқан болатын!
edige
Мыналарың Қазақстан құрамасын 1 ақ аяқпен ұтып кететін сияқты маған…
zhanklodvandam
Мықты негрлер екен!
ruben
Запитерліктер әйтеуір Денисовты түйреп қалуға тырысады екен, қайда барса да  заманақырға дейін жалғасады бомждар жыры…