Алматыда «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты жыр кеші өтеді



Дарынды ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Мәдениет қайраткері, «Жас қазақ үні» газеті жетекшісі Қазыбек Исаның Ердің жасы – елуге толған мерейтойына байланысты өтетін «СЫРЫМДЫ АЙТТЫМ, ДАЛАҒА» атты Жыр кеші өтеді. Кешке белгілі қаламгер-қайраткерлермен бірге Ж.Жексенұлы, А.Мейірбеков, Ж.Сейдолла, Айгүл Иманбаева, Нұр-Мұқасан тобы және т.б. өнер жұлдыздары қатысады.

Кеш Алматыда 2012 жылы 4 қазан күні сағат 18.00-де Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда (Төле би- Ш. Қалдаяқов кк..) болады. Келем деушілерге есік ашық. Кеш теледидарға түсіріледі.
Бөлісу:

25 пікір

Daniar-Alan
Кеш теледидарға түсіріледі.
 барам
Nurgisa
Көп еңбек сіңірген кісі ғой. Ағамыз елуге де келіп қапты, құттықтаймыз!!! Алматыда болсам қарып қайтар да ма ем, әттең…

Қазекең бағындыратынды бағындырды, табындыратынды табындырды, енді артынан саналы шәкірт ерсін деп тілек білдіргім келеді.
asaubota
алматылық жырсүйер қауым барып қайтатын шығар
zhandarm
мен бардым казекеннин жыр кешине жаксы отти кай телеарнадан корсетеди екен билсен айтшы
asaubota
ок, сұрап білейін ертең
Daniar-Alan
Қазыбек Иса журналистикаға көп еңбек сіңірген кісі. Құтты болсын. Алматылық блогшылар барып қайтады деген үміттемін.
Marco
Неге «Сырымды айттым далаға» екен? Әлде «Сырымды айтып ем, далаға кетті» деген мағына ма екен? Барып келгендерің айтып келіңдер.
bi2
меніңше «сырымды айтатын адам болмаған соң далаға айттым» дегендегісі сияқты. кім білсін?
aza
Менімше, «Сырымды айттым, далаға...» дегенді айтқысы келген секілді автор. Мүмкін, Сырым деген адамның аты шығар?! Байбақты Сырым Датұлы, әнші Сырым Исабаев, әртіс Сырым Қашқабаев мүмкін, а?! Басқа қандай «сырымдар» бар а?!
nurbergen_makym
Жоқ, Қазыбек Иса ағамыз — аға ұрпақ — «Тұран даланың тарпаң ұлдары»… Олар қаншалықты қалалық болса да, көкіректері сай-салалы сар даланың самиянын, жусанының иісін, көлінің дәмін, шөлінің сәнін, жұлдызы көп аспанын, қызығы көп жас шағын аңсайды ғой… Сырын далаға айтқаны да, айтатыны да сол болса керек…
asaubota
соны мына жас балалар түсінсін бе?
Marco
Бес қабатты панель үйдің шатыры мен вокзал маңындағы қуыс көшелерде өткен балалықтан да нағыз даланың дархандығын сіңірген даналық өсуі мүмкін екенін әсте жоққа шығара алмаймын. Ол үшін көңілдің бекіп, сананың сұртабанданар тұсында тарпаң ұлдарға қарай бастайтын сиқырлы сүрлеуді сілтейтін жанашыр табылса болғаны. Оған куә болып та жүрміз.
asaubota
Қазыбек Исаның жеке сайты: www.kazybekisa.kz/
Armanjan
Ж.Сейдолла
көрермен саны күрт азайып кетермекен, апырай-ә.
aza
Мүмкін, «жартасқа бардым, айғайладым» дейтін ана ақынға еліктеп, «далаға бардым, Сырымды айттым»…
bi2
«жартасқа бардым, айғайладым» деген мен емес, Абай ғой…
aza
Ой, қара басып, ұмытыппын ғой, кешіріңізші, сондай бір оңбаған өлеңді сіздікі деп ойлағанымды…
bi2
абай ма онбаган, алде мен бе?
Aya
Кешті әдеттегіше Бақыт Беделхан жүргізді. Мен өзім жұмыстан кеш шығып, кешігіп бардым ортасынан. Белді-беделді әншілердің келгенін көргем жоқ. Зал лық толы болды. Қазыбек ағаның мерейі үстем болсын деп автокөлік сыйлап, құрметтеп шапан шапты. Ол кісінің көлік жүргізушісінің келіншегімен қатар отырып, мәртебем артып қалғандай болды Өлеңдерімен, әндерімен сусындап, кепкен кенеземізді, қаталаған шөлімізді қандырып қайттық. Біраз игі жақсылар болды Перуашев, тағы Серік Пірәлиевтер сөз сөйледі. Менің үлгеріп көргенім осылар болды енді
aza
Қазыбек ағаның мерейі үстем болсын деп автокөлік сыйлап, құрметтеп шапан шапты.
12 — қазанда Холлда Мұхтардың 60 ы болады екен. Маханофф! Жарнамадағы нөмірді теріп кеп қалсам, билет сатылмайтынын айтты. Ал, «шақыру билеті бола ма» деген сұрағыма мынадай жауап алдым: «Мұхтар ағаға шапан жабам, ат мінгізем, патер сыйлаймын деген кісілерге арнап қана 200 дәнесін жасаттық. Егер Сіздің сондай ойыңыз болса, мен қарастырайын...»
Мерейтой деген осссеее, жігіттер)
Janasil
Жиналып бір шапан жабалық. СЕн кіресің шапанды арқалап.
aza
Кети нақ) ТЖ (Маханофф стайл) лар бізсіз де жеткілікті болар!
Marco
Бырат, сен тағы звонда, хрипушка жазып ал!!!
aza
19 ында Төлен Әбдіковтың кеші болады екен. Меее, жігіттер, «Парасат майданы» сұмдық шығарма ғой… Оқыңдар!
aigerim29
Сырымды ұғар пенде жоқ,
Сырымды айттым, далға.
Болды сенбеймін адал достыққа,
Жағымпаздар керек жоқ))))))