Шартты ұғымға түкірдім!..

Дей алмаймын жылы сөзбен демермін,
Әрекетсіз, халқым, сені жебер кім?
Жылап жүріп, сұрап алған Құдайдан,
Егемендік, айтшы, бізге не бердің?

Ерің қайда елін, жерін қорғаған,
Отқа күйіп, ал суыққа тоңбаған?
Бала бағар әйел базар жағалап,
Еркек ез боп үйде ешқашан қалмаған!

Бәз біреулер барысқа өзін теңейді,
Тәуелсіз боп демейм(ін) тыныс кеңейді.
Үлгі болар ақсақал мен әжені,
«Асырайтын» қарттар үйі көбейді.

Жетімдерді шеттеп, шет ел асырып,
Жүрген жай бар ауруымызды жасырып.
Өзегінен тепкен бүгін жасығың,
Ертең келмес өз еліне асығып!

Кірлеп көңіл қардай болған жауған ақ,
Қыздарың жүр көшеде тән саудалап.
Жемқорларың жерді басып ұялмай,
Жүр қолдары жеткен жерді қармап ап.

Айта берді деме оны несіне,
Бабалардан қалған жоқ па несібе?!
Өз жерінде үйсіз жүрген қазақтың,
Жан жолдасы бұл күндері — несие!

Бір болудың орнына мақсат, тілегі,
Тілге, дінге бөлініп ап жүреді.
Қазаққа қазақ оқ атқанда шаруа жоқ,
"Қырық пышақ" деп қырғызға күледі!

Елу елдің қатарына ақыр біз,
Қосыламыз деп күш жұмсап жатырмыз.
Шын мәнінде ұланғайыр далада,
Бір бөлмелі пәтері жоқ пақырмыз.

Тоқтатайын, осыған да шүкір мың,
Құмалағы болмайыншы бүтіннің.
Әй, дегенмен айтпай тағы болмайды,
Тәуелсіздік — шартты ұғымға түкірдім!..

Зарина Долатай
Бөлісу:

43 пікір

Daniar-Alan
Әй, дегенмен айтпай тағы болмайды,
Тәуелсіздік — шартты ұғымға түкірдім!..
жаман кетіпті… 90-жылдарды елестетті…
ademi_alem
90 — жылдар болғанда… білмеймін не дерімді, бір дос ағам мұны оқып «Асыл затқа түкірме. Түкірік көрсең сүрт. Ең бастысы — еркінбіз. Қалғаны уакыттың еншісінде» дейді… Мүмкін дұрыс та шығар…
Daniar-Alan
80 жылдары сол баспанасыздық мәселесі әлі де өзекті…
Abilakim
Асылзатта бар секілді еді осы тектес өлең…
bi2
әлеуметтік «классика». «жартасқа бардым, күнде айқай салдым» десиш одан да…
Daniar-Alan
қыртымаш нақ
bi2
жай ма сіздікі… өлең ұнамаса бата бер дейсіз бе? "қыртымашты" маған емес, тізесі шыққан тақырыпты жырлап отырған анау «ақын». так что қалтаңызға "қыртымаңызты" қайта тоғытыңыз.
Daniar-Alan
ұнамаса нақтың
жартасқа бардым, күнде айқай салдым» десиш одан да…
надай сөзді қолданба нақтың Әдемі-әлемге…
басқаларға не десең о де… сыпайылап жеткіз
bi2
әлемі әдемі шығар, өлеңі емес, ағымнан жарылмасам болмайд
Daniar-Alan
нәп нәрмәлні ақ өлең
bi2
өтірік айтып үйренбегем!
bi2
ой бопты, Елу елдің қатарына ақыр біз,
Қосыламыз деп күш жұмсап жатырмыз.
Шын мәнінде ұланғайыр далада,
Бір бөлмелі пәтері жоқ пақырмыз. деген жері нәрмәлні екен, қоймадыңдар ғой…
aza
әлеуметтік «классика»
Классика болмай-ақ қойсын, елдің бәрі кллассик болуға тиісті емес, немесе міндетті де емес. Ол сөзді тырнақшаға қамап, менсінбеушілігіңізді көрсеткеніңіз жөн емес, Биекі!
bi2
демократия елде ғана емес, керек-те де жоқ екен… ал жабылыңдар! ө несай
aza
өз қалауларыңыз үшін демократияны қолжаулық етпеңіз, Биекі! Сіздің айтқаныңызға құлдық ұрып келісе беруіміз ғана демократия ма, сонда?
bi2
менің де бұл өлеңге келіспеуіме ешкім шектеу қоймауы керек ендеше…
aza
Ал біз бұл өлеңді ұнаттық, Сіздің терістеуіңіз терістейміз! Шектеу қоймаймыз, қалауыңызша құсыңыз, «класссика» деуіңіз дұрыс емес! Классика!
bi2
мен басқаға құссам да, қандай болса да өлеңге құспаймын… әркімнің өз классикасы болады, жақсы, сздің талғамыңыздағы классикаңыз осы болса…
aza
Биік ойлай алмаймыз һәм мына өлең біздің ұйықтап жатқан сезімдерімізді оятса классика демей қайтем… әркімнің өз классикасы болады Бастапқы мен айтқан пікірге қайта келдік, басынан бастаймыз ба бәрін?! Құрсыншы, ең бастысы өз «классикаңызды» басқаларға таңбауды үйрендіңіз, әйтеуір…
bi2
«классика» болса «классика» демеске амал жоқ. «біздің ұйықтап жатқан сезімдерімізді оятса» дейсіз. мына заманда ұйықтай алатын жақсы екенсіз…
aza
Ұйқы табиғи қажеттілік, нақ! «Заман», «демократия», "«классика»"… осының бәрін қайдан білесс? Сұмдық терең көрінессіз, маған!
Daniar-Alan
абайла Аза… от ненависто… мля… от неновости… небопкетті… уобшым до любви один шаг…
bi2
мазақ қылмаңыз, нақ…
bi2
сосын біз дегеніңізге жол болсын!
Abilakim
Елу елдің қатарына ақыр біз,
 Қосыламыз деп күш жұмсап жатырмыз.
 Шын мәнінде ұланғайыр далада,
 Бір бөлмелі пәтері жоқ пақырмыз.

Өткенде Олжас Сүлейменов Қарағандыға келгенде «уже 51-ші орындамыз, енді бір ғана қадам қалды» деп қыртып кеткен рас-өтірігін…
сұрақ қоймақшы болып едім, микрафонды қолымнан тартып әкетті біреулер
ademi_alem
Ал, ағай, сізге бір сұрақ… Сізге болғанда оқыған адам өз ойларыңызбен бөліссеңіздер: Өскеменде кей газет беттерінде «Сдам полуторку семье славянской национальности на длительный срок», «Сдам комнату девушке славянке» деген хабарландыруды жиі кездестіруге болады. Бұл тура мағынасында "қазақ келмей қойса да болады, қазаққа пәтер жалға берілмейді" деген сөз емес пе? Бұл қаншалықты заңға сәйкес? Мақала дайындап жатырмын, бірақ бір мақаламен газет беттеріндегі мәтінді өзгертуге болса да, қалыптасқан жағдайды өзгерте алмайды ғой… Күз келді, оқу басталды, кей студенттер қазақ болғандығы үшін ғана пәтер жалдау мүмкіндігі азайып, ары-бері сабылуда.
Marationok
Енді, негір болсада, өз қалаулары ғой? Солай емес пе?
«Работа» деген газетте «требуется сотрудники на… европейской национальности» соны айта кетсиш…
ademi_alem
Жоқ, мен сұрақты басқа емес пәтерге қатысты қойдым. Бір қарасам пәтер иесінің өз мәселесі сияқты кімге беретіні, кімге бермейтіні, ал бір қарасам бұл ұлтты төмендету болып саналатын сияқты. Өз жерінде үй былай тұрсын, пәтер жалдауға мүмкіндігі бола бермейтін қандай… халықпыз…
Marationok
Иә, қазақ тілін мойындамайтынынмен де байланыстыруға болады. Типі: қазақ тілінің оларға керек еместігі, ол ұлтты төмендету болып саналады. Иә, солай солай.
Негізі, адам деген үғымға сай келетін, ұлт өкілдері санаулы ғана.
Abilakim
Жұмыс беруші немесе пәтер беруші жеке тұлға ретінде таңдау жасай алады меніңше. Дәл осы тектес «Сдаю квартиру девушкам-казашкам» дегендер де бар
Marco
Мұны расизм деп қабылдауға болатын шығар, а?
ademi_alem
білмеймін, ағай… негізі адамды нәсіліне, жынысына, дініне, қызметіне бөліп қарауды құптамаймын. Тек әр адам өзінің орнын білгенін қалаймын. Мысалы, мен өзге мемлекетте тұрсам сол елдің тілін меңгеруге (жоқ дегенде нан сұрап жей алатын дәрежеде), халқымен жақсы қарым-қатынасты сақтауға тырысар едім. Ал Өскеменде (әрине бәріне бірдей күйе жағудан аулақпын) қазақ тілін түсінсе де түсінбеген кейіп танытып, "құл болғансыңдар, құл боп қаласыңдар" дегендей жоғарыдан қарайтын өзге ұлт өкілдері көп. Оларды ешкім орынсыз басынып, күн көрсетпей жатқан жоқ қой… Тұратын жердің иесі де, киесі де бар ғой…
salamat
тәуелсіздіктің жемісі 1995-жылдан кейін ғайып болды!
мемлекетте билік үстемдігі оранады да, халыққа қайтарылмады.
Биыл халық билікке ықпал ету тетігін іске асыра алмаса,
тәуелсіздікпен қоштасуға тура келеді.
әрине өкінішті!
Aigolek
Оу калайсыз. Сагындым гой сизди ))))
salamat
өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер
MMMM
Қайта қайта оқыдым, тамаша керемет жазылған, халыктың сөзі
JAKO
Тәуелсіздік — шартты ұғымға түкірдім!.. 

Азамат екенсің, айналайын…