РМ және МС

Көзімізге ұйқы тығылса да кеше түнде көбіміздің көк жәшікке телміргеніміз анық. Реал Мадрид-Манчестер Сити кездесуінің пайдасын МС-ліктерге алдын ала беріп қойғандар да бар еді. Оған себеп те жоқ емес, Реалдықтар бұған дейінгі кездесулерін жарытпаған еді. Дегенмен, өз алаңдарында өлімтік команданың өзі бір серпіліп қалатыны анық. Ал, Реалды біз өлімтік дей алмаймыз. Ағылшын лигасының чемпиондары Испандықтардың чемпионының шаңын қағып ала алар ма екен?
Сонымен, ойынға тоқталсақ.
Реалдың бас бапкері Жозе алаңға Өзилдің орнына Майкл Эссьенді және Серхионың орнына Варанды шығарыпты. Реалдықтардың аяғына түскен доптың 60-70 пайызы аяғынан өтіп отыратын Месут Өзилсіз ойын қалай болар екен?!
Манситиліктердің құрамын көбіңіз білесіздер, олар да осал емес. Агуера жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Дегенмен, әдемі ойын көрсетуге басқа ойыншылардың да қабілеті жетеді.
Бірінші таймда гол болған жоқ. Бірақ, «Роналду өз формасында емес екен» деген жел сөздерді Рәкең ойын басталысымен -ақ жоққа шығарды. Алаңда олай да бұлай да ойқастап бақты. Қақпаға дәл соққыларды да бағыттап жатты. Мұсылман қауымын айт мерекесімен құттықтайтын француз ойыншысы Насри бірінші таймның соңына таман өз орнын коларовқа беруге мәжбүр болды. Жақсы ат аяғынан қалады дегендей, сіңірі сіресіп ойыннан шығып кетті.
Опшым, не қыртып отырмын ойын 3 те 2 есебімен Реалдықтардың пайдасына шешілді. Барлық голдар екінші таймда соғылды.
Голдар: Джеко, 68 (0:1), Марсело, 77 (1:1), Коларов, 86 (1:2), Бензема, 87 (2:2), Роналду, 90 (3:2)

Бөлісу:

29 пікір

asaubota
2-таймды көре алмай ұйықтап қалған бақытсыздарданмын
Abilakim
Мен кешкілік шамалы ұйықтап алып едім, норма отырдым, ойын басында бас жуып алғанмын, сергек отырдым
qyzylordalyq_jigit
Мен де бірінші таймнан кейін ұйықтап қалдым. Ээх…
Abilakim
бірақ, қазір ұйқыларың қанық болар, менде керісінше))
asaubota
бұл топ бостан босқа Өлім тобы атанбады. топтағылардың төртеуі де өткен жылы ел чемпионы атанғандар.
Abilakim
«Бір тойым болатыны сөзсіз менің» дегендей, біреудің өлері анық, бірақ дәл кім екенін айта алмаймыз ))))
Onlasyn
МС дің защитасы быт шыт екен ғой. Реалға бірінші тайм да ақ мәселенің барлығын шешіп тастауға болатын еді. Бәрібір дегендеріне жете алды
Abilakim
Реал негізі жылдам гол салып алуды көздеген сыңайлы, болмады бірақ
Abilakim
жанкүйерлерінің зәресін алып жетті ғой)))
Onlasyn
Жалпы матч қызық болды,
aza
Әй, красапшіктерім!
Onlasyn
Роналдуның айлығы көбейетін шығар енді
konvict
Манчини Майконды алмастырып қателік жасап алды. Сабалетаның деңгейі бразилиялыққа жетпейді бәрібір. МС сапында осы Майкон мен Яя Туренің ғана доппен шебер ойнайтыны көрінді
Onlasyn
Майкон шарщап қалды ғой
konvict
Айтпақшы, мына суретті көргендерің бар ма?
know_how88
Бұл өзі «көргені де, көрмегені де арманда қалатын» ойын болыпты ғой, шіркін. Не деген драмматишнә. Әттең өткізіп алдық.
MickThatsMyNick
видеоны көре алмай отырмын
Abilakim
көреалмаушылық қасиетіңіз бұрыннан бар ма еді?

видео аптыры мен емес
MickThatsMyNick
аптыры сіз емес екендігі түсінікті ғо, тек көрсетпейтін видеоны постқа орналастыру мен үшін түсініксіз:
Abilakim
қарғам, кеше жұртар осы жерден көрген.Видеоның ғұмырының ұзақтығы тұрмақ бүгін кешке үйге жетемін бе соны анық білмеймін
MickThatsMyNick
жұрттар сіздің жазбаңыздағы видеоны кеше де, бүгін де, ертең де қарай береді, сондықтан постыңыздағы бейнені жаңартып отырған дұрыс, менің айтып отырғаным бұрыс болмас.
Abilakim
Қазір,2010-шы жылы Кивиге бір видео салып едім, соны тексеріп келейінш… Сіздің айтқандарыңыз заң!
asaubota
Барсаның ойыны да Реалға ұқсас болды. алып шықты Месси батыр 2-1ден 3-2ні
Abilakim
кеше мен МЮ-Галатасарайды көріп отырдым, бірінші голдан кейін ұйықтап қалыппын.Одан кейін гол болмапты да…
qyzylordalyq_jigit
Мәнкүниәндықтар түріктерді зорға жеңдік, 3 ұпайға шүкір деп үхілеп отыр ғой. Галатасарай жақсы ойнады ау дейм соған қарағанда
asaubota
екеуін де қарадым, біреуін ТВдан, біреуін инеттен. ГС жақсы ойнады негізі.
konvict
Реал мен Барса әупірімдеп жүріп ұтты деп батыс басылымдары жаға жыртысып жатыр. Соңғы минутқа дейін күресу — міне мықтылықтың белгісі. Месси де, Роналду да шеберлігін көрсетті. Әрі Барселона Алвес ауысқасын номиналды қорғаушысыз ойнады
Adiletshu
Барселонаға келген жартылай қорғаушылар қорғаушы боп кете береді
Adiletshu
Чемпиондар лигасына болжамдарыңмен бөлісе отырыңдар