Керекинфо - ертегілер елі
Керекинфо — ешкім оңайлықпен жете қоймайтын, жетсе де, ішке ене қоймайтын ертегілер әлемі деп қарасақ, ондағы қалданушыларды ертегі кейіпкерлеріне бөліп көрейікші:
Админ — ертекші
1. Бұлбұл
Кез келген нәрсені бүге-шүгесіне дейін қалдырмай, көңілді баяндап отырады. Ортаның «гүлі». Оқиғаны жандандырып, қиялына ерік беріп, позитивті молынан қосып, адамдардың бақытты болып қосылғанын қалайды, соған жазбасын бағыттайды. Көмейінен, ой, қаламынан төгілген жазбаларды оқыған сайын оқығың келе береді.
2. Түлкі
Өзі туралы ауыз ашпауға тырысып, сұрақтан сұрақ тудырады. Қулыққа басып, сенен қате тапқысы келеді, сол арқылы өз пайдасын көздейді. Постыңның әр нүктесіне тоқталып, ұзақ зерттеуге тырысады. Мағынаның астарын іздейді.
3. Аю
Өзі туралы әңгімені жаны сүйеді, мақтаншақ. Қорқақтығы бар, ішкі жан-дүниесі өте әлсіз, сыртқа «дәу» боп көріне алады. Кейде тіпті қиналып жүргенін айту арқылы да өзіне елдің назарын аудартып алуы мүмкін. Бастысы, ел аузынан түспеу.
4.Қасқыр
Ақиқат үшін жанын салып, ұрысуға, тіпті қырылысуға бар. Пікірін тік жеткізе алады. Сол арқылы өзінің үстемдігін көрсетіп, тісін батырып қалуға тырысады.
5. Мыстан кемпір немесе тролль
Өте сауатты және астарлы түрде жазба иесін еденнің деңгейіне дейін төмен таптап, алыстан сақ-сақ күліп отыра алады. Жәй ғана салғыласудан бастап, жүрегіңіз ауыратындай әңгіме айтылатын жанжалға ұластырмай тұрғанда, үнсіз қалу керек. Назарына бір іліксеңіз, іздеп жүріп, тиіседі.
Сатыбалды бырат есіме түсіп кетті шы
6. Арыстан
Ақылды, сабырлы, өзіне деген құрмет пен беделін орынды қолдана алады. Ұйымдастырушылық қабілеті бар. Төреші болуға жаны құмар. Көп сөзден гөрі, тақырыпқа дөп түсетін сөйлемді жазғанды ұнатады.
7. Қоян
Көп сөзі жоқ, үнемі көзге түсіп қалмауға тырысады. Кейде мүлде ештеңе айтпастан (жазбастан) сырттай бақылап отырады.
8. Есек
Аутсайдер. Жазғаны жақсы болғанмен, пікірге келгенде екі адамды арандатып, біріне бірін айдап салушы. Өзіне деген құрметін әркімге соқтығып жоғалтып алған. Тролға ұқсағанмен, ешкімді тірідей жерге тықпайтындығымен ерекшеленеді. Түсініксіз қолданушы, болғанға да, болмағанға да көсеуін сермеп қалады.
9. Қой
Жаңадан тіркелген момақан қолданушылар қойға ұқсайды. Байқұсты түрлі аңдар барынша талайды, тірі қалса, мал боп кетеді. Тірі қалмаса, жан дауысы шығып жатып, мерт болады.
Кімнің кім екенін жіктеп көрейік. Әзілді түсініп, ешкім ренжи қоймас деп ойлаймын.
Ozim Koi men Koyannyn selekciyalangan turi siyaktymyn ^_^
Тулки: Кен, Кисык, Патик
Аю: Аза, Абилаким
Каскыр: Даракы назгул
Мыстан кемпир: Гаста
Арыстан: Аршат, Марко
Коян: Олар оте кооп
Есек: Маган аздап ухсайт еще коянга да ухсайм )))
Мені олай атауға тек мыстан кемпірлерге рұқсат берілген.
Есектер мен қояндардың ойы да, бойы да жетпейді оған.
Чета батпай жатыр тисиниз
Түлкі: Сатыбалды, Қисық
Аю: Айқаракөз, Айжантабын, Данияр Алан
Қасқыр: Жанасыл, Әбіләкім, Абзал
Мыстан кемпір: Сатыбалды, Патик, Дарк Назгүл
Арыстан: Нұрғиса, Алдекен
Есек: Жакабай Шырақ, Кен
p.s менің де Бір орман ертегімді де оқуларыңызды өтінемін.
Қанша керемет болса да бір жақты кейіпкер болсам, өзімнен өзім жалыға бастаймын.
Түлкі: Кен
Қасқыр: Гаста
Арыстан: Алдекен, Алиша
Сатыпалды гибрид енді,1 образға сыймайды
Түлкі — Сатыбалды
Аюдың сипаттамасы дұрыс жасалмаған. Мысалы, Әбіләкім мен Гастаны мақтаншақ деуге болады. Бірақ қолданушының жазбасына қарап, оның ішкі дүниесін анықтай алмайсың. Оның қорқақтығын/батырлығын да білу мүмкін емес, менің ойымша.
Қасқыр — Саммита
Мыстан кемпір — Сатыбалды, Гаста
Арыстан — Омар бырат. Бірақ ұйымдастыру қабілеті туралы білмедім.
Есекке ұқсағандарды көрмей отырмын. Адамдарды бір-біріне айдап салатындар бар. Алайда оларды өз құрметін жоғалтып алған демес едім. Сондай-ақ, құрметін жоғалтып алғандары да болды. Бірақ олар адамдарды бір-біріне айдап салған жоқ сияқты еді.
сен үзіндіге алған ойымды есектерге берілген мына сипатқа қатысты жазғанмын:
"пікірге келгенде екі адамды арандатып, біріне бірін айдап салушы. Өзіне деген құрметін әркімге соқтығып жоғалтып алған."
Жалғас — менің жақсы көретін досым. Екеуміз де Таразы болғандықтан, әзіліміз де, сөзіміз де керемет жарасады.
Ал мен интернет пен реал тұрмақ, асханадан туалетке барғанда әр түрлімін.
Осы сайтта көп ондай адамдар.
Жақсы болсын жаман болсын харизмасы бар, реально жоқтығы білінетін, шоу жасай алатын, хайвайының өзі қызық адамдарды құнды мүшелер деп білем.
Қояндао мен есектер де керек адам санын көбейтіп, плюс минустар қойылуы керек шығар енді біреудің есебінен.
Шектен шығушылық та, боқтау да, жақтасу да, коалиция құрып жабылулар да, бәрі де болу керек сайтта.
Сайт тірі болған сайын, ойынға шындап кіріскен сайын бірдеңе үйренесің.
Жамағатта ұзақ жүрсең нағыз стратег ғана болмайсың, өзіңнің кемшіліктеріңе де сырттан қарай аласың.
Бұл тек өзін сайтта қалай да жүзеге асырған адамға қатысты.
Бірақ бұның жай ойын екенін ұмытсаң, реал мен виртуалдың шекарасын жоғалтып алсаң — ең қиыны сол.
дәп осы күннен бастап Ганс деген лақап ат жамалыпты дид Одминге…
«Бауыржан шоудың» бауыржан шоу кезіндегі тамаша әзілдері еді…