Ақпараттар ағыны - 05 қыркүйек 2012

ӘЛЕУМЕТ. «24 KZ» телеарнасын әлі көрмеген адам саны 16 млн 775 мыңға жетті.

СПОРТ. Криштиану Роналдудан кейін Месси де қарап қалмады. Ол да «Барселонада» бақытсыз және кетуге дайын екенін мәлімдеді.

БІЛІМ. Аттестаттаудан өткізіп беретін таныс табылды. Орамалы дайындалуда.

ИНТЕРНЕТ. Мамандардың айтуы бойынша facebook лайктарының 62% пайызы «баспасам ұят болар» сезімімен басылады екен.

МӘСЕЛЕ. Нокианың жіңішке қуат толтырғышы көршінің үйінде де жоқ болып шықты. Қонақтар шокта.

САЯСАТ. Қазақстан Футбол Федерациясына Ауыр атлетика моделі ұсынылды. 7 қыркүйек күні Ирландия матчының құрамына 5 қытайлық футболшы және Илья Ильин қосылатын болды.

ҚОҒАМ. "Қазақстандық Ононистер, Транссексуалдар, Аналшылар Қоғамы" өздерін аббревитатура емес, толық аттарымен атауды өтінді.
Бөлісу:

10 пікір

Marco
«24 KZ» телеарнасын әлі көрмеген адам саны 16 млн 775 мыңға жетті.
Мынауың ұтымды болды )))
AKY
Мамандардың айтуы бойынша facebook лайктарының 62% пайызы «баспасам ұят болар» сезімімен басылады екен.
asaubota
варатаға барлық жерде жүретін Мәкеңді тұрғызу керек!
sigma
неге қақпашыға тұрғызасыңдар?
aikarakoz
«24 KZ» телеарнасын үйдегі қара жәшіктен өліп іздейм. Сөйтсем, басқа тәсілді пайдалану керек екен ғой
ken
мен де ерінбей отырып, ручная настройка арқылы барлық арналардан өтіп шықтым)))))