Көп күттірген бала

Танысу

Жардың ең биік тұсынан кішкентай ер бала ілгері қадам жасап бара жатқанда бел тұсынан қысқан қолдардың қыспағында қалды:
— Өлер, өлер едің ау,- деп әкесі алдында тұрған баласының көзіне тұп — турасынан қарап баласынан гөрі өзі шошынған күйі дүрс-дүрс қағып шошынған жүрегін басу үшін оны кеудесіне басты.
Баланың көз алдында фотосурет болып кетпей қалған көрініс — жартастың астында жатқан қалашық. Жардан ілгері бір қадам жасаса ойыншық тәріздес үйлердің дөп үстінен жүріп кетеріне сенімді, көрер де еді, дер кезінде әкесі байқап қалғаны.
Оқиға орыннан ес тыйған адам көкжиекке дейін көз жүгіртсе, бас-аяғы жолдармен кесілген жасыл даланы, әр жерден өрнек түзеген егістік алқаптарын, дәл ортасында орналасқан үлкен су қоймасын және оның арғы бетінде алақандай болып орын алған қалашықты көреді.
Баланың құлағы естігенмен тілі шықпаған еді. Сөйлей алмайды тек басын изейді немесе шайқады.
Баланың көзбен көргенін жеткізе алмауы ерекше қасиеті құпияда сақталынып үлкендердің зейіннен тыс қалғанына себепші болды. Есейіп, көрген білгенін үлкендердің құлағына сай қылып жеткізе алатын шамасына келгенде тіл қатты.
Жаз айындағы мейрамдардың бір күнінде әкесі және анасы екі жағынан қолдарынан ұстап қаланың саяжай ішінде жетектеп жүріп келе жатқан кезде:
— Әке, ана. Әне әуе кемесі..,- деп ап-анық сөйлей жөнелгені, әкесі мен анасы қуанғанынан, не айтарын білмей,
— Қай жақта?,- деп сұрай беріпті.
Ана жақта, — деп сұқ саусағымен ауада ұшып бара жатқан аэростаттың ең қарапайым түрі — әуе шарын көрсетті. Биікте ұшып бара жатқан әуе шарына жан-жағына арқанмен бекітілген гондола ішіндегі ұшқыштың қимылын байқап тұрғанды. Ұшқыш жоғары көтерген оң қолындағы ілмекті төмен тартса жоғарғы жақтан лап еткен жалын шар ішін ыстық ауамен толықтыра түсті. Шар биікке көтеріле берді. Бала ұшқышты дүрбімен қарағандай жақыннан анық көріп қызықтады.
Қуаныштары қойындарына сыймаған анасының, әкесінің құшағына кезек-кезек көшіп қыспақтарында қалған болатын. Бірақ баланың бар көңілі аспанда. Жүз елу метр биіктікте ұшып алыстап бара жатқан әуе шарында. Қыранға беріксіз өткір көзі туғаннан берілген қасиеті еді.
Бала зейінімен, ерекше танып білуге деген құштарлығымен ерекшеленді. Кейбір қойған сұрақтары үлкендерді таңғалдыратын.
Жылдам сөйлемесе де өз жасындағы балалардан қарағанда өзгеше сөйледі. Бала дауысымен ересек адамның ойы шығатын.

Түсі және өңі

Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін.
Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болып өзін көретін (неше жаста?). Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделіне түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен метал шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық –химиялық тәжірибелер рет — ретін тапты.
Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып түз қағаздан түтік орап, Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп прототибіне иеленді*. Телескоппын түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады**. Галиео Галилей ашқан жағалықты жаңғыртып мәз-мейрам***. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды.
Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап түстерінің мыңнан бір бөлігінің өңге айналдырды. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Кітапхана босағасын аттағаннан бастап адамзат ойының тұңғиығымен тамсанды.
Әр ғылым саласындағы білімді түйістіріп қиялында өрнектерді түзеді, жасөспірім бала еш қиналмай өзінің қиялында тұрғызған кітапханасына білімін жинақтап, жүйелеп қойғанды. Үлкен жолға шығуға дайын. Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.

Жиырма жыл бұрын орын алған оқиға

Курчатов қаласындағы ядролық зерттеу орталығы. Аса қауіпті радиоактивті заттармен жұмыс істеуге арналған зертхана. Жердің астында бункерде орналасқан. Бункер екі аймаққа қалыңдығы 20 сантиметр қорғасын тотығы қосылған радиоактивті сәуле өткізбейтін шынымен бөлінген.
Орындық үстінде отырған ғалымдар шынтақтарын төбеден түскен білектей жуан буындары бар ілмектерге креслоның қанаттарына тіреп отырғандай. Ілмектер қолдың буындарының қимылына сәйкес дәлме-дәл қозғалады. Әр ілмек басында қайшының тұтқалары тәріздес көздері бар. Оператордың үлкен және сұқ саусағы осы көздерге киілетін. Шынының арғы жағындағы ілмек жасанды қолға айналатын. Тек басында саусақтар орынына тістеуік басына ұқсас қапсыра ұстауға арналған тістері бар манипулятор. Қозғалыс көшірмесін жасайтын манипуляторларды басқарған үшін оператор роліндегі ғалымдар «бір-бірін қуыршақ жүргізуші» деп қалжыңдасатын. Қуыршақ театрында жансыз қуыршаққа артист жан бітіреді. Көрермен жан дүниесіне жол салады. Ғалымдар басқаруындағы металл қолдар жанды дүниеге тиым салынған ортаға жол ашты.
Зертханада жоспар бойынша екі ғалым тәжірибелерін жүргізуде. Бірі жиырма жастағы жігіт. Тік маңдайынан түскен кекілі бар. Бет жүзінің қырлары тік. Ұзын сорайған мойыннан ақ халат киім ілгішке іліп қойғандай кең иықтарынан салбырайды. Екіншісі орта жастан асқан бет жүзі дөңгелек келген ересек адам. Қою қасты, қырғи тұмсығына көзілдірігін іліп алыпты. Қасында манипуляторды басқарып отырған жас ғылымның қимылын бақылап отыр. Іштей қобалжығанынан ба? Оң жақ құлағының ұшын ұстай береді.
Жігіттің бар зейіні, көңілі шынының арғы тұсында. Ішіне демін бір тартты да, екі қолын еппен қимылдатып манипуляторды басқаруға кірісті. Манипулятордың басындағы қапсыра ұстауға арналған тістерін бөлменің қарама-қарсы қабырғасында тұрған шкафтағы шағын керамикалық ыдысқа бағыттады. Екі жағынан қапсыра ұстап үстел үстіне тасымалдай бастады. Үстелдің тұсына жеткенде керамикалық ыдыс күтпеген жерде сынып ішіндегі көкшіл түсті тұз кристалдары үстел бетіне шашылғаны. Бір кристал үйкекте тізіліп тұрған түссіз сұйығы бар пробирка ішіне дәл түскені, сол ақ екен фотоаппарат жарқылдағышынан шыққандай жарық жылдам өткен ядролық реакцияға бастау салды. Нәтижесінде жарылыс болды. Біраздан соң зертхананың екі бөлмесі қараңғы түнекке батты. Қорған болуға тиіс шыны жарылыстың зор қуатынан кесек-кесек бөліктерге бөлініп бөлме қабырғаларына соғылғанды. Тірі жан қалмады.
Егерде зертханада қайғылы оқиға орын алмағанда қандай ғылыми жаңалық ашылушы еді? Ғылым — ғалымнан тек сала бойынша терең білімді емес: таңдаулы салаларда талантты, қажет болса өнертапқыш, батыл, көреген болуыңды талап етеді. Туылғаннан берген бақ десе де ең қажеттісі сол болар. Ондай жандардың келетін уақыты белгісіз. Келсе қымбат қонақ. Оны күтіп алу үшін әрқашан дайындықта болуға тиіспіз. Өткізіп алмайық, үмітімізді үзбейік…

жалғасы бар

* 80 есе үлкейтетін телескоп жасау үшін +0,5 диоптрий көзілдірік шынысы және фокусы 1,5-2 см лупа қажет. Ұзындығы 1 метрдей болады.
** күнге телескопты бағыттаған кезде көзді міндетті түрде сәулені нашар өткізетін шынымен қорғалады немесе окулярдан экранға проекция түсіру арқылы байқау жүргізіледі
*** Күн бетіндегі дақтарды бақылай отырып күн осі жердің айналу орбитасына 15 градус көлбеу жатқанын ашқан

12 пікір

satibaldi
Беті жазық, оңтүстік жағынан опырылып түсіп ғайып болған үлкен қара тас бөлігінің орыны құз
Больше вопросов не имею.
Abilakim
сіз бір сөзіңізде «бізде фантаст жазушылар жоқ» деп едіңіз…
bake
Мда… не айтарымды білмеймін. Маған қарсы айтылған сөздерді жеткізгенмін. Қазір дәл қолымда Медеу Сәрсекенің кітабы «Жетінші толқын». ҚызықтыИнфо(керек) satibaldi т.б. қауым сүйіп оқыған фантаст жазушының фантастикалық "Қос мекенді адам" романын Мәдеу Сәрсеке қазақ тіліне аударыпты, осы нұсқаны оқып көргенге құштар болып отырғаным.
satibaldi
Прозаға кет! Әлде мынау проза ма? Поэзияға, поэзияға кет!
bake
Гамлетті әлі аударып бітпеген көрінесін. Шекспирдің бірде-бір шығармасын оқымаптым қазақ тілінде . Коменттің конструктивті бөлігін қабыл алдық.
Gastarbaiter
Гамлетті әлі аударып бітпеген көрінесін. Шекспирдің бірде-бір шығармасын оқымаптым қазақ тілінде. Коменттің конструктивті бөлігін қабыл алдық.

Мұхтар Әуезов (У.Шекспир – «Отелло"), Әбіш Кекілбаев (У.Шекспир – «Ромео мен Джульетта», Шекспир -«Кориолан», У.Шекспир – «Король Лир), Мұқағали Мақатаев, Евней Букетов.сонеттерді аударған, Хамит Ерғалиев — Гамлетті.
Егер Астанаға барып жатсаң, Гамлеттің қазақша қойылымын тамашалауыңа болады.
Daniar-Alan
ғылыми фантастикалық әңгіме

Daniar-Alan
лібәәәәд… мына бір "" смайлға ырзамын шыыы…
bake
қазір уақыт тығыз болып тұрғаны. Асығыспын. «Фэнтези», «фантастика», «проза» әдебиет жанрлары төңірегінде әңгіме қозғанға. Фантастикалық жанр туралы мына жерде жазылған. Жалғасы жазылғанда оқиғалардың барлығы бір-бірімен түйісіп ғылыми негіздемесін табады.
satibaldi
қазір уақыт тығыз болып тұрғаны. Асығыспын.
"Әйтпесе бар ғой" дейсің ғой