Көгерген көшет

Жаңадан үйленген екі жас алғашқы айларында-ақ тұрмыстарының өздері ойлағандай болмай шыққандығын түсіне бастады.
Негізі бір-бірін жақсы көретін. Екеуі де ажырасуды қаламайтын бірақ бұдан әрі де бұлай жалғасуын тоқтататын шешім іздеді.
Ері “маған бір ой келді” деді. “Бақшаға бір ағаш отырғызайық. Егер бұл ағаш үш ай ішінде қурап кетсе ажырасайық. Қурамай өніп кетсе бұдан былай бұл тақырыпты қозғамайтындай болайық. Ал бұл мерзім ішінде екеуміз екі бөлек бөлмеде тұрайық.”
Бұл пікір келіншегіне де ұнайды. Ертеңіне бір жеміс көшетін алып бірге бақшаға отырғызады. Арадан бір ай өтеді. Бір түні бақшада кездесіп қалады. Екеуінің де қолында су толы бидон бар еді…
Бөлісу:

4 пікір

ken
бір жерден оқығанмын. қай жерден екені есімде жоқ.
zholantai
wordpressten болу керек, қателеспесем
dark_nazgul
Бір кішкентай бала бар еді ғой… Робин деген. Соның жазбаларына ұқсайды екен.
zholantai
дааааааааааа, осындай о'генрилік сарындағы насихаттарды(ілмектен алдым) оқығым келмейді, мүлдем. «Бір түні бақшада кездесіп қалады» осы жерден оқиғаны басқаша өрбіт, )))