Ар ма ағайыным, алқалы жұрт!

<h6>Интернет әлемінің әр бұрышын паналап жүріп, Керекинфоға да тұрақтауды жөн көрдім. Көрікті Керекинфотай, сен маған да керексің. Соны ұқтым. Мұнда көптеген жазбалар мен қызықты жандардың бас қосуы мені де қосылуға ынталандырды. Сондықтан, бірден төріңе шығармасаң да, өзіңде тұрақтауыма рұқсат бер, айналайын Керекинфо!
Бөлісу:

31 пікір

dark_nazgul
Үндемей кіре салуға болмай ма?
Сабақ жүріп жатқан дәрісханаға аяқтың ұшымен кіріп, оқытушы сұраған кезде ғана қол көтеріп сөйлеу керек.
nurziya
Баса көктеп кіруге дәт шыдамайды екен)
VKM
Қош келдіңіз.Өзіңізді таныстырып жіберсеңіз, норм болатын еді
nurziya
Есімім НҰРгүл, фамилиям АТАғұлова)
Daniar-Alan
 мен сені еркек деп ойлаппын. кешір бірақ шынында да ник еркектерский естіледі
aza
дааа, айтпа, Даник, мен жігіт деп ойлап, сіздің ауыл жақтың әдепті сөзінен біреуін атаппын ғой… Ят екен)
satibaldi
Ар ма ағайыным, алқалы жұрт!

Оу NurAta ! Тоқтат сөзіңді!
Ояйын ба көзіңді!
Несіне келіп отырсың
Ақынмын деп өзіңді?
nurziya
мен ақынмын деген жоқпын, жәй адам қатарында жүрген адаммын)
aza
Бір, адам қатарында жүрген адаммын, әйтеуір… дейсің ғо)))
satibaldi
алқалы жұрт!
VKM -ның сығанша билеуге моншақтары ірі колье сатып алғанын қайдан біліп тұр мынау?
VKM
Туй, менің колечка сырғаларды жақсы көретінімді қайдан біліп қойдыңыз?)))айта түсіңіз, тек жоғалмаңызшы сайттан)
satibaldi
Туй, менің колечка сырғаларды жақсы көретінімді қайдан біліп қойдыңыз?
«Колечка-сырғаларды» жақсы көрмейтін дүниеде тек екі-ақ қатынды білем. Басқаларда бұл — атавизм, туабітті дерт екені алты алқашқа аян факт.
VKM
Че то көңіл күйіңіз жоқ қой)))Менде көөөөп сондай сырға, сыйлайын ба сізге? Атавизм болса… мұрныңызға тағуға болады))))))))))))))))
satibaldi
Қайдан болад көңіл-күй, викингтерді арттан айдавалып тұрғанда, өзімізді еңкейтіп кетті(((
19852407
«Колечка-сырғаларды» жақсы көрмейтін дүниеде тек екі-ақ қатынды білем.
ЕКЕУІНІҢ АТЫН АЙТА ОТЫР, вкмНЫҢ ҚҰЛАҒЫНА АЛТЫН СЫРҒА БОЛСЫН
mercedes
Ctrl басылып тұр?
aza
Аптыр, мен жазсам мені де минустайтын түрің бар ғой))) Шешессс)))
alisha
Қой, ол емес минустап отырған…
aza
Минус үшін қысылмаймын өз басым) Просто, жазығы жоқ ВКМ үшін күйіп кеттім дә))))))
VKM
Аза, болаберсінші, коллекцияға керек)
Daniar-Alan
ВКМ-ның жәғдәйін нәгә ойлай қалдың Адай ұрпағы?
aza
кечіна, соның бәрін айтывотырам ба не)))
19852407
Күнібұрын пүлістеп жіберейін кім минустаса да
VKM
хехе, мен де көбінде оқып отырып, минустарды плюс қыла саламын. Позитив үшін
nurziya
минус, плүстерді онша түсінбей отырмын мен))
Daniar-Alan
міне, мысалыға қазір сенің пікіріңнің астында -1 деп тұр. көрдің ба? оны мен "-" деген шертпені басу арқылы қойдым. ізнәшіт сенде -1, яғни рейтингің -1-ға төмендеді деген сөз
ken
ия, Данияр дұрыс айтады.
Нұрата, енді қара, минус бірің жоғалып кетті. өйткені мен плюсті бастым.
енді түсіндің бе?
Daniar-Alan
кнут методымен тәрбиелеймін ба десем, құрттың бәрін
aza
Лібәәәдтар ай, жас баланы бұзып)))