Уот, ұры..

Законың зар илейтініндей бар негізі. Қаптап ашылып жатқан қазақ газетсымақтарын (барлығы емес әрине) сатып алмақ түгілі, шолып қарағым келмейтін болды қазір.
Бүгін «Алтын босаға» газеті туралы айтпақпын. «Ақ босаға»-мен шатыстырмаңыз.
Кезінде пікір ретінде жазып ем, оқырманмен бөлісейін деп отырмын.

Бірнеше рет осы басылымды оқыған сайын бір мақаланы бірнеше рет оқып тұрғандай әсерде болдым. «Мүмкін техникалық ақаулармен қайта басылып кеткен болар» деп ойладым бір жолы. Келесіде «қолыма газеттің ескі нөмірі түскен болар» деп қоя салдым. Алайда кейіннен, бір мақаланың басын оқып, соңғы жағын оқымай қоя салатын болдым. Себебін өзіңіз де біліп отырған шығарсыз.
Оқырманды соншалық алдаудың, өзге біреудің атынан мақала басып шығарудың қажеті қанша? Бәлен деген газеттен, сайттан алынды деген сілтеме жоқ әрине. Ал, Қыз–жігіт, Емдік процедуралар, Оқырманнан–оқырманға хат т.б. айдарындағы көптеген мақалалар интернеттен алынған, сұрақтардың да ойдан құрастырылғаны көрініп тұр. Алайда, өзгенің өміріндегі оқиғаны, ішкі сырын сәл ғана өзгертіп көшіріп басу, оны бәленше қаладағы түгенше дегеннің хаты деп басу ұят қой. Мәселен, мен неге бір мақаланы орыс тілінде бір, оның аудармасын тағы бір оқып, уақытым мен қаржымды зая кетіруге тиіспін?

Жұрттың бәрі шетелдік я болмаса ресейлік газетті оқымайтыны, сайттарын қарап тұрмайтыны анық, сондықтан газетте басылған барлық ертегісымақ мақаланы шын дүние көріп қабылдайды. Оқып отырсаң шошисың, біздің елде шетінен бәрі маскүнем, отбасы шырқын бұзғыш, әке–шешесін сыйламайтын, бұзық, жүргіш екен. Ішіндегі адам аттарын, оқиға өрбіген қаланы, мақала авторын ойдан құрастырып, өзге газеттің мақаласын басып шығару газеттің беделін айқындап-ақ тұр. Енді сөзімнің дәлелі ретінде екі –үш мақаланы келтіре кетейін:

«Моя семья» газеті, қараша айы, № 43 санында: «Избавьте меня от зятя!» мақаласы, авторы Наталья О. Мәскеу қаласы. — «Алтын босаға» газеті, қараша айы, № 23 санында: «Күйеу баламнан қайтіп құтыламын..» мақаласы, «авторы» Нағима апа, Қарағанды қаласы.
«Моя семья» газетінің № 33 санында «Пришлось приняться за старое» мақаласы — «Алтын босаға» газеті, қараша айы, № 23 санында «Балаларымнан бас тартқым келмейді», «авторы» Ырысалды, Орал қаласы.
«Моя семья» газеті, қыркүйек айы, № 38 санында: «Пули в меня не попадали»авторы Александр П. — «Алтын босаға» газеті, қараша айы, № 23 санында «Қиындық та өлшеулі екен», «авторы» Асылбек, Алматы қаласы.
Отандас «авторларымыз» да зар илеп, бар сырын жайып салыпты. Оқырманнан «осыған қандай жауап айтар екен» деп көмек те сұрайды. Шешенстан мен Ауғанстанның ауысқаны, оқиға орнының, адам аттарының өзгергені болмаса, тек қана аударма жасалған.

Ары қарай қазбалай берсек, ондаған мақаланы атап шығуға болады. Әншейін біле жүріңіз деп))))
Бөлісу:

77 пікір

alisha
Белсенділікті бағдарлай отырып, сіздің осы қауымдастыққа қосылғаныңызды көрдім. Аяқ астынан Саммитаға не боп қалды деп қоямын?! Түсінікті болды
Korkem
біздің сүйікті газет. Сабақ алееп жүрміз дейміз-ау, муахахах. Бәсе, бітпейтін не қылған бақытсыздық, не қылған ажырасулар, не қылған ене мен келін жауластығы деп ем.)))
alisha
Енді оригиналын, яғни «Моя семьяны» оқитын боласыз
bazuka
осы газетті ауылда зейнетақы алатындардың қолдарына ұстатып жібереді екен.(ақысына әрине) ауылға барғанда не газет деп оқып көргем, толған өтірік әңгіме, сосын соңғы бетінде аспазшы блогынан бірнеше тағам рецептілерін жазыпты, бірақ сілтеме көрсетілмеген, және адам аттарын жазып ана қала, мына қаладан деп көрсетіп қойыпты, нүкте үтіріне дейін көшіреді екен байқағаным.
satibaldi
Орысша-қазақша авторлардың есімін ауыстыру кестесі:
Наталья — Нағима
Александр — Асылбек
Орысша-қазақша жер-су атауларын ауыстыру кестесі:
Москва — Қарағанды
Бобруйск — Алматы
Мухосранск — Аццсотоно
Чумбароклова тож — Көкшетау
Гималаева пустошь — Шымкент…
patick
Мухосранск — Аццсотоно
satibaldi
мен неге бір мақаланы орыс тілінде бір, оның аудармасын тағы бір оқып, уақытым мен қаржымды зая кетіруге тиіспін?

Өйткені — you citizen of Кэзэхістан әрі live in Кэзэхістан, және №086У формасынан өту үшін шынымен бүкіл дәрігерді жағалаған адал адам бола қалмаш
sammita
ешқашан, сенесің бе ешқашан сатып алмаймын 86-ны. мүмкіндік болса да. Өзім үшін өтемін))))
үзіп-үзіп оқып отырсың ба
satibaldi
Ешқашан, сенесің бе ешқашан үзіп-үзіп оқымаймын. Өзім үшін толық оқимын
sigma
Тек бізде 86ны жүрмей өтед десем
Daniar-Alan
әрқайсысыңыз жан жақта отырсыздар. барлығыңыз оқыпсыздар. вывод? танымал ма? танымал. значіт өтімді. өтімді значіт біреулерге қызық. «Алтын босаға» әжептәуір тиражбен тарайтын газет. Шымкенттіктер (біз) солаймыз. анау жамандайд, мынау жамандайд. үндемеееййй отырып тірлігімізді бітіріп, ақша тауееееп отырамыз
sammita
мойныңа көп алмашы бауырем. шымкентті жалғыз тіреп тұрсаң да
Daniar-Alan
сіздің ұстанатын саясатыңыз қызық ше… неге барлығын өзіңізге қабылдайсыз?.. шынында да солай ғой. әжептәуір бай газет ол. Астанада да көп. пойызда либой станцияда сатып жүред адамдар
sammita
Шымкенттіктер (біз) солаймыз.
мынауыңды тықпайтын жерің жоқ та. Керек.кз-дағы ОҚО-ның жалғыз өкілі болсаң да қойшы.
Daniar-Alan
енді қызықсыз. шымкенттің газеті туралы ғой әңгіме. әңгіменің реті сол ғой…
sammita
әңгіменің реті ұры газеттер туралы, жалпы.
Daniar-Alan
бопт жеңілдім
sammita
сыйлықты қай жерден барып аламын
Daniar-Alan
үйге келіп алыңыз. әдрісті білемісіз?
sammita
білеміз, Шымкент қо
Daniar-Alan
уоооооооотттт таба латын шығарсыз
satibaldi
Сіз пост аффтарының ымын түсінбеген сияқтысыз. «Байы пяншік, өзі жүріс жасайтын, курортқа көгала секс үшін баратын қатындар өз елімізде де көп емес пе, соларды неге жазбайды» деп қынжылып отыр sammita
Gastarbaiter
Путь наименьшего сопротивления, яғни ауырдың үстімен жүрі принципі.
Кез келген бизнеске тән саясат. Өнердің адалы болады, ал бизнестің адалдығы тек мәжбүрлік шара. Адалдығын ешкім талап етпесе, оған шығындалып не керек?
Бірен саран жопоморщердің ен тасы езілді екен деп тоқтай қалар газет емес.
satibaldi
«Пришлось приняться за старое» — «Балаларымнан бас тартқым келмейді»
Лібә, онда, бүгінгі Коммерсанттағы «ВЭБ перезапускает „Тракторные заводы“ мақаласын — »Қанымды ішкен күйеу бала" деп аударсам бола ма?
sammita
атауына қарама, іші толықтай көшірілген.
alisha
 тақырыбын көркемдік кеңестегілер ұнатпаса керек, талаптарыншш…
satibaldi
Очм, бұл да дым да емес.

ҚР Республикасына еңбегі тастай батып, судай сіңген делінетін журик шалл бар. Белді журик болып есептеледі (белді болғанда — беделді деген мағынада, әйтпесе жетпіс алтыдағы кісіде ненің потенциясы анайы ептібайымайдтар!(тек Асанәліні алға тартып шыға келмеңдерш, өтініш!(ол ережеден тыс шығар, дегенмен))).
Очм, сол кісі түсте ұйқыдан тұрып(таң ата тұруға денсаулық жоқ), тасын қасып, асықпай Интернетті қарап шығады. Бала шағасы ресейлік басылымдарға ярлык істеп қойған броузеріне. Очм, соны ашады да, өңін айналдырып аудара бастайды. Күніне екі мақаладан туып тастайтын айуан. Бұл жерде осы посттың оқырманына қызық жері мынау: мысалы, «Директор Центра Политического Риска Андроник Мигранян» деген жерін… «Стратегиялық Зерттеулер Институтының маманы Нағашыбаев» деп, жолма-жол ұрып кете береді! Ұрып кете бергенде, былай деп қиналады енді:
— … деп жібере бер мына жерде, БӘРІБІР КІМ ОҚЫП ЖАТЫР ОСЫ МАҚАЛАНЫ...

P.S. Шалл өз ортасында заманауи, креатифф журик боп есептеледі, себебі Интернет қарайды ғой.
Armanjan
«Балаларымнан бас тартқым келмейді» деген мақаланы біздің облыстық бас газеттен де көргеніміз бар, енді салыстырып көру керек екен, «Алтын босағаның» электронды нұсқасы бармекен жалпы?
sammita
газеттің өтімділігіне нұқсан келтіруді ескерсе, сайты болмауы мүмкін))
alisha
Ареке, қой енді, баласынан бас тартқысы келмейтін жалғыз оралдық Ырысалды деймісің, бар шығар сіздің жақта да
Armanjan
Дұрыс айтасың Алиша, бірақ мақала соңында интернеттен алынған деген жазу болатын, сосын ғо қызығушылығым артып жатқаны
alisha
Қой, әзілдеп жатқаным ғой… салыстырып көр Әйтпесе саған бірдеңе деуге қорқамын негізі, Кездесуде «кигізіп» жіберген кепканы шешкем жоқ әлі
Armanjan
Құдай-ау, не дид, қаяқтағы кепканы айтып кеттің  тіс ұстап жүрмін де
alisha
Жоқ, жәй мандраж
Abilakim
Біреудің қатынына барып алып, баламнан бас тартқым келмейді деп жүрген сен емеспісің?
patick
Мә, Саммита күчт жазад постты.
sammita

дап-дайын арыз ба сотқа
satibaldi
Ал бір қазитте ЕҚЫҰ қойнақтарынан сұқбат ала отырып, Ливия Сыртқы Істер Министрлігінің мамаңңы деп… Сербия Президенті Борис Тадичтің суретін бергенін өз көтіммен көрдім (туалетке апарған болатынмын). Бұ жерде журье өз мақаласын ең болмаса интеллектуалдық өңдеуден өткізбейтіні көрініп тұр: лібә, араб пен еуропалықты ең болмаса визуалды айыруға болмай ма?
alisha
Шошқаның еркегі деп ойлап, тапқан суретіне сай свинецті қоймағанына шүкір…
Кімнің сөзі еді
satibaldi
Жырқыл-жырқыл күлуің жаман, «Ақ босағаның» Атырау бойынша дилері болып шығып жүрме. Адамға сенім жоқ қазір нақ.
alisha
Несі бар, ол да еңбек
satibaldi
Абай тек есектің артын айтты, қазіргілер алдын да жуып, тіпті жөкемен ысқылап кеткені қынжылтады.
Zhan
Осы газеттің бір-екі санын поезға жолға шығарда алып оқығам. Ішіндегі оқиғаларын оқып көрсең қызық, кәдімгідей еліктіріп әкетеді ші. Әлгі мақалаларды шынымен оқырмандар жаза ма екен әлде өздері ойдан құрастыра ма екен деп ойланатынмын. Сөйтсем, аударады де.
sammita
қазіргі заманда жұрт отырып алып газетке оқиғасын жазып жібереді деп ойламаймын өзім)))
Кім біледі бірақ)))
Armanjan
бұл кәзитті қолымызға ұстап көре алмай армандайтын болдық ғой.
AsanQaigy
Барлыгымыз сол газеттин офисіне барып, бас редактормен сөйлесейік.
Ereke
Мүмкін орыстар «Алтын босағадан» тақырыптарды алып, қазақшадан орысшаға аударған шығар
sammita
толық оқып шық алдымен, мерзімін неге көрсеттім.
VKM
Жақында жұмыстың демалу бөлмесінде бір газет оқыдым, аты есімде жоқ,1әңгіме болды «Опасный қыз» деген.Түскі асымды ішуді ұмытып, оқып шықтым. Бір қазақтың қызы туралы екен. Кішкене кезінде 6-7 жаста ол мамасымен сиыр саууға фермаға барады, сонда оны 1 түрік шал зорлайды. Кейін есейгенде кездестірлі, бірақ өшін алып үлгермейді, шал өліп қалады. Сосын дос қызы екеуі кек алу үшін молаға барып,әлгі шалдың зиратын қаза бастайды. Сондағы ойлары,өліктің басын кесіп алып, басқа жаққа лақтыру ма солай… аяғында мен ойладым: түк шындыққа жұғыспайды, кішкене қызды зорласа, мамасы неге білмейді?Қазақтың қыздары америкалық детективтердегі сияқты өшалғыш болып кеткен бе деп)))
Сөйтсем...вполне возможно, что перевод екен ғой)))
kokbori
«Опасный қыз»
аты осылай болса аударма екені белгілі ғой
satibaldi
жұмыстың демалу бөлмесінде бір газет оқыдым
Демалу әдісі жөнінде толығырақ… Толығырақ…
VKM
Кезекпен барып,үйден пісіріп әкелген тамағымызды 2-3 қыз жылытып, стол жасап, жеваламыз. Сосын бір 15-20 минут не өсек айтамыз, не жатқан журналдар мен газеттерді қараймыз)) біреудің туған күні болса сценарий біраз өзгереді.
Adiletshu
Мен осыны баяғыда оқып тастағам. Ол жерде қыз 3 жасар болатын
VKM
3 жасар… ес білетін кезі, меніңше
Adiletshu
Мен мұны өмірде шынымен болған екен деп өз-өзіме біраз келе алмай жүрдім
VKM
Мен де(Сосын біздің менталитетпен мұндай нәрсе болуы мүмкін емес деп ойладым.Енді аудармалар болатынын оқып, тіпті жақсы болып отырмын)
Adiletshu
Мен ол газетті оқығанда кішкентай едім. 12-13 жас шамасында. Сіздікі не жорық?
konvict
Охх, зорлау туралы оқиғалар маған қатты ұнайды
Gastarbaiter
Алты жасар қызды?! Білә, маған қарап Гаста демеш енді
konvict
И жоқ, педофил емеспін.
Serzha
оқиғаларды killmepls.ru алса, күшт болады