MSN: “Мюллер «Хрусталь түнін» қайталағысы келеді”

Батыс әлемі реті келсе мұсылмандарды тұқыртып алуды жөн санайтынын талай мәрте дәлелдеген. Бұл жолы исламға қарсы пікірді швейцариялық азамат білдіріпті.

Оңшыл саясаткер Александр Мюллер туиттердегі парақшасына:

«Бізге «Хрусталь түні» қайта керек тәрізді. Бұл жолы мешіттерге қарсы»,деп жазыпты.

Фашистік неміс үкіметі тұсында, 1938 жылы қарашаның тоғызынан онына қараған түні еврейлерді жаппай қыру орын алған болатын. Нәтижесінде, 100-ге жуық еврей қаза тауып, мыңнан астам синагога өртеніп кетті. Отыз мыңнан астам еврей азап лагеріне айдалды. Кейіннен бұл оқиғаны «Хрусталь түні» деп атап кетті. Tages Anzeiger газетінің мәлімдеуінше, Мюллер мырза мұсылмандарға деген өшпенділігін жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқан жұбайын сабауға шариғат рұқсат беруіне қарсылығымен түсіндіреді.

Мюллер мырзаның келтірген сылтауы негізсіз екенін келесі күні-ақ Швейцария мұсылмандар одағының басшысы Әбдел Илли мәлімдеген болатын. Әрі-беріден соң «ерлі-зайыптылардың арасына есі кеткен түседі» емес пе, біреудің отбасында не шаруасы бар?

Сондай-ақ, Мюллер туиттердегі парақшасында былай депті:

«Мемлекетімізді бұдан аулақ ұстауымыз керек. Мен ондай адамдармен бірге тұрғым келмейді».

«Мен жаңағы адамдарды қабырғаға қойып атып тастағым келеді. Сонда, жердегі ластық азаяр еді».

Бүкіл әлем діндер тұтастығын насихаттап жатқанда Мюллердің бұлай деуіне жол болсын?!

Иудей қауымдастығының төрағасы доктор Герберт Уинтер де MSN-ге өз пікірін білдіріпті: «Мюллердің мәлімдемесі толықтай қабылданбайды. Мұсылмандарды дәл осылай қаралау – 1938 жылы еврейлердің жазықсыз жапа шеккені тәрізді қайғылы жағдай».

Иудейлер басшысы әлгіндей деп жатқанда, Александр Мюллердің айтқанын ақымақтық деуге толық негіз бар. Дегенмен, соңғы уақытта исламға күйе жағушылардың, теріс пиғылдылардың көбеюі адамзатты алаңдатуы тиіс.
Түпнұсқа мына және мына жерде
Бөлісу:

8 пікір

mercedes
Десе дей берсін. Әлгі не дейтін ед… Ит үреді керуен көше береді дей ме нақ. Бұлардың іштерінің күюі Еуропада мұсылмандардың көбеюі шығар.
kokbori
«Мен жаңағы адамдарды қабырғаға қойып атып тастағым келеді. Сонда, жердегі ластық азаяр еді».
Мұны бір жерден естіген секілдімін, қайдан екен осылай деу:
Александр Мюллердің айтқанын ақымақтық деуге толық негіз бар.
ақымақтық па шыныменде
Adiletshu
Бұ жәкетәй кішкентай кезінде мұсылмандардан көп таяқ жеген шығар сірә